Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Медициналық киім тігетін Павлодарлық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатыспақ

Медициналық киім тігетін Павлодарлық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатыспақ

«Лидер+» медициналық киім тігетін Павлодарлық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында екінші рет қатысуға дайындалып жатыр

 

ат

   2016 жылы кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында екінші орынды еншілеген. Қазіргі уақытта олар өнімдердің түрлерін кеңейтуде және арнайы киімдер шығару мен медициналық мақсаттағы бір реттік өнімдер шығаруды ретке келтірген. 

   Тігін цехы өз тарихын 2004 жылы бастаған, сол жылы Омбы қаласында өткен көрмеден кейін цех жетекшісі павлодарлық емдеу-алдын алу мекемелеріне арнап арнайы киім тігуді қолға алады. Кәсіпкер киім тігуде ыңғайлылық пен сапаны бірінші орынға қояды.

  «Исенова» жеке кәсіпкерлігі өндірісінің меңгерушісі Жанар Диярованың айтуынша компанияның саясаты сапа-стиль-баға қағидасына негізделген. Медициа қызметкерлері де компанияның өнімін жақсы бағалады.

  «Біздің өнімдер Қазақстанның бірнеше қаласында сатылады. Сұраныстың артуы да компанияның тұрақтылығы мен табыстылығын көрсетеді. Біз үшін ең жоғары мақтау – тұтынушылардың жылы лебіздері, бізге бір келген адам, екінші рет тағы келеді. Сондықтан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысып, жүлдегерлер қатарында болуымыз зор жетістік», – деп бөлісті Жанар Диярова.

Маманның айтуынша компания түрлі үлгілер мен формада киім тігеді, сондықтан кез келген талғамы жоғары тұтынушының көңілінен шығады. Тігін кәсіпорны осы уақыт аралығында мата өндіретін көптеген компаниялармен жақсы серіктестік орнатқан. Жұмыста тек сыналған, сапалы маталар ғана қолданылады. Бұл жерде ақ халатты абзал жандардың кәсіби формасын қалыптастырып, сымбатты келбетін келістіреді. Компания тігудің жаңа технологияларын қолданады.

Жанар Диярованың айтуынша «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен «Алтын сапа» сыйлығы әр компанияға тез арада танылады, тауар сапасын жақсартуға ықпал жасайды. Республикалық деңгейдегі бұл байқау жаңа бастамаларға қанаттандырып, жаңа деңгейге көтереді.

Жанар Диярова байқауға қатысушылардың барлығына сәттілік тілеп, нарықта үздік тауар өндіруіші болу үшін  талмай еңбектену қажет екенін айтты.

 

 “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы 

 

 

2017 ж 05.25


2017-05-25 16:02:58

Сондай-ақ оқыңыз