Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Конкурсты өткізу туралы хабарлама

 

Конкурс ұйымдастырушысы: «Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ

Орналасқан жері: Павлодар қаласы.

Пошталық мекенжайы: Астана көшесі, 61.

Электрондық поштаның мекенжайы: kense.dpp@pavlodar.gov.kz.

Байланыс телефоны: 8 (7182) 78-78-18, 78-78-19.

Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесті құруға арналған) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға беру.

Конкурстың формасы: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді берудің орны: Павлодар қаласы,  Астана көшесі, 61, каб. 101 А.

Конкурстық құжаттаманы ұсынудың тәртібі: конкусқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша құжаттарды бектілген нысан бойынша немесе конкурстық құжаттаманың толық пакетін жеке, пошта арқылы немесе өзіннің уәкілді өкілі арқылы ұсынады.

Құжаттаманы ұсынудың мерзімі: 2019 жылғы «8» тамыздан 2019 жылғы «14» тамызға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді бастаудың күні және уақыты: 2019 ж. «8» тамыздан 10.00 сағаттан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді аяқтаудың күні және уақыты: 2019 ж. «14» тамызға 17.30 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).

Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және конкурстық құжаттама туралы www.dkb2020.kz, www.upt.pavlodar.gov.kz, www.damu.kz сайтынан білуге болады.

 

Құжаттар тізімі

 

1) осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылатын болады.;

 

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

 

3) өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама;

 

4) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса););

 

5) бизнес-жоба;

 

6) кәсіпкердің бағдарламаның және (немесе) өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын;

 

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

 

8) кәсіпкер атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкіл паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға растаған).


2019-08-12 09:17:50

Сондай-ақ оқыңыз