Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

2017 – 2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

    2017 – 2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру шеңберінде Ақсу қаласы бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде.

  2017 жылы 1 тамызға халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1496 адам (соның ішінде ауыл 349), 890 адам жұмысқа орналастырылды (соның ішінде ауыл 195) немесе 59,5%.

Есепте жұмыссыздар ретінде тіркелген 219 адам.

   Жұмыссыздық деңгейі еңбек нарығында тіркелген (тіркелген жұмыссыздар үлесі) 0,6% - ға құрап, өсті.

Бірінші бағыты: бағдарламаға қатысушылардың техникалық және кәсіптік білімі бар және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету.

2017 жылы қысқа мерзімді кәсіби оқыту бойынша жұмысшы кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға қатысушылардың қамту жоспары 78 адам құрайды.

Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2,8 млн. теңге (ЖБ). Жоспарланған кәсіптік оқыту келесі мамандықтар бойынша: аспаз – 10 адам, кран машинисі – 15 адам, тиегіштің жүргізушісі – 5 адам, бухгалтер – 5 адам, маникюр және педикюр – 5 адам, слесарь-жөндеуші – 10 адам, тігінші – 12 адам, шаштараз – 10 адам, жүргізуші – 10 адам.

Оқыту 2017 жылғы мамыр-қараша айына жоспарланып отыр. 1 тамыздағы жағдай бойынша 51 адам оқуға жіберілді (2 келесі жағдайларда шығарылады), 49 адам оқуға кірісті, оның ішінде аспазшы - 12 адам, шаштараз - 10 адам, жүргізуші "В" – 10 адам, тиегіштің жүргізушісі – 5 адам, тігінші – 12 адам.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

Алдын ала деректеріне сәйкес Ақсу аумағында микро кредит беруге 148,2 млн. теңге қарастырылған. Кешенді жоспар бойынша 14 бизнес жобасын несиелендіру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша несие алуға ниеттілер 55 адам (оның ішінде ауылда 54 адам) 2016 жылдан бері 20 адам несиеленуді күтуде.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

2017 жылы жалақыны ішінара субсидиялауға 43,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет (бұдан әрі - РБ) есебінен 29,4 млн. теңге, жергілікті бюджет (бұдан әрі - ЖБ) есебінен 13,6 млн. теңге көзделді.

   Қамту жоспары 180 адамды құрайды. 2017 жылы 1 тамызына әлеуметтік жұмыс орындарына 199 адам, (оның ішінде 75 адам ауылды елді мекеннен) жолданып, жұмыспен қамтылды. Жоспар бойынша 17,8 млн. теңгенің 100%  игерілді.

Ағымдағы жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 16,4 млн. теңге, оның ішінде: РБ – 6,8 млн. теңге, ЖБ – 9,6 млн. теңге қарастырылған. Жастар тәжірибесінен өтегу арнайы орта және жоғару оқу орындарының 100 түлегін жолдау жоспарланған. 2017 жылдың 1 тамыз жағдайына  24 адам (оның ішінде ауылда-6). Жоспар бойынша 0,9 млн. теңгенің 100% игерілді.

2017 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 34,2 млн. теңге көзделді.

   Қамту жоспары 250 адамды құрайды. 2017 жылдың 7 ай жағдайы бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 266 адам жолданды, оның ішінде 96 адам елді мекеннен. Жоспар бойынша 19,5 млн.теңгенің 100% игерілді.

Оралмандар мен ішкі мигранттарға көшуге субсидия төлеуге ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен (РБ) 7,2 млн. теңге қарастырылған.

  Сонымен қатар қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге 11,1 млн. теңге сомасында (ЖБ) субсидия көзделді.

2017 жылға Ақсу қаласына оралмандарды қоныстау котасы 18отбасы/90адамды құрайды. 2017 жылдың 1 тамыз жағдайына 1 отбасы (8 адам) көшіп келді. Көшуге 0,9 млн.теңге субсидия төленді.

  2018-2021 жылдары бойынша Ақсу қаласының ауыл аймаққа жұмыс күші артық өңірлердің қоныс тұлғалардың саны 500 отбасы, оның ішінде 2000 адам. Осыған байланысты, Павлодар облысының әкімімен ағымдағы жылдың басында қоныс аудару туралы тапсырма берілді.

Шығару өңірлері анықталды: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары.

Ағымдағы жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысы, Жамбыл ауданынан 1 отбасы, құрамы 2 адам Ақсу қаласына келді.

  Осы отбасының құжаттары Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өңірлік квотасына енгізу туралы қарау және шешім үшін қабылдауға бағытталған.

   2017 жылғы шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысынан К. К. Шагаев Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылына.ля қоныс жағдайларымен танысуға келді. Оған "Ақ Сары" шаруа қожалығына жұмысқа орналасу ұсынылды. Бүгінгі таңда, оның отбасы көшетіні туралы шешім  қабылданған жоқ.

  Ағымдағы жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша Оңтүстік Казақстан облысы, Мақтарал ауданы, Мырзакент ауылының 2 отбасы Ақсу өңіріне көшуге бел буды. Осыған байланысты, Алғабас селолық округі Айнакөл ауылында орналасқан «Атамұра-Павлодар» ЖШС демеушілер қаражаты есебінен осы отбасыларға қоныс аудару, келу, танысу жағдайлары мақсатында 2017 жылдың 9 тамызына билеттер сатып алынған.

Ақсу өңіріне ерікті қоныс аударуға тілек білдірген отбасымен ақпараттық - түсіндіру жұмысы туралы жалғасуда және Ақсу қаласының жұмыспен қамту органдарында үнемі бақылауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 08.07


2017-08-07 09:01:53

Сондай-ақ оқыңыз