Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту туралы ақпарат .

 «Бизнестің жол картасы 2020» 

бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту туралы ақпарат

  Ақсу қаласының шағын және орта бизнесінің экономикасын позитивті өсіруде бірыңғай “Бизнестің жол картасы-2020” бизнесін қолдау және дамыту бағдарламасы арқылы жүзеге асуда,  бағдарлама аясында ағымдағы жылы жалпы сомасы 336 млн. тг. құрайтын 12 жоба мақұлданды, соның ішінде:

екінші деңгейлі банк арқылы кредит бойынша пайыздық мөлшерлемемен қаражаттандыру бойынша 7 жоба, 194 соманы құрады.

  1)  Едіге Шон ЖШС – қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау,айналым қаражатын ұлғайтуға - 90,0 млн.тг.

  2)   Едіге Шон ЖШС – қызмет түрі – авто көлікаеп жүк тасымалдау,айналым қаражатын ұлғайтуға -  60 млн.тг (ағымдағы жылы ІҚМ мақұлданды, қазіргі уақытта әлі қаражат бөлінбеді).

   3)   Демеуова А.К. ЖК- қызмет түрі - сауда, айналым қаражатын ұлғайтуға - 3,0 млн. тенге.

  4)  Абдуалиева Маргарита Харисовна ЖК – қызмет түрі - сауда, 3,0 млн. тг сома.

  5)   Азия Пласт ЖК- қызмет түрі – қонақ үй қызметі мен құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасау, 23,0 млн.тг. сома.

  6)   Жулдыз ЖК - қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау, көмір тасуға  10,0 млн. тенге.

  7)   Жулдыз ЖК - қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау, көмір тасуға 5,0 млн. тенге сома.

  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды АҚ кредиттік қаржыландыру бойынша агенті жартылай гранттық қаржыландыру арқылы  23, 5 млн. теңге сомны құрайтын 4 жоба мақұлданды:

  1,2) Жулдыз  ЖК– қызмет түрі – авто көлікпен жүк тасымалдау:

Инвестициялық қарыздың сомасы 5,0 млн. тенге және  

айналым қаражатын ұлғайтуға- 2,5 млн. тенге.

     3)  Жанай ЖК– қызмет түрі – көкөніс сақтайтын қойманы жалға беру, көкөніс сақтайтын қойманы салу үшін инвестиция 15 млн. тг. сомаға

   4) Едіге Шон ЖШС– авто көлікпен жүк тасымалдау, сомасы 1,0 млн. тенге.

  Жетпейтін өндірістік инфрақұрылым жүргізу бойынша 1 жоба іске асуда, сомасы 118,494 млн.тенге.

  «Ақсу қаласында Жылыжай кешені» ЖШС –не арналған инженерлік желі тарту бойынша .

  «Ауыл шаруашылықты қолдау қоры» АҚ-мен шағын қалалар мен аудандық облыс әкімдігімен шағын несиелендіру бойынша.

  2016 жылдың 29 қарашасында қор 62, 688 млн. тг. Соманы құрайтын 17 шағын несие мақұлдады, соның ішінде 6,600 млн. тг. құрайтын 1 шарт қарастырылуда (кесте қоса беріледі).

  Өңірлік индустриаландыру картасы аясында 2016 жылы  ПТСФ «ДАНиЕР»  ЖШС - болатты құбыр шығаруды ұйымдастыру жобасы қарастырылған. Инвестициның көлемі – 0,22млрд.тенгені құрайды. Жұмыс орын саны-70 адам. Павлодар облысының өңірлік үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №11-05/93 хаттамасымен аяқталуы жоспарланған мерзім 2017 жылға алмастырылды.

Бар өндірістің жүмысын қайта қосу іске асыру үшін инвестерлер іздестірілуде.

  1) “Аружан  ТС” ЖШС  Жумаханов Иманмади Кабыкенович тел./факс 87014825631, 87051473466

  Павлодар қаласынан 70 шақырымда орналасқан, Павлодар облысы Ақсу қаласының ауылдық аймағында орналасқан доңыз кешені бар. Доңыз кешені Достық ауылдық округі Достық ауылының автотрассасы мен Павлодар-Астана темір жолына жақын орналасқан.

2014 жылдың ақпан айында Астана қаласының  “Аружан  ТС” ЖШС жаңа құрылтайшысы болды.

  Қазіргі уақытта меншік иесі Достық ауылындағы доңыз кешенін “Аружан  ТС” ЖШС  (Астана қ)  Қытай инвестрлерімен бірлесіп кешінін қалпына келтіру және қайта жаңғырту бойынша  біріккен жұмысты анықтайды немесе оларға кәсіпорынның мүлкін сатуға дайын.

  Кәсіпорында бар мүліктер: көлік құралдары - 8 бірлік 1984 – 1993 жылы шығарылған, жағдайы қанағаттанарлық; 19 жер учаскелері, жалпы алаңы 62,2 га; уақытша пайдалану құқығы (жалға беру- 08.06.2016 ж. дейін), жалпы алаңы 10,6 га 2 жер учаскесі; ғимараттар мен өндірістік үй-жайлар – 40 бірлік ,1989 жылы салынған, қанағаттанарлық жағдайда; негізгі құрал-жабдықтар (құрал-жабдықтар) саны 382, қанағаттанарлық жағдайы; тауарлы-материалдық құндылықтар 269 бірлік, қанағаттанарлық жай-күйі. Нысан 108,5 млн. теңге құны бойынша сатып алынған. Сыйымдылығы 25 мың бас шошқаға есептелген.

  2) "Қалқаман элеваторы және К" ЖШС, Құрылтайшы "Шымкентмай" АҚ, Атқарушы директоры – Қоңырбаев Төребай Ташимович -78371,87777221201

   НҚК (нан қабылдау пункті) – кәсіпорынның қызмет түрі қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, астықты сақтау және тиеп жөнелту. Телекоммуникация құралдарын орнату үшін өндірістік емес алаңды беру бойынша қызмет көрсету.

  Үш корпусты Элеватор, жалпы сыйымдылығы 27,0 мың тонна және жер үсті қоймалары, жалпы сыйымдылығы 19,2 мың тонна. 2015 жылғы қазан айынан бастап 2016 жылғы 9 ақпанға дейін 8,5 мың тонна күнбағыс қабылданды, оның ішінде 3,2 мың тонна сақталуда. Өндіріс рентабельділігінің деңгейі теріс.

  3) "Выбор" Ақсу азық-түлік комбинатын қайта жаңарту. Іске асыру орны: Ақсу қаласы. Жұмыс орындарының саны - 50 адам. 30 түрден астам шұжық өнімдері өндірісі. Жоба аясында 30-дан астам шұжық түрлерін өндіру,  қажетті жабдықтарды және шикізат сатып алу жоспарлануда. Жобаның өндіріс қуаты күніне 2 тоннадан астам дайын өнім. Барлық инфрақұрылым бар.

  Құрылтайшы - Боровков Виктор Владимирович, тел./факс 87015116795, 8 7182620808

  Етті қайта өңдеу цехы  "Выбор" ЖШС қазіргі уақытта тоқтап тұр. 2011 жылдың мамыр айынан бастап консервациялауда тұр. Цехтың қуаттылығы 4 тонна бір ауысымда.

  Есеп беру  күніне  "Выбор" ЖШС басшылығы әлеуетті сатып алушылармен шұжық цехын сату бойынша кездескен, бірақ әзірге оң нәтиже жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2016 ж 06.12


2016-05-30 10:34:37

Сондай-ақ оқыңыз