Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және оған қарасты ведомствалық мекемелердің 2017 жылғы 1 қыркүйекке алғандағы атқарған жұмысы туралы

 

“Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) құрылтайшы құжаттарына сәйкес бөлімнің басты мақсаттары мен міндеттері:

1) Ақсу өңірі халқын жұмыссыздықтан қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, азаматтарды кәсіптік оқыту және қайта оқыту;

           2) азаматтардың мұқтаж жеке санатына әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамтамасыз ету;

 3) халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру.

 Бөлім 2017 жылға бюджет көлемі – 522,2 млн. теңге болатын 15 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Есептік кезеңде жоспарланған  291,6 млн. теңгеден, 286,2 млн. теңге немесе 98,1% игерілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету 

2017 жылдың 8 айы ішінде Бөлімде көрсетілетін 19 мемлекеттік қызмет түрінен 9539 мемлекттік қызмет, соның ішінде Мемкорпорация арқылы – 2545.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне алғанда мемлекттік қызметтің сапасын арттыру аясында келесідей жұмыстар атқарылды: селолық аймақтарға 19 шығу өткізіліп (33 адамға кеңес берілді), 5 жалпыға бірдей құқықтық оқыту, 2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету есебі бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің, мұрағат, арнайы қызмет көрсету саласындағы үкіметтік емес ұйымдар директорлары және мемлекеттік қызмет алушылардың қатысуымен жария талқылау өткізілді. Қаладағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне, әлеуметтік жұмысшыларға, мемлекеттік қызмет алушыларға жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Халықпен кешенді жұмыс жүргізу аясында 5 селолық округке 14 елді-мекенге шығу өткізілді. Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 178 азаматқа кеңес берілді.

Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жөнінде халықтан шағым түскен жоқ.

2017 жылдың 8 айы ішінде – 11049 мемлекеттік қызмет, соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 2521.

 

Азаматтардың өтініштері

 

2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда Бөлімге 50 өтініш келіп түсті, соның ішінде жеке тұлғалардан – 48, заңды тұлғалардан – 2, оның ішінде: 19 – ауызша, 31 – жазбаша: жұмысқа орналасу мәселесі бойынша – 15, тұрғын-үй көмегі – 3, материалдық көмек – 6, әлеуметтік қамсыздандыру – 26.

2016 жылдың кезеңінде 60 өтініш келіп түскен, соның ішінде: 23 - ауызша, 37- жазбаша: жұмысқа орналасу мәселесі бойынша – 20, тұрғын-үй көмегі – 1, материалдық көмек көрсету – 9, әлеуметтік қамсыздандыру – 30.

Оралмандар отбасыларының есебі мен қозғалыс моиторингі 

2017 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда ақсу қаласында 1672 оралман отбасы (7471 адам) тіркелген, соның ішінде ауылдарда 929 отбасы (4681 адам), жалпы санынан – еңбекке қабілетті жастағылар саны – 3926, білімі бар – 2273 адам тіркелген.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Ақсу өңіріне 4 жалғызбасты еңбекке қабілетті этникалық қазақ көшіп келді, білімі бар – 3, білімі жоқ – 1 (қала – 2, Достық с/о – 2).

2016 жылғы осындай мерзімде 1675 оралмандар отбасы (7377 адам), жалпы санының ішінде еңбекке қабілетті жастағылар – 3888, білім бар – 2333 адам тіркелген.

Жұмыспен қамту секторы 

Ақсу қаласы халқын жұмыспен қамтылу бойынша шаралар 2017 жылға халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы шаралармен 1787 жұмыссыз азаматты қамту жоспарланған. 2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда жұмыспен қамту шараларымен 1368 адам қамтылған, бұл жылдық жоспардың 76,6% құрайды.

Меморандумға сәйкес ағымдағы жылдың басынан бастап жоспарланған 1761 (тұрақты – 616, уақытша – 1145), жұмыс орынан 1201 (68,2%) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде: тұрақты – 549 (89,1%), уақытша маусымдық - 652 (57,0%) құрайды.

2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда жалпы тұрақты жұмыс орындарының үлесі 45,7% құрайды.

Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 1006/11 қаулысымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдарда 2 ден 4% дейін мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленді.

Заңды тұлғалар тізбесіне мүгедектер мүгедектерге арналған 136 жұмыс орнына квота бекітілген 13 кәсіпорын мен ұйым енгізілді.

