Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

( халықты БАҚ арқылы хабардар ету үшін)

   Елдегі және әлемдегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингісінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларының 4-бөліміне сәйкес, Республикалық жедел штабының терроризммен күрес жөніндегі басшысы – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант В.З. Жұмақановпен Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде Павлодар облысында 2016 жылғы 16 тамызға дейін бірқалыпты “сары” деңгейді ұзарту туралы (15.07.2016ж. № 353 бұйрық) шешім қабылданды.

   Осыған байланысты мемлекеттік органдармен өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

   Иесіз жатқан заттарға (сөмке, қорап, оралған зат, қаптар, чемодан және т.б.), әсіресе сымдармен және техникалық құрылғылармен, сондай-ақ қоғамдық орындар мен транспорттағы күдікті адамдарға көңіл аудару.

   Күлікті заттарға жақындамау.

   Оларды анықтаған жағдайда шұғыл түрде құқық қорғау органдарына хабарлау.

   Күдікті заттарды сақтау немесе тасымалдау үшін, әсіресе белгісіз тұлғалардан алмау керек.

  Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құжаттарды тексеру кезіндегі іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды және оларға қолдан келгенше көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

   Абыржушылық білдірмей, мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алыңыздар.


2016-08-23 18:06:30

Сондай-ақ оқыңыз