Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

01.09.2019 ж Ақсу қаласының ауылдық аймағы бойынша АӨК дамыту туралы ақпарат

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнмінің нақты көлем индексі – 104,1%.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне жалпы өнім көлемі бойынша НКИ ауыл шаруашылығы – 8008,6 млн теңге, 102,0  құрады.

Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 2018 жылға 1304,0 млн теңге немесе 99,0 %, мал шаруашылығы – 2018 жылға 6701,4 млн теңге немесе 102,6%,

Қаржыландыру.

2019 жылдың басынан ауыл шаруашылығын дамыту үшін әр түрлі қаржыландыру көздерінен – 1169,5 млн теңге бөлінді.

Республикалық бюджеттен субсидия түрінде 34,1 млн теңге бөлінді, оның ішінде:

- инвестициялық субсидиялауға инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің 16 шаруашылыққа – 34,1 млн теңге сомасында.

Облыстық бюджеттен 402,4 млн теңге, оның ішінде:

- мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға сомасы 64,5 млн теңге.;

- 21 шаруашылыққа селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге сомасы 25,0 млн теңге;

- 19 шаруашылыққа асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға – 6,4 млн теңге;

-  1 жылға жемдік сиырлардың азығы шығындарының құнын арзандатуға 1 шаруашылыққа – 87,8 млн теңге;

- сатылған немесе орнын ауыстырған бұқашықтардың құнын арзандатуға сыйымдылығы 1000 бастан кем емес бордақылау алаңдарына бордақылауға біржолғы 3 шаруашылыққа – 9,9 млн теңге;

-  7 шаруашылыққа минералдық тыңайтқыштарды арзандатуға – 64,1 млн теңге;

- 2 шаруашылыққа жоғары репродукциялы тұқымдарды арзандатуға – 125,4 млн теңге;

- 6 шаруашылыққа гербицидтерді субсидиялауға – 19,3 млн теңге;

«ҚазАгро» ҰБХ АҚ  еншілес кәсіпорындары арқылы несие беру – 733,0 млн теңге бөлінді, оның ішінде:

- «Ақсу» несиелік серіктестігі арқылы несие беру – 422,8 млн теңге, оның ішінде:

«Агробизнес және Кең Дала» бағдарламасы бойынша – 392,0 млн теңге (18 шаруашылық);

«Еңбек» бағдарламасынан – 30,8 млн теңге (4 адам);

-  «АШҚҚҚ» АҚ арқылы барлығы – 310,2 млн теңге, оның ішінде:

-  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 186,6 млн теңге (4 шаруашылық);

- «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 123,6 млн теңге (30 адам);

 

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік алқабы Ақсу қаласы бойынша 33347 га құрды (2018ж. 107%).

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудың жалпы алаңы 14497 га құрайды, оның ішінде: бұршақты дақылдардың аумағы 6885 га, майлы дақылдар 1112 га, сүрлемге жүгері 903 га, картоп 3580,3 га, көкөніс 1033 га және бақша дақылдары 18га, бір жылдық шөптер аумағы 966га.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде: дәнді дақылдар 3070га (45%) алқапта шабылды, 2870га (42%) алқапта жиналды, жалпы түсім 3024 тонна астықты құрады, орташа өнімділігі 10,5 цга, оның ішіңде:

Келесі дақылдар толығымен жиналды: 280га алаңдағы сұлы (100%), жалпы түсім – 196 тонна, өнімділігі 7,0 цга, тары 160 алқабында (100%), жалпы түсім – 112 тонна құрайды, шығымдылығы 7,0цга, қарақұмық – 60га (100%), жалпы түсім 24 тонна құрайды, өнімділігі 4,0 цга, күздік қара бидай 70га (100%), жалпы түсім – 35 тонн, орташа өнімділік 5,0 цга құрайды.

Бидай – 600га (43,4%) алқапта шабылған, алқабында 400га (30%) жиналған, жалпы түсім – 320 тонна құрайды, өнімділігі 8 цга.

