Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодарда «Бизнес Кеңесші» оқыту курстары басталды

 

 

         Кәсіпкерлер палатасының алаңшасында ісін жаңа бастап келе жатқан және де өз ісін бастағысы келетін кәсіпкерлер бизнесті жүргізу саласында жеткіліксіз білімдерін алады

         Осында ағымдағы жылы алғаш рет «Бизнес Кеңесші» курсы басталды. Олар «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында іске асырылады.

         Өңірлік палатаның бизнес-жаттықтырушысы Қуаныш Досмағұловтың айтуынша жыл сайын бизнесті жүргізу бойынша білім алуға үміткерлердің саны өсіп келеді. Мысалы, өткен жылдың өзінде 1000-нан астам Павлодарлықтар «Бизнес-мектепте» оқытылды.

         «Сабақтарда біз коммуникация, нетворкинг дағдыларын меңгереміз. Кәсіпкер ретінде ойлауға үйретеміз. Бизнесте жеке бренд қалыптастыра білу маңызды. Тыңдаушылар жиырмадан астам тегін әрі ең бастысы шағын бюджетті маркетингтік шешімдер алады» - дейді Қуаныш Досмағұлов.

         Оқыту үрдісінде тыңдаушылар бизнес-жоспарды қалай сауатты қою керектігін, бизнесті қолдаудың қандай мемлекеттік бағдарламалары бар екендігін, мүмкін болатын қауіптерді қалай есептеу керектігін таңып біледі.

Сонымен қатар, әр тыңдаушыға бизнесті жүргізу негіздері бойынша материалдар, стандартты құжаттар пакеттері, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алуға құжаттар үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновация енгізу саласында халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалары ұсынылады.

         «Қазірде кәсіпкерлікке қызығушылықты арттыру беталысы байқалады. Бұл ретте, өз ісін ашуды жастармен қатар, ересек адамдар да армандайды. Көбінесе тыңдаушылар қалыптасқан бизнес-идеяларды өтеді. Бірақ, тіпті ол болмаса, оқыту аясында біз нарықтағы бос тауашаларды, маркетингті зерттейміз, бизнес-жоспар жасауға көмектесеміз, адами ресурстарды басқару жөнінде айтамыз. Қысқаша айтқанда, кәсіпкерліктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есептеуге көмектесеміз. Бұл бірінші кезекте, тыңдаушыға өз күшіне сенімділік береді. Өйткені, белгілі болғандай, әрқашан алғашқы қадам басуға қиын» - деп белгіледі Қуаныш Досмағұлов.

         «Бизнес-Кеңесші» қысқа мерзімді курстарынан өткеннен кейін тыңдаушылар «Бизнес-Өсім» оқуын және тәлімгерлік қағидаларын қолданумен жобалық оқыта алатындығын атап өткен жөн.

         «Кез келген істі сол салада білімдермен дағдыланып бастау қажет. Және де кәсіпкерлік одан ерекшеленбейді. Оқытуға 660311 ішкі 5517 телефоны бойынша Кәсіпкерлер палатасына немесе қалалар мен аудандардағы Палатаның филиалдарына жүгіне отырып жазыла аласыздар» - дейді Қуаныш Досмағұлов.

         Бір жыл ішінде курстар тек қана облыстық орталықта өтіп қана қоймай, сонымен қатар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізілетін болады. Оқыту тегін, оның нәтижелері бойынша тыңдаушыға сертификат беріледі.


2018-02-15 14:34:54

Сондай-ақ оқыңыз