Жұмыс жасайтын мүгедектердің жалпы саны 190 адамды құрайды.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда Ақсу қаласы бойынша Аймақты дамыту бағдарламасы бойынша мақсаттық индикаторды орындау төмендегідей:

жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінгендердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі жоспарда 75,0%-дан орындалғаны 77,8% (1288/1655*100%) құрайды;

2017 жылғы жұмыссыздық деңгейі жоспарда 5,0%, статистика мәліметі бойынша 2016 жылы – 5,0% болған;

арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оны алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан) 2017 жылғы жоспарда 94% болса, 92,1 % орындалды.

Ақсу ҚІІБ бірлесе отырып бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың қозғалыс мониторингі жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан бастап бас бостандығынан айыру орындарынан 17 адам босатылды.

2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар қатарынан (бұдан әрі – ББАО) жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 13 адам кеңес алып, соның ішінде «Уют» ПИК әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп, 1-жұмысқа орналасты, 4-жұмыстан бас тартты, 1-«Кран машинисті» - мамандығы бойынша курсқа жазылып, 1 - «В категориялы жүргізуші» (2016 жылы) курсына жіберілді. 2-адам (2016 жылы босағандар) Горкомхозға қоғамдық жұмысқа жіберілген: 1-бұзғаны үшін 1-жұмысқа орналасуына байланысты есептен шығарылды.

ББАО қатарынан жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар жоқ. Қалалық ҚАЖ пробация қызметінің жолдамасымен жұмыспен қамту және кәсіптік даярлау мәселелері бойынша кеңес алған 43 адам жүгініп, 8-адам жұмысқа орналасты, тұрақты жұмысқа-5, ӘЖО-1, қоғамдық жұмысқа-2, 8-адам жұмыстан бас тартты, 7-адам қайта даярлау курсына жазылды, оның ішінде 1-адам «В категориялы жүргізуші» курсына жіберілді, 2-адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда Ақсу қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санынан (356) 323 ұжымдық шарт жасалды немесе 90,7% құрайды.

Әкімдер, жұмыс берушілер (кәсіпорындар, мекемелер) және кәсіподақтар, сонымен қатар, қаладағы 2 ірі, 6 орта, 210 шағын кәсіпорындар арасында өзара түсіністік туралы 167 меморандум жоспарланған болса, 216 меморандум жасалды, 129,3% құрайды.

Қосымша облыс әкімі және «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ және «ЕЭК» АҚ арасында 2 меморандум жасалды.

Жұмыссыз халықтың экономикалық белсенді халыққа (38700) қатынасының үлесі 0,53% құрайды. 

Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі сектор 

         2017 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда Ақсу өңіріндегі мүгедектер саны – 2624 адам (01.09.2016 жылғы - 2558 адам) соның ішінде:

         мүгедектік топтар бойынша: І – 276(266), ІІ – 1180(1166), ІІІ – 948(922) адам, 220(204) – мүгедек бала.

         ауыру тұрғысынан мүгедектер: көру қабілеті бұзылған - 325(318), есту қабілеті бұзылған - 90(89),тірек қимыл аппараты бұзылған 311(295), психологиялық аурулармен ауыратындар - 505(500), туберкулезбен ауыратындар – 24 (24), жалпы аурулар - 1369(1332);

         селолық округтер тұрғысынан 741 мүгедек: Алғабас с/о – 182, Достық с/о – 98, Евгеньевка с/о – 113, М.Омаров атындағы с/о – 127, Қалқаман с/о-127, Қызылжар с/о – 94.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес (бұдан әрі – ОЖБ), 365(332) мүгедек: 167 (169) адам – протездік-ортопедиялық бұйымдармен, 42 (32)- адам кресло-арбамен,45 (53) адам – тифло-сурдотехникалық құралдармен, 111(78) адам санаторлық-шипажайда емделуге мұқтаж.

Ағымдағы жылы медициналық-әлеуметтік сараптама органдарынан 209 ОЖБ, оның ішінде кәсіптік оңалту мақсатымен – 11, әлеуметтік оңалтуға – 200 бағдарлама келіп түсті.

2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда облыс бюджеті есебінен өңделген ЖОБ бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен 83 мүгедек, сурдотехникалық құралдармен 43 мүгедек, тифлотехникалық құралдармен – 39, кресло-арбамен 28 мүгедек қамтамасыз етілді. 