Арпа 1900га (39%) алқабында шабылған, 1900 (39%) алқабында жиналған, жалпы түсім – 2337 тонна, өнімділігі 12,3 цга.

Картоп 1080га (30%) алқабында жиналды, жалпы түсім 27540 тонна құрды, орташа өнімділігі 255цга.

Көкөністер 360га (35%) алқабында жиналды, жалпы түсім 10080 тонна құрды, орташа өнімділігі 280цга.

Бақша 5га (28%) алқабында жиналды, жалпы түсім 140 тонна құрды, орташа өнімділігі 280цга.

Астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі қойма үй-жайлары сыйымдылығы 54800 тонна астық қабылдауға дайын, оның ішінде «Қалқаман элеваторы және К» ЖШС-і – 46800 тонна.

Картоп пен көкөністің жаңа өнімін қабылдау 28 картоп қоймасы 53400 тонна сыйымдылығымен және 6 көкөніс қоймасы 19500 тонна сыйымдылығымен толығымен дайын.

«LF-TRADE» ЖШС және «ТК Парнас» ЖШС-не операторлары арқылы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отыны 573 тонна бөлінген, оның ішінде шілде айында 186 тонна, тамыз айында 164 тонна және қыркүйек айына 224 тонна. Арзандатылған 381 тонна (109%) көлемінде дизель отынына 2.09.2019ж.  өтініштер берілген, 259 тонна (74%) төленген және 228 тонна (65%) шығарылған.

Ақсу аумағы бойынша 2019 – 2020 жылдары 35,0 мың шартты мал басы қыстауға жоспарланады.

Мал азығын дайындауды ұйымшылдықпен жүргізу үшін жұмыс жоспары дайындалды, сол бойынша осы мал басына 77,0 мың тонна шөп қажет.

Мал азығын дайындау бойынша тапсырма ауылдық округтерге жеткізілді.

Сонымен қатар 3,0 мың тонна пішендеме , 12,0 мың сүрлем, 2,4 мың тонна сабан дайындау жоспарлануда.

Шөп дайындауға жоспар бойынша барлығы 394 өлшем тракторлар жұмылдырылады, сонымен қатар, шөп дайындауға астық жинайтын жәнемал азығын жинайтын комбайндар, тіркеме дестелегіш және шөп тасымалдау автөкөліктер жұмылдырылады.

Қазіргі уақытта барлық ауылдық округтерде жем-шөп, көпжылдық шөптер және дала шөптер суармалау жүргізілуде.

2019 жылдың 2 қыркүйегіне жедел деректер бойынша барлығы 102,5% мың га немесе 107% жоспарға, ірі мал азығы 89,3 мың тонна (116%) 4,5 мың тонна (150%) пішендеме дайындалды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Суармалау.

Ағымдағы жылы суармалау алаңы 12835га құрады (2018ж. 109%)6, бұл 2018 жылға қарағанда 1006га артық.

Евгеньевка селолық округі бойынша суармалы алқаптарды ұлғайту 215га (ШҚ «Виктория»-215га), Қалқаман ауылдық округі 4га, (ШҚ «Абу Бакр»-4) және М. Омарова атындағы ао  бойынша 787га («Крон Агро» ЖШС-660га, «Алихан» ШҚ – 80га, «Гульмира» ШҚ-47га).

Техника сатып алу.

Ағымдағы жылы өңірдің АШТӨ 27 ауылшаруашылық техника – 557,4 мың теңгеге сатып алынды.

Мал шаруашылығы

8 айдың ішінде тірі салмақтағы  ет 6416,3 тонна (100,0%); сүт 23647,1 тонна (102,3%), жұмыртқа 1787,7 мың дана (100,0%).

