Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Кәсіпкерге қойылатын әр кедергі үшін жаза қолданылады

 

         Абылай Мырзахметов кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауда жазалау шаралары бар екенін атап өтті

         Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы жайлы қысқаша баяндады.

         «Бүгінде бизнесті құқықтық салада алаңдататын мәселелерді шешу барысында тәжірибе алмасу қарқынды жүріп жатыр. Келісімшарттар мен келіссөздер ЕАЭО аясында ғана емес,  қалыптасқан ынтымақтастық негізінде жүргізілетіні қуантады», – деді Басқарма Төрағасы.

         Абылай Мырзахметов бизнеске қажетті  байланыстың қалыптасқанын, кәсіпкерлердің пікірін басшылыққа ала отырып, бизнеске  қолайлы жағдай жасау  бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтті.

         «Біздің заңнама жазалаушы сипатта емес,  қолайлы әрі ыңғайлы болуы керек. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізде заңнама мен оның қайшылықтарын жақсы білетін институттар бар. Ең басты міндетіміз – келіссөз жүргізу, осылайша заң ережелерін  бизнеске ыңғайландыру. Мемлекеттік аппараттың бизнес мүддесін ескеруінде  айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

         «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы ҚР Бас прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмысқа ерекше тоқталып, сыбайлас жемқорлық қаупіне қатысты шағымдарды анықтау мен жүйелі шаралар ұсынуда бірлескен жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

         «Біздің міндетіміз –  кәсіпкерге қойылатын әр кедергі үшін қолданылатын жаза бар екенін  шенеуніктерге жеткізу болып табылады. Сондықтан, кез келген заң мен құжатты кәсіпкерлермен келісіп қабылдау маңызды. Бүгінгі күні осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Мемлекет және бизнестен басқа  халық сұранысын ескерген жөн, бұл ретте  адал кәсіпкерлік жүргізу өз алдына маңызды. Халық сапалы қызмет алуы керек», – деп тұжырымдады Басқарма Төрағасы.      

Сондай-ақ, Абылай Мырзахметов осындай шаралар екі елдің бизнес-ахуалын жақсартуға сөзсіз үлес қосатынын да айтып өтті. Еске салсақ, 2 қыркүйек күні Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өз жұмысын бастады. Оған екі елдің бизнес-омбудсмендері, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері мен екі елдің іскерлік делегациясы қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 06.09

 


2017-09-06 18:23:49

Сондай-ақ оқыңыз