Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Түбіртекті талап ет те –жүлдені ұтып ал!» науқаның жеңімпаздары анықталды

«Түбіртекті талап ет те –жүлдені ұтып ал!» науқаның жеңімпаздары анықталды

carЖеңімпаздарды анықтауға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Ардақ Теңгебаев қатысты. Ұтыс жеңімпаздарын чекті кездейсоқ таңдау электрондық әдісімен анықтауға ат салысты.

«Түбіртекті талап ет те –жүлдені ұтып ал!» науқаны бойынша Мемлекеттік кірістер комитетін  3 жыл көлемінде қолдап келеміз. Ұлттық палата бас демеуші болып, «Азия Авто» отандық тауар өндірушіден алынған автокөлікті бас жүлде ретінде ұсынамыз. Жыл сайын науқанға бұқара тарапынан қызығушылық артуда. Ұлттық палата адал салық төлеуші кәсіпорындарды әрдайым қолдайды», – деді Рустам Жүрсінов.

 

Науқанды Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен»  ҰКП-ның қолдауымен азаматтық белсенділікті арттыру және көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында  өткізілді.

Биыл 1 мамыр мен 30 қараша аралығындағы мерзімде өткізілген науқан жеті ай ішінде республика бойынша 336 астам жүлде ұтысқа салынды. Өткен жылы 1,5 миллион чек жиналса, биыл 2,4 миллионға жуық чекті қабылдандығы бұқара тарапынан қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.

Бас жүлде ретінде автокөлік ұтысқа салынып, Павлодар қаласының тұрғыны Әсет Әмірқұлов жеңімпаз атанды. Ынталандыру сыйлықтарына планшет пен теледидар жеңімпаздарға ұсынылды.

Жеңімпаз электрондық әдіспен анықталған соң, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев жеңімпазға ұялы телефон арқылы хабарласып, жақсы хабармен бөлісті. Әсет Әмірқұлов жеңімпаз атанғанын естіген уақытта не айтарын білмей қалғандығы байқалып та қалды. Осылайша, 37 жасар бағдарлама жасайтын салық төлеуші автокөлікті ұтып алды.

 

«Жеті ай көлемінде өткен науқанның мәресіне де жеттік. Автокөлікті Павлодар қаласының тұрғыны ұтып алды. Әсет есімді азамат бағдарламашы болып қызмет атқарады екен. Науқанның маңызы үлкен және керек екендігі аталып өтті. Салық төлеушілердің білімін арттыру, бақылау мен қадағалауды жақсарту үшін қажет науқан деп есептейміз. Келер жылы да науқанды жалғастыратын боламыз», – деді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Ардақ Теңгебаев.

Акция тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде кәсіпкерлердің түбіртектерді беруіне қатысты бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған болатын.

Еске салсақ, науқан «Wipon»  мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Бұл қосымшаны «Apple App store» және «Google Play market»-тен тегін жүктеуге болады.


2017-12-20 15:50:09

Сондай-ақ оқыңыз