Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Олимпиадалар бойынша ақпарат

 

«Дарын»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығының  желісі бойынша бірінші міндетін жүзеге асыру мақсатында қала мен ауыл өңірі мектептерінің оқушылары көптеген облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысты.

Оқушылардың облыстық пәндік олимпиадасы жыл сайын Павлодар облысының білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми сүйемелдеуімен өткізіледі.

Олимпиада жалпы білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 15 пән бойынша өткізіледі.

Дарынды балаларды анықтау және дамыту және оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында мектепте жыл сайын ғылым негіздері бойынша олимпиада өткізіледі.

2018-2019 оқу жылында облыстық пән олимпиадасына Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың 30 оқушысы қатысты. 5 оқушы жүлдегер атанды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 дәрежелі дипломмен №2 ЖОМ 9-сынып оқушысы Оспан толқын марапатталды.

Мектеп-лицейіміздің 9-сынып оқушысы Агаева Алина «Адам. Қоғам. Құқық».                

№8 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Раденко Ксения «Адам. Қоғам. Құқық».

Сейлханқызы Дана Үштерек орта мектебінің 11-сынып оқушысы химия пәні бойынша 3-орынға ие болды.

№1 ОМ 11 сынып оқушысы Қайырбек Асылтас тарих пәні бойынша 2-орынға ие болды.

Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының базасында 2018 жылдың 19 қазанында 9-11-сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық туры өтті. І дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының №2 ЖОМ оқушысы Саруарова Асыл марапатталды.

2018 жылдың 20 желтоқсанында «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Финист» компаниясымен бірлесіп 5-6-сынып оқушыларына арналған VIІ облыстық кешенді олимпиада өткізді, онда біздің оқушылар Қабылбеков атындағы ОМ оқушысы Ныгметулла Диана және №2 ОМ оқушысы Серікбек Асанали қатысып, 3-жүлделі орынға ие болды.

2018 жылғы 8 қарашада Павлодар қаласының №37 орта мектебінде 2-4-сынып оқушыларының VI облыстық математикалық турнирі өтті. Турнир екі кезеңде өтті: командаларды жоғары, бірінші, екінші лигаға бөлу мақсатында бірінші (командалық) кезең жазбаша түрде өтті; екінші кезең екі турда өтті: жазбаша жеке және ауызша командалық. Жазбаша жеке турдың қорытындысы бойынша 2-сынып арасында ІІІ дәрежелі дипломмен мектеп-лицей оқушысы Красников Роман марапатталды. 3-сынып арасында ІІІ дәрежелі дипломмен Кошкин Степан, Ақсу қаласының №7 ЖОМ оқушысы марапатталды. Ауызша командалық турда екінші лиганың І дәрежелі дипломымен Ақсу қаласының құрама командасы марапатталды.

Жалпы білім беретін бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі 2019 жылғы 24 сәуірде дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей базасында өтті. Олимпиадаға математика, физика және биология пәндері бойынша 7-сынып оқушылары, химия және информатика пәні бойынша 8 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №4 ОМ 7-сынып оқушысы Амренова Амина және Құрмет грамотасымен №2 ОМ оқушысы Габбас еркін және мектеп-лицей оқушысы Уздембаева Мархабат марапатталды.

Амренова Амина победительница юниорской олимпиады Кайырбек Асылтас олимпиада жеңімпазы

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2019 жылдың 4 сәуірінде Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

ІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Қалқаман орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жүнісхан Айтолған марапатталды.

олимпиада олимпиада2 робототехника жарысының жеңімпаздары

 

 «Айналайын» үлгілі ансамблі «Super star 2019 в Кобулетти»(Грузия)   6-ші халықаралық фестивалінде Гран при алды.

Безымянный1

 

 

Республикалық іс-шаралар:

 

-  Республикалық балалар мен оқушылар шығармашылығына арналған орталықғы «ДАРАБОЗ»,  «Гүл-ғажайып әлемі» атты республикалық шығармашылық байқауының «поделка» номинациясы бойынша 1-орын  Умирбекқызы Еркежан (Астана қ., 12.02.2019 ж.).

- «Жас өркен» республикалық  байқауы «Жас эколог» номинациясы бойынша балалар сыйлығының лауреаты Курбанова Сабина,  (Қостанай, 19.06.2019ж.).

- «Сұнқар» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен 2019 жылдың мамыр айында өткен Республикалық «Мен шебермін» конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болғаны үшін – 2 орын Сарымова Диляра (Астана20.05.2019ж.) 

PLANEТ  skills халықаралық ағартушылық жобасында Жас ұстаз мамандарға арналған «Кәсіби өсу» республикалық сайысында «Менің портфолиом» -2 орын Ибраева Ж.Е.29.07.2019ж., Нұр-Сұлтан)

Ерекше білім беру қажеттеліктері бар балаларға арналған XIV халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің қашықтықтан өткізілген «Көркем-қолданбалы өнер» номинациясының жеңімпазы -1 орын Елимесова Б.К. (Нұр-Сұлтан, 10.08.2019)

«Сұнқар» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен 2019 жылдың мамыр айында өткен Республикалық «Мен шебермін» конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болғаны үшін – 2 орын Табикенова Адина

 «ZIAT»  ғылыми әдістемелік орталығы, «Менің инновациялық сабағым» атты қашықтықтан өткізілген үшінші республикалық педагогтары сайысында 2 орынға ие болған Ибраева Ж.Е.

 IMG_3485 (1) IMG-20190916-WA0047 IMG-20190916-WA0050

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2019-09-19 11:57:08

Сондай-ақ оқыңыз