2017 жылға «Үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларды материалдық қамту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 45 мүгедек балаға 2,5 млн. теңге бөлініп, оның 1,2 млн. теңгесі игерілді.

2017 жылғы 8 айда жолданғандар:

«Ардагерлер үйі» о/о

«Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ММ

«Энергетик» шипажайы

«Спутник» шипажайы

«Мойылды» шипажайы

 

«Елқоныс»

КСО

Стационар үлгідегі

МӘМ

Облыстық балаларға арналған психоневрологиялық МӘМ КММ

Облыстық балаларға арналған оңалту

Мичурино аулындағы обл. психоневрологиялық МӘМ

47 мүгедек,

53 зейнеткер,

оның ішінде:

8 көпбалалы ана, 10 тыл             ардагерлері

48 зейнеткер

23

5

22

38

5 зейнеткер

 

4 бала

 


Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 122,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

«үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру» бағдарламасы бойынша – 8,8 млн. теңге, соның ішінде 5,9 млн. тенге меңгерілді;

«мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ЖОБ сәйкес ымдау тілі маманының, жеке көмекші қызметін көрсету» бағдарламасы бойынша - 114,0 млн. тенге, соның ішінде 62,1 млн. тенге игерілді:

Қызметтер атауы

Бөлінді,

млн. тенге

Игерілді,

млн. тенге

Адамның

қамтылуы

Міндетті гигиеналық құралдар,

61,1

30,8

203

соның ішінде тех. құралдар тізбесін кеңейту

23,7

0

0

Ымдау тілі мамандарының қызметтері

8,1

3,7

40

Жеке көмекшінің қызметтері

44,8

29,5

143

Барлығы:

114,0

64,1

386


2017 жылдың басынан әрекет етуге жарамсыз немесе әрекеті шектеулі кәмелеттік жасқа толғандар бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі комиссия 4 істі қарады.  

2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда әлеуметтік инфраструктураның 140 нысаны (2016 жылы – 138 нысан) паспортталды.

Ағымдағы жылы қаланың әлеуметтік инфраструктурасының 2 нысанын (Алғабас ауылы ФАП, «Айналайын» Бөбектер бақшасы» КМҚК 2017 жылдың наурыз, сәуір айларында паспортталған) паспорттау, әлеуметтік инфраструктурасының 2 нысанына бейімдеу шаралары: «Қазпошта» АҚ ПБФ ағымдағы жылы наурызда, Қалқаман ауылындағы «Чайка» Бөбектер бақшасы» КМҚК ағымдағы жылы тамыз айында бейімделді.

Әлеуметтік көмек тағайындау секторы 

                2017 жылы Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қала бюджетінен 80,0 млн. теңге бөлінген. Есептік кезеңде жоспарланған 40,3 млн. теңге толық 100% игерілді (2016 жылғы кезеңде әлеуметтік көмек 2114 мұқтаж азаматқа жалпы сомасы 38,4 млн. теңге төленді)

         2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда төмендегідей төлемдер жасалды:

         Жеңіс күніне мұқтаж азаматтардың 11 санатына біржолғы әлеуметтік көмек, соның ішінде 1017 адам (ҰОс, Ауған соғысына қатысушы, ЧАЭС апатының ликвидаторларына, ҰОс қатысушыларына теңестірілгендер, жыл ардагерлері) сомасы 14,9 млн. теңге төленді.

         Ай сайынғы материалдық көмек 52 азаматқа жалпы сомасы 4,0 млн. теңге.

         Біржолғы әлеуметтік көмек 729 азаматқа жалпы сомасы 12,6 млн. теңге (әлеуметтік мәні бар ауралармен ауыратындар және басқа).

         Тоқсан сайынғы сауықтыруға әлеуметтік көмек 86 азаматқа сомасы 945,6 мың теңге (ЧАЭС апатының қатысушылары, СИЯП ядролық сынақтарына қатысушыларға, Ауғанстан соғысына қатысушыларға) төленді.

         «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 3 отбасыға (онда 16 адам) РБ сомасы 120,0 мың теңге тағайындалды.

         Ауылдық аймақтарда тұрып жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға 9,1 млн.теңге бөлінді, 540 маманға жалпы сомасы 6,2 млн. теңге төленді.

         МАӘК көрсетуге 309,0 мың теңге. МАӘК жүгінушілер болған жоқ (2016 жылдың осы кезеңінде МАӘК алушылар болған жоқ).

