Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті қолдауы

Мемлекеттің  кәсіпкерлік қызметті қолдауы

 

     1) Жаңа бастаушы кәсіпкерге көмек көрсету (ақпарат, кәсіпкер өз бизнесін құрған шақта барлық кезеңдерін түсінуге жәрдемдесу).

Тіркелуге арналған құжаттар

Тіркеуші орган

Мерзімі

Алатын құжаты

1) бекітілген үлгідегі өтініш;
2) ЖК мемлекеттік тіркеуге алу үшін 2 АЕК (2 826 теңге) алынады;
3) жеке куәліктің (төлқұжаттың) түпнұсқасы мен көшірмесі;

4) 3,5×4,5 см фото сурет;
5) ЖК орналасқан жерді растайтын құжат

(азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оған пайдалану құқығын растайтын құжат).

Аумақтық салық органы

3 күннен кем емес

-Салық комитетінен алынатын, ЖК мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік.

Сіздің жеке мәліметтеріңіздің дұрыс толтырылуына назар аударыңыз, мәліметтеріңіз қате толтырылған жағдайда түрлі мемлекеттік және жеке структуралар құжатты мойындамауына байланысты мәселе туындауы мүмкін.

   Басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Құжаттарды тапсырғаннан кейін салық комитетінің қызметкері оларды тексереді және қажет болған жағдайда түзету енгізеді. Егер де барлығы дұрыс болса, Сізде қалатын екінші данасына салық инспекторы өтінішті қабылдағаны туралы белгі қою керек, белгі ретінде онда тегі, аты, әкесінің аты, оның қолы, салық органның коды мен қабылданған мерзімі жазылады. Немесе салық комитетінің қызметкері Сізден құжатты қабылдағаны туралы арнайы талон беруі тиіс.

     Назар аударыңыздар: Егер Сіз шаруа (фермерлік) қожалығын тіркесеңіз, I, II мен III топтағы мүгедек болсаңыз, немесе оралмандар (ҚР азаматтығын алғанға дейін) және қолыңызда оны растайтын құжат болса, Сізді салық органында тегін тіркеуге міндетті!

         Кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның өтініші негізінде оған құжаттың мемлекеттік тіркеуін куәландыратын дубликат беріледі. Дубликатты беру үшін мөлшермеге төленетін алымнан 25 % көлемінде алым төленеді. 

        Кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беретін өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, органда бекітілген форма бойынша тіркеуге алатын органға өзгерістер туралы хабарлауы міндетті. Куәлікте көрсетілген мәліметтер өзгерсе, кәсіпкер қайта тіркеліп және жаңа куәлік алуға міндетті.

    ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін Сіз өзіңіздің кәсіпкерлік қызметіңізді бастай беруіңізге болады.

           Шағын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қаражаттандыру (қаражатты алу шартын көрсете отырып, қажетті құжаттарды кәсіпкерге ұсынылатын қаражаттың тізімі. Қаражатты беретін мемлекеттік органдардың мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп; алу процесін сипаттау).  

     1. Қаражаттандыру көлемі белгіленген - несие/лизинг бойынша 10% жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Сонымен бірге пайда болған айырмасын кәсіпкер төлейді.

     2. Жобаның мақсатқа арналуы – инвестиция, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен кеңейту.

     3. Айналым қаржысын толтыруға несиеден 30% дейін, 70% кем емес инвестициялық мақсаты бар – қаржыландырылатын болады.

     4. 60,0 млн. теңгеге дейін несие, «Даму» қорының кепілдемесі бар болса, айналым қаржысын толтыруға 100% жолданған - қаржыландырылатын болады.

     5. Несиенің/ лизингтің максималдық сомасы - 750,0 млн теңгеден артық емес.

     6. Жоба құнының 10% меншікке қатысуымен несие бойынша 180 млн. теңгеге дейін – қажеті жоқ.

     7. Қаражаттандыру мерзімі – 3 жыл, 6 жылға дейін қаржыландыру мерзімін ұзарту мүмкіндігімен.

     8. Несие/лизинг қайта қаржыландыру мерзімі бойынша талап – 4 жылға дейін.

     БЖК – 2020 бойынша шағын қаржыландыру ұйымдарын ауыл шаруашылығын қолдау қоры несиелендіре бастады.

    Қарыз алушыға негізгі талап – бюджетке салық бойынша және басқа да міндетті төлемдерді, екінші деңгейлі банк және басқа да қаржыландыру институттарына мерзімін өткізіп алған қарызы болмауы керек, кредиттік тарихы, қарыздың мақсатты пайдаланылуын тексеру үшін қажетті және жеткілікті ұсынылған құжаттары  несие беруге ұйғарым беріледі.

   Сондай-ақ шағын қаржы беретін (шағын несие беру) ұйымдарының несиелендіру бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Енді «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» аясында; моно шағын қалаларға, әрі қарай ауылға шағын несие беру - ШҚҰ (ШНҰ) үш бағыт бойынша қаржы беруімен қатар; «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында моно шағын қалаларға, ауылдық елді мекенде шағын кәсіпкерлік жасайтын субьектілеріне шағын несие беру үшін көктемгі – егістік және орып-жию жұмыстарын жүргізуге ШҚҰ (ШНҰ) қаржыландыру енгізілген.

  Сонымен қатар бұл бағдарлама бойынша мақсаттық тағайындау жайында салалық шектеуі жоқ. ШҚҰ (ШНҰ) үшін қарыз сомасы 10-нан 350 миллион теңге, негізгі қарыз алушыларға 10 миллионан артық берілмейді.

    Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы «Бизнестің жол картасы -2020» ойдағыдай іске асқандықтан Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес экономикасына айтарлықтай оңды үлесін қосуда:

             2016 жылы Павлодар облысына 2 млрд 736,3 млн. теңге бөлнді, соның ішінде.

           - 2 млрд 347,0 млн. теңге кредит бойынша пайыздық мөлшерлемемен қаражаттандыруға;

           - 20,0 млн. теңге гранттық қаржыландыруға;

           - 215,4 млн. теңге шағын несиелендіруге.

153,9 млн. теңге жартылай гранттық қаржыландыруға

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарлама аясында ағымдағы жылы сомасы 777,482  млн. теңге құрайтын 34 жоба мақұлданды, оның ішінде:

Екінші деңгейлі банктің кредиті бойынша пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 573,7 млн.теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданды, соның ішінде 134 млн.теңге соны құрайтын 6 жобаға кредит берілді, 439,7 млн.теңге соманы құрайтын 5 жоба әзірленуде.

  1)   Едіге Шон ЖШС (директоры-Мадина Тогжановна Музапарова) – қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау,айналым қаражатын ұлғайтуға - 90,0 млн.тг.

  2)   Едіге Шон ЖШС – қызмет түрі – авто көлікаеп жүк тасымалдау,айналым қаражатын ұлғайтуға -  60 млн.тг (ағымдағы жылы ӨКК мақұлданды, қазіргі уақытта әлі қаражат бөлінбеді).

  3)  Демеуова  ЖК (Алия Каировна Демеуова)- қызмет түрі - сауда, айналым қаражатын ұлғайтуға - 3,0 млн. тенге.

  4)   Абдуалиева ЖК (Маргарита Харисовна Абдуалиева) – қызмет түрі - сауда, 3,0 млн. тг сома.

  5)   Азия Пласт ЖК (директоры Калматай Куашевич Макенов)- қызмет түрі – қонақ үй қызметі мен құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасау, 23,0 млн.тг. сома.

  6)   Жулдыз ЖК (директоры Ермек Калкатаевич)қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау, көмір тасуға  10,0 млн. тенге.

  7)   Жулдыз ЖК - қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау, көмір тасуға 5,0 млн. тенге сома.

 8)   «Уванова» ЖК Уванова Татьяна Казбековна- жобаның мақсаты: көкөніс қоймасын салу, ауылшаруашылық техника үшін көлікжай, жұмыскерлер үшін тұрғын үй, 2016 жылғы 8 желтоқсанда №127 ӨКК жалпы сомасы 262 млн. теңгені құрайтын жоба мақұлданды (сома табысталмады). 

  9)   «Шыгыс-Альянс-ЕК» ЖШС  Татьяна Казбековна Уванова жобанң мақсаты: ауылшаруашылық техниканы сатып алу, 2016 жылғы 8 желтоқсанда №127 ӨКК жалпы сомасы 90 млн. теңгені құрайтын жоба мақұлданды (сома табысталмады). 

  10) «Актив Д» ЖШС (директоры –Серик Даулетбекович Кариев);

  Басқа категорияға енбеген, т.б. химиялық өнімдерді өндіру. Жобаның сомасы - 12 700 000 теңге. Қаржыландыруға жататын сома - 12 700 000 теңге. Жобаның мақсаты – Инвестиция (сумма табысталмады).

  11)   «Жанай» ЖК - (Директоры - Нукин Ербол);

  Қайбір нақтылаусыз кең ассортиментті тауарларды бөлшектеп сату. Жобаның сомасы – 15 000 000 теңге. Қаржыландыруға жататынссома- 15 000 000теңге. Жобаның мақсаты- Ақсу қаласы, Промышленная көшесі, 15 Б- орналасқан да жалпы ауданы - ,1544 га. өз жер учаскесінде бірнеше қызмет көрсететін өндіріс -көкөніс сақтау қоймасы комбинаты салу жоспарлануда (сома табысталмады).

   «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ қаржыландыру агентінің бөлшектеп кепілдемелендіру бойынша сомасы 16,0 млн. теңгені құрайтын 5 жоба мақұлданд

 1,2) Жулдыз  ЖК– қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау:

  Инвестициялық қарыздың сомасы 5,0 млн. тенге және  

  айналым қаражатын ұлғайтуға- 2,5 млн. тенге.

   3)  Жанай ЖК– қызмет түрі – көкөніс сақтайтын қойманы жалға беру, көкөніс сақтайтын қойманы салу үшін инвестиция 7,5 млн. тг. сомаға

  4) Едіге Шон ЖШС– авто көлікпен жүк тасымалдау, сомасы 1,0 млн. тенге.

«Ауыл шаруашылықты қолдау қоры» АҚ арқылы шағын кредит беру бойынша 69,288 млн. теңгеге 18 шағын кредит берілді және мақұлданды.

Жеткіліксіз өндірістік инфрақұрылым жүргізу бойынша сомасы 118,494 млн. теңге «Ақсу қаласының жылыжай кешені» ЖШС 1 жобасы іске асырылуда.

«Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ

140100, Ақсу қ., Пушкин көшесі, 42,

                                                 Тел.+7(71837)69102, факс.+7(71837)56057

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 23.01.
 

 


2016-07-22 16:16:13

Сондай-ақ оқыңыз