Анықтамалық:

2019 жылдың 8 айдың ішінде құстардан басқа, ауыл шаруашылығының жануарларын мал басының өсуі байқалады:

- ІҚМ 33569 бас 102,2% (2018ж. – 32839 мың бас);

- қой – 49189 мың бас 101,3% (2018ж. – 48527 мың бас);

- ешкі – 6684 мың бас 103,4% (2018ж. – 6463 мың бас);

- жылқы – 11290 мың бас 103,7% (2018ж. – 10888 мың бас);

- шошқа –1566 мың бас 100,0% (2018ж. – 1565 мың бас);

- құс – 344980 мың бас 97,8% (2018ж. – 352787 мың бас);

2019 жылдың 1 қыркүйегіне аймақта ІҚМ өсіру бойынша 5 шаруа қожалығы құрылды: «Төре» ШҚ, «Айдана Агро» ШҚ, Алғабас ао, «Мирас» ШҚ, Қызылжар ао, Алғабас ао «Боброва» ШҚ, және ҰҚМ өсіруден – (М. Омарова ао «Кеңес» ШҚ).

2019 жылға «Сыбаға» бағдарлама бойынша шаруа қожалықтары асыл тұқымды ІҚМ сатып алу арналған жоспар – 712 бас құрайды.

Бүгінгі күні 7 шаруашылыққа 57 бас (жоспарға 80,2% ) ІҚМ алу үшін несие берілді.

Оның ішінде ІҚМ 341 бас (немесе жоспарында 47,9%) әкелінді,(«Бақыт» 4 шаруа қожалығы – 41 бас (Достық ао Достық ауылы), «Барақат» ШҚ – 100 бас (Қызылжар ао Суаткөл ауылы), «Бауржан» ШҚ – 100 бас (Қызылжар ао Сарышығанақ ауылы), «Римма» ШҚ – 100 бас (Достық ао Пограничник ауылы).

«Рахмет» ШҚ (Алғабас ао Каракөл ауылы) пенза облысы Нижнее Ломовской ауданы «Велес» ЖШҚ-мен 70 бас симментал тұқымды ІҚМ сатып алуға шарт жасады.

Ағымдағы жағдай: Дәл осы уақытта мал карантинде тұр. Мал әкелу ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін белгіленеді.

«Алты-Ай» ШҚ (М.Омарова ао Сырлықала ауылы) РФ Томск облысымен «Агропрогресс» ЖШҚ-мен 58 бас симментал тұқымды ІҚМ сатып алу үшін шарт жасады.

 Ағымдағы жағдай:ағымдағы жылдың 13 тамыздан ІҚМ карантинде тұр. Мал әкелу ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін белгіленеді.

«АқсуТрансБизнес» ЖШС РФ Татарстан Республикасымен (Ақсубай ауданы, пгт Ақсубаево, «Альянсавтострои» ЖШҚ) герефорд тұқымы ІҚМ 100 бас сатып алуға шарт жасады.

«Нұрғазин» ЖК  құжаттары (Достық ао, Достық ауылы) «Тамыр» КС (Аққулы ауданы) арқылы 100 аналық мал басын сатып алуға қарауында жатыр.

Есепті кезеңде «Айдана Агро» ШҚ (Алғабас ао Жолқұдық ауылы) құжаттары «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 112 аналық мал басын сатып алуға қарауда.

Сонымен қатар қазіргі уақытта «Табыс ШҚ» ЖШС-не «Ақсу» КС арқылы 150 аналық мал басын ІҚМ сатып алу өтінім берілді.

ҰҚМ

Шаруа қожалықтарының ҰҚМ аналық мал басын сатып алу жоспарынан – 860 бас құрайды.

«Жамал» ШҚ-нан (Алғабас ао, Жолқұдық ауылы) «Азамат» ШҚ Ақсу қаласына 358 бас ҰҚМ жеткізілген.

Өңірдің 2 шаруашылығы 500 бас ҰҚМ сатып алу үшін  несие алуға құжаттарды жинайды, оның ішінде: «Ақсу» ҰС арқылы – «Алты ай» ШҚ – 200 бас, АШҚФ арқылы – «Кеңес» ШҚ – 300 бас.

Жыл соңына дейін жоспар орындалады.