         18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыға ағымдағы жылы сомасы 1245,0 мың теңге қаржы қарастырылған. 2017 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда балалар жәрдемақысы 18 жасқа дейінгі 53 баладан тұратын 18 отбасыға жалпы сомасы 590,0 мың теңге (2016 жылғы кезеңде 60 баладан тұратын 26 отбасыға жалпы сомасы 640,0 мың теңге) төленді. 

Тұрғын үй көмегін тағайындау секторы 

2017 жылғы тұрғын үй көмегін көрсетуге қалалық бюджеттен 24,3 млн. теңге қарастырылған. 2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда тұрғын үй көмегін алуға 1156 отбасы (1480 адам) жүгінді.

Ағымдағы жылдың басынан тұрғын үй көмегіне жалпы сомасы 15,9 млн. теңге төленген, соның ішінде: телефонның абоненттік төлемінің көбеюіне байланысты компенсацияға – 134,3 мың теңге, жылуға – 11,8 млн. теңге, лифт қызметіне – 68,1 мың теңге, ПИК қызметтеріне – 1,35 млн. теңге, кондоминимум нысандарын жөндеуге – 138,0 мың теңге, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС – 1,1 млн. теңге, «Ақсу су арнасы» КМК – 1,2 млн. теңге, «Горкомхоз» ЖШС – 94,0 мың теңге, «ЕЭК» АҚ – 15,6 мың теңге төленді.

2016 жылдың кезеңінде 1187 отбасы (1564 адам) тұрғын үй көмегіне сомасы 11,6 млн. теңге төленді.

Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетубөлімшесі 

Бөлім жанында қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін 2 бөлімше жұмыс істейді (бұдан әрі – Бөлімше).

2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша үйде арнайы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсетілетін 304 адам тұр, оның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 205, селолық округтерде – 99: Евгеньевка с/о – 7, Достық с/о – 10, Алғабас с/о – 17, М. Омаров атындағы с/о – 13, Қызылжар с/о – 14, Қалқаман с/о – 38, оның ішінде 3 ҰОс 3 қатысушысы (1 – қаладан, 2 – Қалқаманнан) және І, ІІ топтағы 5 мүгедек.

2016 жылғы есеп күнінде ҰОс 3 қатысушысы үйде АӘҚ алды, оның ішінде 1 – қаладан, 2 – Қалқаманнан. 

Ақсу өңірінде 2017 жылғы 1 қыркүйекке алғанда 56 әлеуметтік қызметкермен қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында АӘҚ көрсетіледі: қалада – 31, селолық округтерде – 25, Евгеньевка с/о – 2, Достық с/о – 4, Алғабас  с/о – 4, М.Омаров атындағы с/о – 4, Қызылжар с/о – 3, Қалқаман с/о – 8.

Балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларға

үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

 

         Балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде (бұдан әрі – Бөлімше) 2017 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда 24 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді: қала бойынша 16, с/о бойынша 8: Евгеньевка с/о – 2, Достық с/о – 1, Алғабас с/о – 1, М.Омаров атындағы с/о – 2, Қызылжар с/о – 1, Қалқаман – 1.

         Бөлімнің есебінде үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін 95 алушы бар, оның ішінде мүгедектігі бар – 59 бала, қалада - 44, селолық округтерде – 15: Евгеньевка с/о – 6, Достық с/о – 3, Алғабас с/о – 1, М.Омаров атындағы с/о – 2, Қызылжар с/о – 1, Қалқаман с/о – 2, психоневрологиялық ауруы бар – 37: қалада – 31, селолық округтерде – 6: Евгеньевка с/о – 1, Алғабас с/о – 4, М. Омаров атындағы с/о – 1.

2016 жылғы кезеңде үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін көмегін 96 адам алды.

Нақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған

Ақсу қаласының әлеуметтік бейімделу орталығы 

2017 жылдың 8 айында Нақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған Ақсу бейімделу орталығына 118 адам жүгінді, қайта әлеуметтендіру мәселесі бойынша – 36 адам, оның ішінде 15 адам қабылданды. Орталықтан 17 адам шығарылды. 8 қызмет алушылар орталықта тұрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолдамасымен 34 - азамат, қалалық пробация қызметі арқылы 4 азамат Ақсу қаласы, Ленин көш., 20 мекенжайында орналасқан Нақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған Ақсу қаласының әлеуметтік бейімделу орталығында тіркелген.

