Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары» атты төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету туралы хабарлайды.

1-қосымша 

 

         Қызметтер www.services.atameken.kz мекенжайы бойынша онлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

- Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

- Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;

- Заңгерлік қызметтер көрсету;

- Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер;

- Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер;

- Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу мәселелеріне байланысты көрсетілетін қызметтер;

- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы кеңес беру.

Қызметтер КҚКО-да офлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

 -Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

 -Кәсіпкелердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу;

 -Заңгерлік қызметтер көрсету;

 -Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер.

         Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде көрсетіледі.

Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 66 03 11 (ішкі 5520) телефоны арқылы немесе Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат мекенжайы бойынша орналасқан КҚКО-да алуға болады.

Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166.


2019-08-08 11:01:49

Сондай-ақ оқыңыз