Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары» атты төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету туралы хабарлайды.

1-қосымша

 

 

         Қызметтер www.services.atameken.kz мекенжайы бойынша онлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;
  • Заңгерлік қызметтер көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер;
  • Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер;
  • Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу мәселелеріне байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы кеңес беру.

Қызметтер КҚКО-да офлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Кәсіпкелердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу;
  • Заңгерлік қызметтер көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер.

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде көрсетіледі.

Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 66 03 11 (ішкі 5520) телефоны арқылы немесе Павлодар қаласы, Луговая көшесі,16., мекенжайы бойынша орналасқан КҚКО-да алуға болады.

Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166.


2019-10-14 10:57:14

Сондай-ақ оқыңыз