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге Орталық арқылы 3 адам анықталды. Шарттың талаптарын мерзімінен бұрын орындауына байланысты 8 адам, өз еркімен 2 адам, 1 – адам тұратын бөлменің болуына байланысты, 5 – адам ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін шығарылды.

6 қызмет алушыға құжаттандыруға жәрдем көрсетілді. Тұрақты жұмысқа 5 адам және уақытша маусымдық жұмыс орнына 11 қамқоршы жұмысқа орналасты.

Пробация қызметінің жолдамасы бойынша шартты түрде сотталғандарға қатысты әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында 53 азаматқа психологтың көмегі көрсетілді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында (бұдан әрі-Бағдарлама) Ақсу қаласы бойынша келесідей жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 137,2 млн. теңге бөлінген. Есептік кезеңдегі жоспарда 57,9 млн. теңгеден 57,4 млн.теңге (99,1%) игерілді.

Кешенді жоспарға сәйкес халықты Бағдарламаға қатысуды қамту 291 адамды құрайды. 2017 жылғы 30 тамыздағы жағдай бойынша 209 адам (67%) қамтылды.

Бірінші бағыт:Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқыту. 2017 жылға бастапқы қамту – 78 адам. Қосымша өзгерістер енгізу есебімен (3.08.2017 жылғы обл. өңірлік комиссиясының №3 хаттамасы) 100 адамды құрайды. Жалпы сомасы 17,3 млн. теңге қаржы бөлінген.

Оқыту 2017 жылғы мамыр – қараша айларына белгілі мамандықтар бойынша оқу орындарындағы (орталықтардағы) оқу процесінің ұйымдастырылуына байланысты жоспарланған.

Оқыту келесідей сұранысқа ие мамандықтар индикаторына байланысты жүргізіледі: аспаз, кран машинисті, тиегіш жүргізушісі, жөндеуші-слесарь, тігінші, шаштараз, «В» санатты жүргізуші, есепші, тырнақ сәндеу шебері.

31 тамыздағы жағдай бойынша оқуға 67 адам кірісті (жоспардың 67%).

Кәсіп

атауы

Жоспар

Нақты

Аяқтады

Жұмысқа орналастырылды

Оқу орны

1

аспаз

12

12

12

12

Жаяу Мұса ат. колледж

2

шаштараз

10

10

10

10

Ақсу қ. Мир Дик ЖШС ОҚ

3

В санатты жүргізуші

10

10

-

-

Ақсу қ. Мир Дик ЖШС ОҚ

4

модельер-жабушы

12

12

-

-

Ақсу қ. Мир Дик ЖШС ОҚ

5

тиегіш

жүргізушісі

5

5

-

-

Ақсу қ. Мир Дик ЖШС ОҚ

6

есепші

8

8

-

-

Ақсу қ. Мир Дик ЖШС ОҚ

7

тырнақ сәндеу шебері

10

10

-

-

Ақсу қ. Мир Дик ЖШС ОҚ

8

кран машинисті

20

0

-

-

Қара метал. колледжі

9

жөндеуші-слесарь

13

0

-

-

Қара метал. колледжі

 

 

100

67

22

22

 

2017 жылғы қыркүйекте «кран машинисті», «жөндеуші-слесарь» кәсіптері бойынша 33 адам оқуға кіріседі.

Есептік кезеңде жоспарда кәсіптік оқытуға 10,3 млн.теңге бөлініп, 10,2 млн.теңге (99%) игерілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) Оқумен қамту бойынша жоспар 100 адамды құрайды. 2017 жылғы 25 тамыздағы № 4 Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша қалалық комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес бекітілген тізімде (жұмыссыздар арасынан 9-11 сыныптан кейін колледж және ЖОО оқуға түспеген, білімі жоқ мектеп түлектерін, аз қамтамасыз етілгендерді) ТжКБ кадрларды даярлауға қатыса алатын адамдар саны 100 адамды құрайды. Оқу ағымдағы жылы қыркүйек айында еңбек нарығындағы сұранысқа ие келесі кәсіптер бойынша басталады: электромонтер – 25 адам, токарь – 25 адам, жөндеуші-слесарь – 25 адам, аспаз – 25 адам. Оқу Ақсу Жаяу Мұса атын. колледжі және Ақсу қара металлургия колледжі базасында жүргізіледі.

