Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары» атты төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету туралы хабарлайды.

1-қосымша

 

                  Қызметтер www.services.atameken.kz мекенжайы бойынша онлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;
  • Заңгерлік қызметтер көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер;
  • Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер;
  • Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу мәселелеріне байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы кеңес беру.

Қызметтер КҚКО-да офлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
  • Кәсіпкелердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу;
  • Заңгерлік қызметтер көрсету;
  • Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер.

         Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде көрсетіледі.

         Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 66 03 11 (ішкі 5520) телефоны арқылы немесе Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат мекенжайы бойынша орналасқан КҚКО-да алуға болады.

Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166.

2-қосымша

 

Павлодар облысының КәсіпкерлерПалатасы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты облыстың әрбір қаласында және аудан орталықтарында кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының (КҚО) қызмет ететіні туралы хабарлайды.

КҚО-ның кеңесшілері мынадай кешенді қызметтер ұсынады:

-                     шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

-                     шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету;

-                     шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;

-                     шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

-                     кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;

      - қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

Аудан орталықтарындағы қалалардағы КҚО мекенжайлары және байланыс телефондары:

Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166;

 

 


2019-07-04 19:08:04

Сондай-ақ оқыңыз