Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 мемлекеттік бағдарламасы (164,56kb)

 

                 Ақсу қаласының ұйымдарында 2011-2020 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру барысы таралы ақпарат

 Есептік кезеңде Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 50 білім беру мекемесі, оның ішінде 14 балабақша, 33 жалпы білім беретін мектеп, 3 қосымша білім беру мекемелері - балалар өнер мектебі, балалар шығармашылық үйі, жас натуралистер станциясы жұмыс істейді.

  Білім беру жүйесін дамытуға арналған қала бюджеті 2016 жылы 3873319,0 мың теңгені (2015 жылға-3179378,0 мың теңге) құрайды.

    2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен  53 индикатор және Қазақстан Республикасында қол жетімді және сапалы білім беру жүйесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш негізінде 23 негізгі бағыттар қарастырылған. Білім бөлімінің құзіреттілігінде 26 индикаторлар бар.

Ақсу қаласын мен ауыл өңірінде мемлекеттік бағдарламаның 6 көрсеткіштері 100% - ға орындалды:

- үш ауысымды мектептердің жоқтығы;

- сапалы және жайлы тасымалдаумен қамтылған оқушылардың үлесі;

- аз қамтылған отбасылардан шыққан барлық оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

- апатты мектептердің жоқтығы;

- оқушы орындарының тапшылығының жоқтығы.

   7. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі;

2016 жылы 36 мектепке дейінгі ұйымдар (14 балабақшалар және 22 шағын орталықтар) жұмыс істеп жатыр, онда 3136 бала бар. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі-63%, облыстық көрсеткіш-62,8%.

   8.Балабақшалардың жалпы санынан жеке меншік балабақшалардың үлесі;

          Жеке меншік балабақшалар жұмыс істемейді.

   9. Мектепалды даярлықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың үлесі.

      5-6 жастағы балалар саны 2189 құрайды, оның ішінде мектепке дейінгі дайындықпен қамтылғаны  1488 (68%), қалған 701 бірінші сыныпта оқиды.

    10. Педагогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлердің үлесі:

    2016-2017 оқу жылында Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың жалпы білім беру мекемелерінде 1672 педагог қызметкерлер жұмыс істейді, жоғары санатта барлығы -411, бірінші санатта - 368 педагог қызметкерлер. Жоғары және бірінші санат үлесі 46,6 % құрайды.

   11. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған;

  Ақсу қаласында барлық 22 орта және 2 негізгі жалпы білім беретін мектептерде қамқоршылық кеңестері құрылды. Алайда, қамқоршылық кеңесінің заңды мәртебесі тек лицейде ғана бар.

    12. Білім беру ұйымдарының басшылары біліктілігін арттыру және менеджмент саласында қайта даярлықтан өтті; 

      2011-2015 жылдардан бастап 41 мектеп директорлардың ішінен 29 менеджемент курстан өтті, бұл 70%.

    2012 жылдан бүгінгі куні дейін 26 мектеп директорлары курстан өткен,63%.

     2016 жылы мектепке дейінгі мекемелердің 4 басшысы, қосымша білім беру 1 басшысы Алматы қаласында курстық қайта даярлаудан өтті. 3 мектеп директоры Астана қаласында 9 айлық деңгейлік курстардан өтіп жатыр. Сонымен қатар, білім мазмұнын жаңарту бойынша қайта даярлау курстарынан 12 директор өтті.

      13. Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады;

  2013 жылдан бастап қаланың  6 мектептерінде  Е-learning электрондық оқыту қолданылады. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен Ақсу өңірінің 25 білім беру ұйымдарында "Күнделік" электронды жобасы бастау алды, ол педагогтарға электрондық форматта құжат айналымын жүргізуге мүмкіндік береді (журнал, күнделіктер, есептер).

      14. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша жетік меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларындағы оқушылардың үлесі;

    2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша 8672 оқушы білім алды, соның ішінде жаратылыстану - математика пәндері бойынша бағдарламаны  4661 оқушы сәтті меңгерді, бұл 53,7%  құрайды.

     15. Жалпы педагогтардың санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін жаңадан келген жас мамандар үлесі;

      2016-2017 оқу жылында білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін жаңадан келген жас мамандар үлесі 43 жас маманды немесе жалпы педагогикалық қызметкерлер санынан 2,6% құрайды.

   16. Ағылшын тілінде жаратылыстану -математика циклы пәндерінен сабақ беретін  педагогтар үлесі;

   Жаратылыстану -математика циклы пәндерінен сабақ беретін  мұғалімдер саны -250 адам, соның ішінде  9 мұғалім  пәнді ағылшын тілінде жүргізеді (3,6%).