Екінші бағыт:  Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

         2017 жылғы 14 маусымдағы Жұмыспен қамту мәселелері бойынша обл. өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамасына сәйкес Ақсу өңіріндегі шағын несие берудің шегі 136,4 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

-   АШҚҚҚ - – 42,0 млн. теңге (селолық аймақтар);

-   АКК - 18,0 млн. теңге (селолық аймақтар);

-   Даму КДҚ - 110,3 млн. теңге (қала).

    Ағымдағы жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша жоспардағы 15 бизнес-жоспардың 14 несие берілді, оның ішінде:

АШҚҚҚ бойынша – 13 қатысушыға жалпы сомасы 42,0 млн.теңге берілді:

Анықтама: жалпы барлығы 13 бизнес-жобадан: 12 жоба мал шаруашылығын дамытуға жолданды, 1 жоба құс шарушалығын дамытуға, 10 қамтысушы жеке ісін ашты (77%), 3 қатысушы бизнесін кеңейтті (23%).

    АКК бойынша 2 бизнес-жобаға сомасы 18,0 млн.теңге берілді.

         Анықтама: 1 жобаға бизнесін кеңейтуге, 1 жобаға жеке ісін ашуға (мал шаруашылығын дамуға)

         Шағын несие беру және қалаларда шағын несиені кепілдендіру бойынша оператор жергілікті кәсіпкерлік және туризм бөлімі болып табылады. Ақсу қаласына 110,3 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта несиелендіру екінші деңгейлі банктер «Нұр Банк», АТФ банк, Халық банк, Сбербанк арқылы жүзеге асырылуда.  

Шағын несиені алуға 24 өтініш беріліп, жалпы сомасы 162,0 млн. теңгені құрайтын  әлеуетті өтініш берушілердің тізімі қалыптастырылды.

         Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. 2017 жылы жалақыны ішінара субсидиялауға 43,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет (бұдан әрі - РБ) есебінен 29,4 млн. теңге, жергілікті бюджет (бұдан әрі - ЖБ) есебінен 13,6 млн. теңге көзделді. Қамту жоспары 180 адамды құрайды. 2017 жылы 1 тамыз жағдайы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам, оның ішінде 79 адам ауылды елді мекеннен, олардың арасынан 29 жасқа дейінгі жастар - 41 адам жолданып, жұмыспен қамтылды. Есептік кезеңде жоспар бойынша 20,3 млн. теңгенің 20,3 млн.теңге 100% игерілді.

Ағымдағы жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 16,4 млн. теңге, оның ішінде: РБ – 6,8 млн. теңге, ЖБ – 9,6 млн. теңге қарастырылған. Жастар тәжірибесінен өту арнайы орта және жоғару оқу орындарының 100 түлегін жолдау жоспарланған. 2017 жылдың 1 тамыз  жағдайына жастар тәжірибесіне 53 адам (оның ішінде ауылда-15). Есептік кезеңде жоспар бойынша 2,4 млн. теңгеден 100% 2,4 млн. теңге игерілді

2017 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 34,2 млн. теңге көзделді.

Қамту жоспары 250 адамды құрайды. 2017 жылдың 7 ай  жағдайы бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 277 адам жолданды, оның ішінде 98 адам елді мекеннен.

Жоспар бойынша 23,1 млн.теңгенің 100% игерілді.

Оралмандар мен ішкі мигранттарға көшуге субсидия төлеуге ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен (РБ) 7,2 млн. теңге қарастырылған. 2017 жылға 18 отбасыға (онда 90 адам) төлем жасау жоспарланған. 1 отбасы көшіп келді (онда 8 адам). Жоспарда 1,3 млн.тенгенің 0,9 мың теңге (69%) меңгерілді.

         Сонымен қатар қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге 11,1 млн. теңге сомасында (ЖБ) субсидия көзделді. Жоспарда млн. 0,5 теңгенің 100% орындалды.

         2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін еңбек күші жиі қоныстанған аймақтардан Ақсу қаласына және ауылдық аймақтарға 500 отбасын (онда 2000 адам) қоныстандыру жоспарлануда. Еңбек күші жиі қоныстанған өңірлер: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары.

Ағымдағы жылдың 31 тамызына алғанда Алматы облысынан отбасы құрамында 9 адам бар 2 отбасы көшіп келді. Отбасыларының отағасылар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.

         Сонымен қатар, қыркүйек – қазан айларында Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан 8 отбасын (онда 31 адам) қоныстандыру жоспарлануда.   

 

 

 

 

 

2017 ж 11.09


2017-09-11 17:50:32

Сондай-ақ оқыңыз