Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

1000 астам Павлодарлықтар «Бизнес-мектепте» оқытылды

IMG_4140

        Кәсіпкерлер палатасында бизнесті жүргізу бойынша білім алғысы келетіндердің саны артып келеді 

         Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісованың айтуынша «Бизнес мектеп» компоненті «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында іске асырылады. Оқыту экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілеріне ұсынылады.

         Істерін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер және бастапқы кезеңде өз бизнестерін бастағысы келетіндер «Бизнес- Кеңесші» кәсіпкерлік қызметі негіздері бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтеді.

         «Осында тыңдаушылар кәсіпкерлік істің қыр-сырларын таңып, бизнеске қажетті базалық білім алады. Бизнес-жоспарлар жасауға, маркетингке, адами ресурстарды басқаруға, бизнесті жүргізудің заңды негіздерін оқиды, салықтық әкімшілік мәселелерін зерттейді. Ары қарай қатысушылар «Бизнес-Кеңесші» сертификатын алған жағдайда, «Бизнес-Өсім» жобасы бойынша оқытылып өз білімдерін толтыра алады және қолданыстағы кәсіпкерлерге арналған және өзінше біліктілікті арттыру курстары болып табылатын тәлімгерлік қағидаларын қолданумен жобалық оқудан өте алады» - деп атап өтті Әнел Жампейісова.

         Оқыту үрдісінде әр ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерге бизнесті жүргізу негіздері бойынша материалдар, стандартты құжаттар пакеті, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алуға құжаттар үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновация енгізу саласында халықаралық тәжірибе, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалары ұсынылатындығын атап өткен жөн.

         Кәсіпкерлер палатасында оқытылғандардың бірі «Бизнес-Кеңесші» курсының тыңдаушысы Ерлан Әубәкіров тігін цехын ашуға өз таңдауын қалдырды.

         Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлова  «Шығармашылық адам – барлық қырынан шығарушы» деп атап өтті және осы нақышты сөз толығымен Ерлан Әубәкіровты сипаттайды. Палатада оқытылғаннан кейін ол өз ісіне сеніммен кірісіп кетті, бұдан басқа ол өзін бизнестің басқа салаларында іздестіруде.

         Кәсіпкердің өзі оқыту үрдісінде көптеген қызыққа көңіл аударды және ең бастысы осында стандартты емес ойлауға үйретеді.

         «Ештене өз бетімен келмейді, үнемі еңбектеніп, өз трендінді тауып, әрдайым дамып отыру керектігін түсіну қажет. Ешқашан да оқудан жалықпай, жаңаны біліп отыру керек» - деп айтты кәсіпкер.

ӨКП бизнес-тренері Қуаныш Досмағұлов кәсіпкерлік қоғамдастық жыл сайын жасарып келетіндігін айтып өтті.

«Көптеген жас адамдардың төмендегілерді білгілері келеді: кәсіпкерлік субъектісі ретінде қалай тіркеуден өтуге болады, қалай сауатты бизнес-жоспар жасауға болады, бизнесті қолдаудың қандай мемлекеттік бағдарламалары бар, сонымен қатар кәсіпкерліктегі мүмкін болатын қауіптер. Әсіресе оқытылатын курстардан кейін нақты нәтиже көрініп тұрғаны қуантады» - дейді Қуаныш Досмағұлов.

Қатысушылардың өздері көптеген пайдаланы таңыды, ой-өрісті кеңейтті және әрине, жаңа білімдермен шабыттанғандықтарын атап өтті.

         «Ақпан айында «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша оқыту өткізілді. Нәтижесіне өте ризамын, өйткені тек көптеген пайдалы ақпарат алып қана қоймай, жаңа достармен таныстым. Олар да мен сияқты жаңа идеяларымен «жанып», білімге құштар әрі ары қарай өсуге дайын. Міндетті түрде Өңірлік палатадағы оқуымды жалғастырамын», - деп бөлісті «Creativo» авторлық жиһаз студиясының басшысы Самал Жанбекова.

         Жас ана Махаббат Омарова «Бизнес – Кеңесші» оқуынан кейін өзінің ұлттық ас үй дәмханасын ашты.

         Махаббатта ас үйге деген махаббат бала кезінен пайда болды, тіпті кішкентай қыз бола тұра ол қызықты рецептілерді жинақтап, олар бойынша ас әзірлеуге үйренді және әр тағамына өзінің ерекшелігін енгізуге тырысты.

         Ана атанып, ол өзінің ас үйлік құштарлығын тастап кеткен жоқ, тіптен уақыт тапшылығына қарамастан шеберлігін шындай түсті, тапсырысқа дәмді торт әзірлеу арқылы өзінің шағын бизнесін жүргізді.

         «Мен халыққа пайдамды тигізетін өзімнің сүйікті ісіммен айналысқаныма өте қуаныштымын, - деп бөлісті Махаббат. – Және де Кәсіпкерлер палатасына көрсеткен қолдауына дән ризамын, өйткені бастапқы кезеңде бұл ең маңызды, кәсіпкерге қажетті»

         «Өткен жылды қорытындылай келе, бизнесті жүргізу бойынша білім алғысы келетіндердің саны өсіп келе жатқандығын атап өту қажет. Барлығы 2017 жыл ішінде «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 902 тыңдаушылар оқудан өтті, «Бизнес-Өсім» бойынша -130 адам, және «Тәлімгерлік қағидаларын қолданумен жобалық оқыту» бойынша - 70 адам. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқығаннан кейін 60 тыңдаушылардан астам өз істерін ашты. 255 млн. теңге сомасына 62 кәсіпкер бизнестерін дамыту үшін несиелер мен гранттар алды» - деп түйіндеді Әнел Жампейісова.


2018-01-09 14:44:59

Сондай-ақ оқыңыз