Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Табыс кілті өз қолыңда

 

   Өз ісіңді қалай ашуға болады және алғашқы капиталды қалай табуға болады? Бизнестің өсуіне кім көмектеседі және олардың мүдделерін кім қорғайды?

     ҰКП мамандарынан басқа, сірә, ешкім жақсырақ айта алмас.  4 қыркүйектен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  «QAZAQ радиосы» журналисттерімен бірге кәсіпкерлік туралы жаңа бағдарлама – «Табыс кілтін» іске қосты. 

   Осында тыңдармандар өздерінің өзекті мәселелеріне жауаптар алады, кәсіпкерлік істің қыр-сырын түсінеді.

   «Табыс кiлтi» бағдарламасын күн сайын тыңдайтындардың арасында  павлодарлық кәсіпкер Махаббат Омарова бар. Өз ісін жаңа қолға алып келе жатқан бизнес әйел жақында ғана өзінің ұлттық асүйлі дәмханасын ашқандығын айтып берді.

   «Өз қызметінен алшақтамай бизнесті жүргізу бойынша пайдалы кеңестерді тыңдауға болатындай бағдарламаның бар екендігі өте керемет. Өйткені кәсіпкер үшін көбінесе уақыттың тапшылығы белгілі. Осында, ісін жаңа қолға алған және күші бар кәсіпкердің өзінің барлық сұрақтарын қоюға және де оған біліктілікті жауап алуға мүмкіндігі бар» - деп атап өтті Махаббат Омарова.

    «Мен тұрғындарға пайда әкелетін сүйікті іспен айналысқаныма өте қуаныштымын. Сондықтан, өз идеясы бар әркімге оны іске асыруға кеңес беремін. Табыс кілті өз қолыңда» - дейді Махаббат.

   Осындай пікірді тағы бір кәсіпкер Валерия Наркизова құптайды. Ол сәбилерге арналған киімдерді тігу бойыша өз бизнесін дамытады. 

   «Мен – жас ана әрі өз ісімді жаңа қолға алып келе жатқан кәсіпкермін. Әрине, барлық өз істерін бастап келе жатқан кәсіпкерлер сияқты менде де көптеген сұрақтар туындайды. Бағдарламаның кең ауқымды тыңдармандарға есептелгені өте жақсы. Тақырыптар әр түрлі. Ол тіпті барлық тыңдармандарға іскери өмірдің егжей-тегжейлігіне енуге мүмкіндік береді. Әр адам өзі үшін талай қызықтарға көңіл аудара алады» - деп Валерия Наркизова бөлісті.

   «Табыс кiлтi» бағдарламасында ҚР «Атамекен» ҰКП сарапшылары түсінікті тілмен кәсіпкерлік қызметтің түрлі аспектілерін ашатындығын атап өткен жөн. Тыңдармандар «Атамекен» байланыс қызметінің  1432 нөмірі бойынша өз сұрақтарын қоя алады.

    Бағдарлама күн сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде сағат 10:10 және 14:10 шығып тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 25.09


2017-09-25 12:13:57

Сондай-ақ оқыңыз