Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Кәсіби бағдар – бұл келешекке салынған инвестиция

 

         Адами капиталды дамыту бұл жалпы экономиканың толығымен  дамуының іргетасы.

         Бұл ең алдымен еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандарды кәсіби дайындауда жоғары талап қою үрдісі анық байқалғанымен байланысты.

Басты назар оқушылардың кәсіби бағдарына аударылып отыр, бұл – кәсіпкерлер палатасының атқарып отырған жұмысындағы басым бағытының бірі.

         «Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының басым көпшілігі мамандық таңдауда қиналады, себебі еңбек нарығына қажетті мамандық туралы ақпаратты нақты білмейді. Өкінішке қарай, жастардың көбінде жоғары білімі бар, бірақ мүлдем басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл мамандық таңдаудағы қателіктің көрінісі деп ойлаймын. Сондықтан біздің міндетіміз осы бағытта барынша жәрдемдесу», – деп атап өтті ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ілиясова.

         Маманның айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы еңбек нарығындағы сұранысына экономика саласы бойынша мониторинг жүргізеді. Талдау нәтижесінде кәсіпорындарға мыңнан аса маман жетіспейтіндігі анықталған. Металлургия, энергетика, тау-кен, мұнай өңдеу салаларында маман тапшылығы жоғары, сонымен қатар техникалық сала мен ауыл-шаруашылығының мамандары да аз.

         Оқушылардың кәсіби бағдары бойынша жұмыстар жоғары білікті мамандар дайындау үрдісінде аса маңызды. Осы мақсатпен Кәсіпкерлер палатасымен ағымдағы жылғы өткен кезеңде облыстың 122 жалпы білім беру мектептерінде өңірдің үздік кәсіпорындары туралы ақпараттық стенді орнатылған.   Кәсіби бағдар жұмысы бойынша 43 іс-шара ұйымдастырып, мыңнан аса оқушы мен 30 кәсіпорын қатысты.

Бақытжан Ильясованың айтуынша 2015 жылдан бері Павлодар қаласында жұмыс істеп келе жатқан профильді дайындық кластерінің оқушылармен байланысы тиімді нәтижеге жеткізген. Мұнда 18 балабақша, №28 орта білім беретін мектеп, Технологиялық колледж, Сервис және тамақтану колледжі, Инновациялық Еуразиялық университет, Мұнай-газ колледжі, «Нефтехим ЛТД» ЖШС, «Крендель» ЖШС және Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы кіреді.

         Қол қойылған меморандум негізінде білім беру мазмұнын жаңарту, яғни оқу бағдарламаларын әлеуметтік серіктестік қызметінің бағытына сәйкес тереңдету, мектепті жаңғырту, жүйелі, бірлескен кәсіптік бейімделу жұмыстарын жүргізу үшін демеушілік көмек көрсету көзделген.

         № 28 мектеп директоры Гүлмира Мантықованың айтуынша 2017-2018 оқу жылының басына әлеуметтік серіктестер мектепке 2 млн теңгеден астам сомада демеушілік көрсеткен.

         «Нефтехим ЛТД» ЖШС кәсіби бағдар жұмысына белсене атсалысып келеді. Бүгінгі күні кәсіпорын 2017-2023 жылдардағы мектепті жаңарту жоспарын бірлесіп дайындап отыр. Бұдан басқа, біз химия және тағам салаларындағы кәсіпорындарды серіктестікке шақырып, әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге тартсақ дейміз. Бұл мектеп оқушыларының мамандық таңдауына, болашақта жұмысқа орналасуына әсер етері анық», – дейді Гүлмира Мантықова.

         Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкері Бақытжан Ильясова білім алушылардың кәсіби бағдары – экономикамыздың болашағына салынған инвестиция деп санайды. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасы  еңбек нарығына білікті маман дайындау бағытында жұмысын жалғастыра бермек.

 

 

 

 

2017 ж15.09


2017-09-15 16:43:33

Сондай-ақ оқыңыз