Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысының КәсіпкерлерПалатасы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты облыстың әрбір қаласында және аудан орталықтарында кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының (КҚО) қызмет ететіні туралы хабарлайды.

КҚО-ның кеңесшілері мынадай кешенді қызметтер ұсынады:

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

-кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;

- қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

Аудан орталықтарындағы қалалардағы КҚО мекенжайлары және байланыс телефондары:

Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166;

 


2019-04-23 08:53:14

Сондай-ақ оқыңыз