Бұқашықтарды бордақылау алаңына тапсыру жоспары 1100 бас құрайды. Есепті кезең бордақылауға 225 бас берілді, одан: («Ер-Али» ШҚ – 86 бас, М. Омаров атындағы ао, «Рахмет» ШҚ – 39бас, Алғабас ао, «Рямбов» ШҚ – 100 бас, Евгеньевка ао).

Аумақта аналық мал басын қамтуды арттыру, асыл тұқымды бұқаларды сатып алу жолымен тұқымдық түрлендіру бойынша ІҚМ өндірушілер бойынша жұмыстар жүргізілуде.   

Қазіргі ауқытта қамту  аналық мал басын түрлендіру 11,9 % құрайды, облыстық көрсеткіші – 19,3% .

Есепті кезеңде тұқымдық түрлендіруде – 138 асыл тұқымды бұқалардың басы пайдаланады, қосымша – 57 бас қажет, оның ішінде мерзімі өткен бұқалар – 8бас.

Ағымдағы жағдай: (2549 бас немесе 19,2% 13298 бас жыл басына, және 102 бұқа-өндірушілер  тұқымдық түрлендіруге қатысады).

Жыл басынан аймақтың шаруашылықтары 77 асыл тұқымды бұқаларды республиканың асыл тұқымды шаруашылықтарынан сатып алынған.

Сондай-ақ облыс шаруашылықтарымен 4 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алу туралы ауызша келісім бар.

Аймақ шаруашылықтарымен аналық мал басын қамтуды арттыру бойынша жұмыс тұқымдық түрлендіруде мал басы жалғастырылып, бөлімнің тұрақты бақылауында.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және дайындау

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауымен 27 кәсіпорындар айналысады, оның ішінде ет дайындауымен – 12, сүт дайындауымен – 14 және  жүн дайындау 1 кәсіпорны.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне 768 тонна ет, 10015 тонна сүт дайындалған.

Аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өнімдеу бойынша 16 кәсіпорын бар, оның ішінде: нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер – 8; сүт – 3; ет жартылай фабрикаттары – 2; сәбіз және картопты тегістеу және орау, жуу желісі – 1; балықты ыстау және тұздау цехы – 1; минералды су құю цехы – 1.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне олармен 888,5 тонна нан-тоқаш өнімдері және 930 тонна сүт өнімдері дайындалған, 29 т қақталған және тұздалған балық, тегістелген және өлшеп оралған сәбіз және картоп – 0 тонна, ет жартылай фабрикаттар – 338,7 тонна.

Жәрмеңке туралы ақпарат

Жыл басынан «Ауыл» коммуналдық базарында апта сайынғы негізде 30 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 27,3 млн теңге сомаға өнім сатылды.

Сондай-ақ, 2019 жылы Ақсу қаласы сауда алаңына «Скиф» үйіне іргелес алаңда, мерекелік күндерге орайластырылған, 3 кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 11,0 млн теңге сомаға өткізілді.

2019 жылғы инвестициялық жобалар

2019 жылы ауыл шаруашылығы саласында облыс әкімі мен қала әкімдері арасында қол қойылған меморандум 7 инвестициялық жоба жоспарланады.

Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2 жоба енгізілген:

М. Омаров ат. ао «Крон - Агро» ШҚ ЖШС  суармалы учаскені іске қосу – 2000 га. Инвестиция көлемі – 1158,0 млн теңге (меншікті қаражат), (2019 жылы 400,0 млн теңге) (іске асыру мерзімі2018 – 2020 жылдары 25 жұмыс орны ашылды);

Анықтама үшін: 2018-2020 жылдар суармалы жерлерді енгізу 2000га алқабында жоспарланады, оның ішінде 2018- 430га, 2019 – 660га, 2020 – 910га. Егу аяқталды. Егудің қорытынды есебі аяқталды. Жобалар орындалды.

