Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Үздіктерді таңдады

Павлодарда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесінің қорытындысы шығарылды

      Павлодардың туған күнінде кәсіпкерлер халыққа өздерінің өнімдерін насихаттады. Қала күнінде өңірлік іріктеу өткізу жақсы дәстүрге айналған, бұл игі іс осы аймақтағы  бизнесмендердің қызметіне көпшіліктің баға беруіне жол ашты.

пал Қаланың әр тұрғыны осы өңірдің кәсіпкерлері шығаратын өніммен таныса алады. Павлодарда Қала күні өңірлік іріктеу жүргізу салты қалыптасқаны қуанышты, ол қоғамның өңірдегі бизнесмендеріне қызметті бағалауға қатысуға мүмкіндік береді.

    Көрме Естай атындағы қалалық Мәдениет үйі алдындағы алаңда жайғасқан.  Бұл жерде әртүрлі тауарлар қойылған: азық-түліктен бастап техникаға дейін – қымыз, шұжықтар, су, сүт өнімі, жартылай өнімдер, жиһаз, тігін бұйымдары, қолөнер әшекейлері, сондай-ақ крандар, автогидрокөтергіштер, газоанализаторлар, т.б.

    «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» аталымдарында қызу бәсеке болды. 

Мысалы, «SMAK-PV» ЖШС «Қазақша ет асу-жылқы етінен дәм тату» деп аталатын өнімін жаңаша таныстырды, сараптау тобы бұл өнімді ноу-хау деп атап өтті. 

Тағы бір конкурс қатысушысы  «Исенова» ЖК алғаш рет бақ сынады. Олар арнайы медициналық киім тігеді.

Битнер А.В «Шеберлер қаласы» ЖК жиһаз жасаумен айналысып, Астана қаласы нарығын игеру үстінде.

     «Рубиком» ЖШС – шұжық және ет тағамдарын өндіретін жетекші кәсіпорын. Компания өндіретін өнім әлемдік стандарттарға сай келетін сапа эталоны. Мұнда холдинг құрылған, ол өзінде өндірістік тізбектің барлық буынын қамтиды: шикізат базасынан бастап ет өнімін осы заманға сай өңдеп, өткізуге дейін. 

     Конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» аталымында Павлодар «ERG Service» ЖШС машина-құрылыс зауыты-филиалы I орын, "Автокран сервис" ЖШС ІІ орын, «Правиком»  ЖШС ІІІ орын жеңімпазы атанды.

«Азық-түлік бағытындағы үздік тауарлар» аталымында «SMAK-PV» ЖШС І орын, «Рубиком кәсіпорны» ЖШС ІІ орын, «Ақжар Өндіріс»  агрофирмасы ІІІ орын алды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында  Битнер А.В. «Шеберлер қаласы» ЖК ІІІ орын, Исенова ЖК II орын алды, «Таза су» компаниясы» ЖШС бірінші болып танылды.

         Павлодар өндірушілерінің өнімімен танысуға Ресейден Новосібір мэрі Евгений Локоть, оның орынбасары Геннадий Захаров, сонымен қатар Омск мэрінің орынбасары, қала әкімшілігінің мүліктік қатынастар департаменті директоры Евгений Асташов келді. Қонақтарға Павлодарлық қымыз, жылқы етінен жасалған ет консервілері, өндірістік кәсіпорындарға арналған газоанализаторлар, оның ішінде қандай жағдай болса да жұмысын тоқтатпайтын электр стансалары, сондай-ақ қолданыс аясы (малшыларға, құрылысшыларға, шалғайдағы ел аз қоныстанған мекенде тұратын еңбеккерлерге арналған) кең, ыңғайлы шағын вагондар ұнады. 

            Облыстық Кәсіпкерлер палатасы басқарудың жыл өткен сайын озық тәсілдерін қолданудың арқасында өңірде өндірілетін өнімнің сапасы  жақсарғанын атап өтті.

          Конкурс соңында жеңімпаздар анықталып, лауреаттарға дипломдар, бағалы сыйлықтар, тұрмыстық техника сертификаттары тапсырылды. Барлық қатысушылар тарту-таралғылармен марапатталды. Марапаттау рәсімін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дычко Николай Васильевич және Өңірлік кеңестің төрағасы Сатабаева Райхангуль Каирбаевна өткізді.

Жүлделі орындар алған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі қатысушылары Астана қаласындағы «Қазақстанның  үздік  тауары – 2016» республикалық конкурс-көрмесінде Павлодар облысы атынан қатысатын болады.

 

 

 

 

 

 

2016 ж.20.07


2016-07-20 16:42:14

Сондай-ақ оқыңыз