Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Бастау Бизнес» жобасына бизнес-жаттықтырушылар керек

 Ьас

   Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға арналған «Бастау Бизнес» жобасының ауқымын кеңейтетіндіктен келесі жылға бизнес-жаттықтырушылар легін қабылдауды бастағаные хабарлайды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған оқыту жобасы 2017 жылы еліміздің 80 ауданын қамтыды, ал 2018-2021 жылдары 160 ауданда бір айлық оқу курсын жүргізеді. «Бастау бизнес» жобасының мақсаты: елеміздің аудандарындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейін  кәсіпкерлік негіздеріне оқыта отырып, бизнес-бастамаларына қолдау көрсетіп, сүйемелдеу арқылы арттыру.

   Бизнес жаттықтырушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары: - 26 жастан асқан; - бизнес-жобаларды бастауда, сүйемелдеуде тәжірибесі бар, ауылдық жерлерде жұмыс істеген болса құба-құп; - бизнес-жоспарлау, қарылық үлгілеу негіздерін, маркетинг, нарықты зерттеу, бизнеспен айналысудағы мемлекеттік реттеу негіздерін білуі; - кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, 15-тен 70 адамға дейінгі топпен де, жекелей де жұмыс істей білуі;  - ШОБ мемлекеттік қолдау, оның ішінде жеке ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау шаралары жайлы білуі; - ауылдағы нарықтың ерекшелігі мен бизнестің негізгі түрлерін түсіну; - жоғары коммуникативтік құзыреттілік, оның ішінде тәлімгерлік немесе жаттықтыру қабілеті, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білу; - өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекет органдар және жоба серіктестерімен топтасып жұмыс істей білу.   Біз сізден күтеміз: - кәсіби ыңғай, жобаға толықтай берілу; - белсенді ұстаным мен ауылда ШОБ дамытуға қызығушылық; - өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге дайын болу, сондай-ақ жұмыс барысында өз әлеуетін әрдайым арттыру; - лектер арасындағы қысқа демалыстарды ескергенде, үнемі оқу өткізілетін орында болу (аудан орталығы, ауыл). Жобадан алатыныңыз: - ұлттық деңгейдегі қызықты да ауқымда жобада жұмыс істеу тәжірибесі; - қызмет көрсету келісімшарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2021 жылды қосқандағы мерзімге дейін ойластырылған және кәсіби даму; Бизнес-жаттықтырушылардың ашық іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады: 1-кезең – түйіндеме, ынталандыру эссе жолдау; 2-кезең – бизнес-жоспарлау, қаржылық үлгі құрау бойынша біліктілікті анықтау үшін тәжірибелік тапсырманы орындау; 3-кезең – жаттықтырушыларға арналған 5 күндік тренингке шақыру/ кәсіби біліктілікті тестілеу арқылы дәлелдеу (алдыңғы кезеңдегі тестті тапсырғанда); 4-кезең – мамандар резервіне ілігу; 5-кезең – жобаға шақыру. Егер қызығушылық танытсаңыз, түйіндемеңізді cvbastau@gmail.com почтасына жолдаңыз.»

Нақты  анықтама: http://atameken.kz

 

 

 

 

2017 ж 24.10


2017-10-26 16:10:32

Сондай-ақ оқыңыз