2. Терең қайта өндеу құс еті (шұжық өнімдері және «Қызылжар-Құс» ЖШС Қызылжар а/о. инвестиция көлемі 72,0 млн.теңге (өз қаражат) 14 жұмыс орны құрылды (іске асыру кезеңі 2018-2019 жыл).

Анықтамалық: жабдықты монтаждауаяқталды. Қазіргі уақытташұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар (котлеттер мен тұшпаралар) өндіріледі. Өнім Павлодар қаласының жәрмеңкелерінде, және аймақтың дүкендерінде сатылады.

Төмендегі инвестициялық жобаларды еңгізу ағымдағы жылғы 3-4 тоқсанда жоспарлануда.

 1.12000 тоннаға арналған көкөніс қоймасының құрылысын аяқтау Ақсу қаласының «Крон-Агро» ШҚ ЖШС. Инвестиция көлемі – 600,0 млн.теңге (өз қаражаты) 20 жұмыс орнын құрумен, (іске асыру кезеңі 2018-2019 жылдарға арналған).

Анықтама: өндірістік орын сатып алынды (бұрынғы Ақсу қаласында автобус паркі) және көкөніс қоймасына қайта жабдықталды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Көкөніс сақтау қоймасы үшін жабдықтар әкелінеді. 2019 жылы қазан айында іске қосылады.

2. Евгеньевка а/о Үштерек ауылындағы «Үштерек и К» ЖШС 600 басқа СФ-ны кеңейту. Инвестиция көлемі – 2000,0 млн.тенге оның (ішінде жеке қаражат – 580,0 млн.теңге, қарыз қаражаты – 1420,5 млн.теңге), жұмыс орындарын құру (іске асыру кезені 2018-2019 жылдары).

Анықтама: ағымдағы жағдай – ЖСҚ әзірленді («Концерн» ЖШС Айсу») сараптама жүргізілді, СМЖ жүргізілуде. 6 база салынды, оның ішінде 4 база шатырлар жабық. Бетон және ішкі жұмыстар, монтаждау және қабырғалық панельдерді салу жұмыстары жүргізілуде. Объектіні енгізу 2019 жыл қараша-желтоқсан айында.

3. Ақсу қаласының «Крон – Агро «ШҚ» ЖШС 1000 басқа арналған СФ құрылысы (600 басқа қараша айында нысанды іске қосу, 2020 жылы 400 бас қалған, инвестиция көлемі 2500,0 млн.теңге, оның ішінде 2019 жылы - 1000,0 млн.теңге  (жеке қаражат, 20 жұмыс  орнын құрумен).

Анықтама: ағымдағы жағдай әзірленді ЖСҚ («Концерн Айсу» ЖШС). ҚМЖ жүргізілуде. 2 база құрылды, шатырлар толығымен жабылған, ішкі жұмыс орындалуда. 3-ші база құрылуда. 600 басқа нысанды іске қосу ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында енгізіледі.

4. М.Омаров атындағы а/о ШҚ «Грязновка» 3000 тонна көкөніс қоймасының құрылысын аяқтау. Инвестиция көлемі – 150,0 млн.теңге (ішкі қаражаты) 3 жұмыс орын құрумен, (іске асыру кезеңі 2018 – 2019 жылдары). Анықтама: ҚЖ жүріп жатыр. Объектіні еңгізу 2019 жылғы қараша айында болады.

5. Евгеньевка а/о «Рямбов» ШҚ 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салу. Инвестициялар көлемі – 80,0 млн.теңге. 3 жұмыс орнын құрумен меншікті қаражат (іске асыру кезеңі 2019-2019 жыл қараша).

Ағымдағы жағдай:

Бүгінгі күнібордақылау алаңы 75% дайын: оның 2-еуі дайын мал қорасы толығымен қоршалған, мал бордақылау алаңдары, мал азығы асханасы толығымен дайын.

Қалған азық-түлік үстелінің шатырын жабу, қақпаны қою. Электр энергиясын өткізу, автопоилкаларды қосу және қою.


2019-09-19 15:34:56

Сондай-ақ оқыңыз