Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру барысы туралы ақпарат.

     http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500000162 (сілтеме)

 

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру барысы

туралы ақпарат

 

         Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруға Ақсу өңірі бойынша 2016 жылға республикалық трансферттердің бекітілген бюджеті536,6 млн. теңгені, түзету енгізілген бюджет 517,2 млн. теңгені, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 21,5 млн. теңгені, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 56,9 млн. теңгеніқұрады.

         І бағыт«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 23 нысанды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 377,2 млн. теңге бөлінді.

         22 нысанда жұмыстар аяқталды, соның ішінде:

         1. Евгеньевка а. көшелерін ағымдағы жөндеу (І транш бойынша) – 35,5 млн. теңге;

         2. Қызылжар а. көшелерін ағымдағы жөндеу(І транш бойынша) – 27,6 млн. теңге;

         3. “Жаяу Мұса атын. Ақсу колледжі” КМҚК №2 корпусының жатақханасын күрделі жөндеу (ІІ транш бойынша) – 42,2 млн. теңге;

         4. “Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебі” КММ жұмсақ жабынын күрделі жөндеу (ІІ транш бойынша) – 7,3 млн.теңге;

         5. “М. Омаров атын. селолық округінің Жамбыл орта мектебі” КММ жұмсақ жабынын күрделі жөндеу (ІІ транш бойынша) - 8,3 млн.теңге;

         6. “№ 4 орта мектебі” ММ ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу (ІІ транш бойынша) -  – 2,3 млн. теңге;

7. “Ақсу қаласының № 2 орта мектебі” ММ ашық жарық күмбезді күрделі жөндеу (ІІ транш бойынша) – 13,5 млн. теңге;

         8. “Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi Ақсу медико-әлеуметтік мекемесі” КММ №1 корпусының ғимаратын ағымдағы жөндеу (ІІ транш бойынша) – 5,8 млн. теңге;

         9. “Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi Ақсу медико-әлеуметтік мекемесі” КММ сумен жабдықтау жүйесін, қасбетін ағымдағы жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру (ІІ транш бойынша) – 20,5 млн. теңге.

         10. Қалқаман а. Мәдениет үйін күрделі жөндеу (І транш бойынша) – 26,8 млн. теңге.

  Қаражатты үнемдеу есебінен жалпы– 11,2 млн. теңге сомаға 2 жоба жоспарланды.

         11. Соның ішінде “Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi Ақсу МӘМ” КММ мүгедектерге арналған үй-жайды бейімдеу бойынша ағымдағы жөндеу – 5,7 млн. теңге. Жөндеу жұмыстары 2016 жылғы 1 қарашада аяқталды;

       12. “С. Дөнентаев атын. ОБМ” КММ спорттық залын күрделі жөндеу – 5,4 млн. теңге. Жөндеу жұмыстары 2016 жылғы 28 қарашада аяқталды.

 Евгеньевка және Алғабас ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 119,3 млн. теңге ақшалай қаражат қарастырылды.

   Ақсу қ. Алғабас ауылының ФАП құрылысы – 38,6 млн. теңге, аяқталды, нысан 2016 жылға 29 желтоқсанда пайдалануға енгізілді.

  Евгеньевка а. ДА құрылысы, 2017 жылы аяқтау жоспарланады.

  Үкіметттің арнайы резервінен 9 нысандағы жөндеу жұмыстарына 56,9 млн. теңге бөлінді, 2016 жылғы 2 желтоқсанға нысандардағы жөндеу жұмыстары аяқталды, соның ішінде:

Жобаның атауы

Сома млн. тң.

Мердігер

1

М. Омаров атын. а. көшелерін ағымдағы жөндеу

14,7

Дорстрой ЖШС

2

Үштерек а. көшелерін ағымдағы жөндеу

12,0

Дорстрой ЖШС

3

Пограничный а. МСО ағымдағы жөндеу

2,4

Дуэт СТ ЖШС

4

Алғабас а. көшелерін ағымдағы жөндеу

7,0

Адэлантэ ЖШС

5

Ақжол а. МСО ағымдағы жөндеу

5,5

СанЖанАйс ЖШС

6

Қызылжар а. МСО ағымдағы жөндеу

1,2

Гуника ЖК

7

Парамоновка а. МСО ағымдағы жөндеу

1,8

Астим ЖШС

8

Парамоновка а. ДА ғимаратын ағымдағы жөндеу

7,5

Астим ЖШС

9

С. Дөнентаев атын. ОМ төбесін ағымдағы жөндеу

4,9

Дуэт СТ ЖШС

 

ЖИЫНЫ:

56,9

 

   Жоспар кезінде 246 уақытша жұмыс орны 247 құрылды, соның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жоспар кезінде 114 жұмысқа орналастырылған 115 жұмыссыз.

