Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

«Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

           «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);
      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады); 
      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады). 
             «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық Павлодар облысы КҚКО, КҚО береді.

           Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;

`          Өтініштер Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады: Павлодар қаласы, Ломов к-сі, 21, 2 қабат, байланыс телефоны 87182660311 (іш.5517, 5554).

 

 

 


2018-09-11 10:13:41

Сондай-ақ оқыңыз