Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Дін

 

Ақсу қаласының аумағында 16 діни бірлестіктер өз қызметін жүзеге асырады

    Ақсу қаласының аумағында 16 діни бірлестіктер өз қызметін жүзеге асырады. Оның 7 діни бірлестігі Қазақстан мұсылмандарының рухани басқаруына жатады, сонымен қатар «Ақсу, Павлодар және Екібастұз епархиясы Воскресенск шіркеуінің приходы» жергілікті праславие діни бірлестігі,  «Ақсу, Павлодар және Екібастұз епархиясы Никольск приходы» жергілікті праславие діни бірлестігі, «Ақсу қаласының жетінші күн адвентистер христиандардың иелікті шіркеуі» жергілікті праславие діни бірлестігі,  «Павлодар облысы Ақсу Иегова куәгерлері христиан қауымы» жергілікті праславие діни бірлестігі,  “Благодать” жергілікті діни бірлестігінің Ақсу филиалы, “Алия” христиан пресвитериандық шіркеуі,  “Церковь Христиан Веры Евангельской “Новая Жизнь” жергілікті праславие діни бірлестігі,  “Павлодарская община Евангельских Христиан Баптистов” жергілікті праславие діни бірлестігі,  “Иисуса Христа Милосердного” Рим-Католиктік діни бірлестігі.

Құдайға сиыну, діни дәстүрлері және өткізу салты еліміздің заңдарына сәйкес өткізіледі. Барлық конфессиялар әділет органдарында тіркеледі. Олардың барлық қозғалыстары, алдағы уақытқа тағайындалған және жоспарланған іс-шаралары туралы конфессиялардың өкілдері ішкі саясат бөліміне хабарлап отырады.

     Діни бірлестіктердің өкілдерімен және бұқаралық ақпарат құралдарымен семинарлар мен кездесулер тоқсан сайын өткізіледі, онда діни бірлестіктердің өкілдері өз қызметі туралы айтады, өздерінің өзекті проблемалары мен тілектерімен бөліседі.

Ішкі саясат бөлімі қаланың дәстүрлі конфессия қызметін ақпараттық жариялау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және іске асыруда.

Осы жоспарға сәйкес «Ақжол» және «Новый путь» қалалық газеттерінің беттерінде «Имандылық» айдарында жылдың басынан бастап 45-тен аса мақала жарияланды. Сөз сөйлеулер мен мақалалар жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесіне, діни ұйымдардың және экстремистік бағыттағы тоталитарлық секталардың келеңсіз мәніне қатысты.

Ақсу қаласы Мешіті

_thumb

Қолданысқа енгізілген жылы: 1999

Мешіт имамы: Омаров Абдумталип Жумадиллаевич  

Мешіт Қазақстан мұсылмандарының рухани басқару филиалы болып табылады. Мешіт ислам діни рәсімдерді өткізу орны болып табылады және жергілікті мұсылмандарға ислам дінін Шариатқа сәйкес насихаттайды.

Ислам дінімен, салттарымен байланысты діни іс-шараларға белсене қатысады және ресми діни ұйымдары мен мешіт қызметкерлері арқылы діни рәсімдерді өткізеді.

2009 жылы “Қазхром” ТҰК” АҚ, АФЗ, “ЕЭК” АҚ, шаруа қожалықтары және өңір тұрғындары  демеушілерінің қаражатына 500 орынға асхана салынды. Құрылысты
“Иртыш-Сервис” ЖШС мердігер ұйымы жүргізді (директоры  Тулеков Марат Қабиденұлы).

 

 Ақсу қаласының Христо-воскресенск шіркеуі

Цер_thumb

 

 

Ашылу жылы: 2003
Шіркеудің аға попы: Коблов Иосиф Борисович

 Діни бірлестік: “Павлодар және Екібастұз епархиясы Ақсу қаласының  Воскресенск храмы приходы”.
Басқарушы орган:  15 адамнан тұратын приход жиналысы

Келушілер саны: орташа 100 адам.
Приход бірлестіреді: дін ұстану бостандығын және православиелік сенімді таратуға құқығын бірлесіп жүзеге асыру үшін, сондай-ақ діни-адамгершілік тәрбие  туралы қорғаншылық үшін  православиелік дін ұстану.

Приходта құдайға құлшылық ету, салт-дәстүрлер, шерулер және салтанатты іс –шаралар жүзеге асырылады, тікелей немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы,сондай-ақ жеке діни сенімдерін тарату; миссионерлік қызмет; қайырымдылық істері.

Приходта діни білім беру, воскресный мектебінде тәрбиелеу, орташа 25 адам оқытылады (7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар).

Шіркеудің аумағында бау-бақша бар, онда картоп және көкөністер өсіріледі.

2009 жылы шіркеуді жөндеу аяқталды, 12 млн.теңге сомаға қабырғалары және колонналары сырланды. Рәсімдеумен Павлодар қаласынан икон суретшілері айналысты. Демеушілері АФЗ, “Қазхром” ТҰК”АҚ, “ЕЭК” АҚ, шаруа қожалықтары, келушілер.

Шаруа блогы, тамақтану орны салынуда.

Шіркеу күмбезінің ішкі бөлігі жөнделді, су құбырлары толықтай ауыстырылды.  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж28.06


2017-08-15 12:44:35

Сондай-ақ оқыңыз