   17. Білім беруде АКТ қолдану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтар үлесі;

    1702 пән мұғалімдері ішінен АКТ қолдану бойынша қайта даярлау курсынан 172 мұғалім өтті, бұл 10% -ды құрайды.

   18. 1 компьютерге шаққандағы  оқушылар саны;

     Өңір мектептерінде компьютердің жалпы саны  1539 бірлікті, оның ішінде оқу процесінде  1340 бірлікті құрайды, 1 компьютерге шаққандағы  оқушылар саны 7,1 адамды (іс жүзінде) құрайды. Облыстық көрсеткіш 5,7.

   19. Бейінді мектептердің  жалпы санынан жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептердің үлесі;

         Жаратылыстану-математикалық бағыттағы барлық 22 жалпы білім беретін мектептің ішіндегі лицей мектебі бейінді мектеп болып табылады.

      20. Жалпы  мектеп санынан сервистік қызмет көрсетумен жаңа модификация кабинеттері бар мектептердің үлесі (химия, биология, физика, лингафондық мультимедиялық кабинеттер).

      Мектепте мультимедиялық лингафондық және мамандандырылған кабинеттермен қамсыздандыру  2005 жылдан басталды.

     24 мектептің ішінен, Сольветка негізгі мектебі және Спутник негізгі мектептерінен басқа 22 орта білім беру мектептерінде жаңа модификациялы мамандандырылған кабинеттер бар, бұл 91,6% құрайды.

     21. «Тірек мектептер» саны- ШЖМ арналған ресурстық орталықтар;

      Ақсу қаласында №2 ЖББОМ және Лицей, екі тірек мектептер базасында ресурстық орталық жұмыс істейді, тірек мектептеріне төрт магнитті шағын жиынтықты мектептер: Ақжол орта мектебі, Достық орта мектебі, Б.Момышұлы орта мектебі және Сарышығанақ орта мектебі тіркелген.

         22. Білім беру ұйымдарында оқушылардың жалпы санынан орта білім беру ұйымдарының оқушыларын спорт секциялары қызметімен қамту;

         Ақсу қаласы және ауылдық аймағындағы жалпы білім беру мектептерінде жалпы  4867  оқушыны қамтумен 230 спорт секциялары жұмыс істейді, бұл 51% құрайды (2015 жылы -47%).

         23. Жалпы оқушылар санынан оқушыларды балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен қамту;

9563 оқушылардың жалпы санынан БЖСМ және №2 БЖСМ-мен балаларды қамту 1880 баланы құрайды, ол 20% құрайды (2015 жылы- БЖСМ 2427 оқушыларды, 27% қамтыды).

    24. Көркемөнер, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалардың үлесі;

    Жалпы білім беру мектептерінде үйірме жұмысымен балаларды қамту 485 үйірмеде 4676 баланы құрайды, ол жалпы оқушылар санынан 49% құрайды (2015 жылы: 375 үйірме, 3030 бала - 34%).

    25. Дамуда мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі;

     2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақсу қаласы және ауылдық округтерде дамуында мүмкіндігі шектеулі 871 бала тұрады, соның ішінде мектепке дейінгі жаста 132 бала және мектеп жасында 739 бала. Мектеп жасындағы 739 баланың ішінен 722–сі оқумен қамтылған, медициналық көрсеткіштері бойынша 16 бала оқытылмайды және 1 жасөспірім Ақсу ауылының АТМ бітіргеннен кейін (Мавкин Аяболат, Пограничник ауылы) жұмыс істейді. Инклюзивті біліммен қамтылған мектеп жасындағы балалар үлесі 97,6 % -ды құрайды.

     Мектеп жасына дейінгі 132 баланың 2-уі Павлодар қаласындағы арнайы түзету балабақшасына барады, 28-і №12 балабақшадағы арнайы топқа барады, 48 бала мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы топтарына біріктірілді, қалған 54 бала үйде отыр, ол 59% құрайды.

Осылайша, дамуда мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі 91,8% құрайды.

    26.  Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі көбейді.

    Жалпы орта білім беру саласында 9563 оқушылардың жалпы санымен 33 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 мектепте ПДК диагнозымен балалар үшін сыныптар бар, онда 113 бала білім алады. 8 мектепте логопедтер бар (2015 жылы -5 мектепте). Осылайша, 24% мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалды.

   Мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасуда.

 

 

 

2016 ж02.11.


2016-07-29 15:47:58

Сондай-ақ оқыңыз