     II бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»  бойынша несиелендіруге қаржыландыру лимиті 82,0 млн. теңгені құрайды. 35 қатысушы несиелендірілді, одан: жалпы 88,0 млн. теңге сомаға ашуға – 13 адам, бизнесін кеңейтуге – 22 адам, соның ішінде 6,0 млн. теңге сомаға қайтарылған қаражат есебінен 2 қатысушы. Бөлінген сома 100% игерілді. Берілген 35 шағын несиелердіңжалпы санынан 8 жоба тірек АЕМ несиелендірілген.

2016 жылғы қыркүйекте жеткізілген жоспарға сәйкес Кәсіпкерлер палатасының базасында 14 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыту ұйымдастырылған.

    ІІІ бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойыншакәсіби оқуға 2016 жылы 5,4 млн. теңге сомасында трансферттер бөлінді. 2016 жылғы сәуір-маусым кезеңінде «Шебер-жөндеуші» мамандығы бойынша кадрларды қайта даярлау бойынша жоспарға сәйкес 12 адам (соның ішінде – 1 ауылдан) оқудан өтті, соның ішінде 12 адам жұмысқа орналастырылды. «Балқытушы» мамандығы бойынша 10 ай оқу мерзімімен кәсіби даярлыққа 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоспарға сәйкес 20 адам оқуын бастады. Есепті кезеңге игерілу 100% құрады.

  Жалақы төлемін ішінара субсидиялауға 20,5 млн.теңге сомасында трансферттер қарастырылды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар кезінде 80 жолданды және 108 (соның ішінде ауылдан - 59) жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындары қаланың және ауылдық өңірлердің 27 кәсіпорындарында құрылды. Есепті кезеңге игерілу 100% құрады.

  Жастар тәжірибесіне 4,6 млн. теңге сомасында республикалық трансферттер бөлінді. 2016 жылғы шілдеден бастап жоспарға сәйкес жастар тәжірибесін өту үшін арнаулы орта және жоғары оқу орындарының 24 түлегі жолданды. Есепті кезеңге игерілу 100% құрады.

   Сондай-ақ ағымдағы жылы нысаналы трансферттер есебінен ҚР Ұлттық қорынан Бағдарламаны іске асыруға 21,5 млн. теңге қарастырылды, соның ішінде:

   55 пен 64 жас аралығындағы тұлғалдарды кәсіби оқытуға, 3,9 млн. теңге бөлінді, 2016 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы желтоқсанға “Электромонтер” мамандығы бойынша қайта даярлау бойынша дейін 3 айлық курстарға 20 жоспар кезінде, 22 жұмыссыз азамат жолданды;

  18 бен 24 жас аралығындағы жалдамалы жқмыскерлер санатына оқытуға «Электромонтер» мамандығы бойынша кадрларды қайта даярлауға 2016 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы желтоқсанға дейін 10 жоспар кезінде 9 адам оқытылды, осы мақсатқа 1,1 млн.теңге қарастырылды. Жоғарыда аталған санаттар бойынша оқу Жаяу Мұса атын. Ақсу колледжінің базасында өткізіледі, бөлінген қаражаттың игерілуі есепті кезеңге 100% құрады.

   Оралмандардың көшуіне және ішкі көші-қонға субсидия беруге 16,5 млн. теңге қарастырылды. Өңірлік комиссияның шешіміне сәйкес квота алуға үміткер оралмандар саны 53 отбасын құрайды, онда 198 адам. 2017 жылғы 1 қаңтарға есепті кезеңге жоспар шегінде жалпы 16,5 млн. теңге сомаға 52 оралмандар отбасына (ондағы адам - 195) субсидия төленді.

   Бағдарламаға тұрғындардың қатысуын қамту жоспары 255 адамды құрайды, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатысушылар саны 359 адамды құрады.

 

 

 

 

2017 ж 04.01


2016-07-27 10:07:40

Сондай-ақ оқыңыз