Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

                                                                                                                       Павлодар облысы Ақсу қаласының

2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық

даму болжамының жобасы 

Кіріспе

   Павлодар облысы Ақсу қаласының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының       Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі және мерзіміне сәйкес әзірленді.

  Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің параметрін, бюджет саясатының негізгі бағыттарын, үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемдерін қамтиды.

     Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2017-2021 жылдарға арналған жергілікті бюджетті әзірлеу, аумақтарды дамыту бағдарламасына өзгерістер және толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады. 

         1. Ақсу қаласының 2015 жылғы экономикалық дамуын талдау

     1.1. Өнеркәсіп

  Қаланың өнеркәсібі 2015 жыл ішінде 285336 млн. теңге сомасына немесе 2014 жылғы ұқсас кезеңге 102,9 % өнім шығарды, соның ішінде көмір шығару саласында ТКИ 97,6% (1323,2 млн. теңге), өңдеуші - 107,4% (222382,4 млн. теңге) құрады.

   Өндеу өнеркәсібінде мына салаларда өсу байқалады: азық-түлік өндірісінде - 120,6%, сүт өнімдерін өндіру - 128,2%, етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі - 301,2%, өзге де металдық емес минералды өнімдерді өндіру - 131,2%, металлургиялық өнеркәсіп - 107,7%, машина жасау – ұлғайту 25,6 есені құрайды.

   Сол уақытта мына салаларда көлемдер төмендеді: химиялық өнеркәсіп өнімінің өндірісінде - 99,9%, ағаш және тоздық бұйымдарын өндіру, жиһаздан басқа - 23,4%, жеңіл өнеркәсіп - 73,7%, электр энергиясы өндіріінде - 89,5%.

Химиялық өнеркәсіптегі төмендеу “АФЗ” өнім өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты. Электр энергиясы өндірісі көлемінің төмендеуі № 5 энергоблокты қайта жаңғыртуға шығаруға,  “ЕЭК” АҚ 4 және 7 энергоблогтарын күрделі жөндеу және 3 блогын орташа жөндеуге байланысты.

  1.2. Инвестиция

 Негізгі капиталға инвестиция көлемі 35476,9 млн. теңгені немесе 141,5 % құрады. Экономикадағы инвестициялық белсенділік кәсіпорынның өз қаражаттарын салудың өсуінен байланысты.

    1.3. Индустрияландыру картасы

 Индустрияландыру картасына 2015-2019 жылдарға 139,7 млрд. теңге сомаға (466 жұмыс орны) 3 жоба енгізілді:

   1. Болаттан тік жіктік құбырлардың өндірісін ұйымдастыру, “ДАНиЕР” ӨТҚФ ЖШС. Жаңа өндірістік цехының жобасы әзірленді және бекітілді, ішінара материалдар, өндірістік жабдықтар, жабдықталған шағын процессорлық басқару және бақылау техникасы сатып алынды, қосалқы жабдықтаулар сатып алынды және орнатылды. Негізгі жабдықтауларды сатып алу жүргізілді.

   2. № 2 циклдық-толассыз аршу кешені, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ. Технико-экономикалық негіздеме орындалды, инжиниринг, ЦТАК-2 үшін жабдықтауларды орнату және ЖСҚ әзірлеу бойынша келісімдер жасалды.

  3. № 5 энергоблокты қайта жаңғырту, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ. Жүкті түсіру және ірі габаритті жабдықтауларды қаттау үшін алаңдарды орнату бойынша іс-шаралар орындалды, коммуникацияны тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілді, негізгі және қосалқы жабдықтаулардың демонтажы жүргізілді.

        1.4 Ауыл шаруашылығы

   Ақсу қаласының агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыттары мал шаруашылығы және суармалы егістерде картоп және көкөністерді өсіру бойынша дамыған саласымен өсімдік шаруашылығы болып табылады. Мақсаты - өңірдің өнімдік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағам өнімдерін нарықтық бағалардан төмен бағалармен қамсыздандыру үшін ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығында оң серпін байқалады. Табиғи өнімнің көлемі 12,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылға 104,6 % құрады.  

 Жиналған дәнді дақылдар өнімінің көлемі 1293га (барлығы – 4,9 мың тонна) ұлғайды, майлы дақылдар – 1,3 есеге (652 тонна) ұлғайды, картоп – 112,7 % (98,8 мың тонна), көкөністер – 12 % азайды (38,7 мың тонна), бақша дақылдары – 1,1 есе (1431 мың тонна)  ұлғайды.

 Мал шаруашылығы сласында ет өнімінің көлемі - 38,6 %, сүт – 1,8 %, Жұмыртқа – 1,7 %, жүн – на 8,5% ұлғайды.

 Тауар сатысының өндірісін дамыту және кеңейту оны тұқымдас және тиімді сапасын жақсарту мақсатында, “Сыбаға” бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтармен 2015 жылы 39,5 млн. теңге сомаға 231 бас ІМҚ аналық мал басы сатып алынды.

     1.5 Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

   2015 жылдың соңына Ақсу қаласында 2895 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс істеуде. Жалпы шағын кәсіпкерлік субъектілері көлемінде: 171 - заңды тұлғалар, 2525 – ЖК және 199 – ШҚ. Жұмыспен қамтылғандар саны 5532 адамды құрайды.

  Олармен өндірілген өндіріс және қызмет көлемі 3,9 млн. теңгені құрайды. Бөлшекті саудада азық-түліктің негізгі түрлеріне күн сайынғы бағаға мониторингі жүргізіледі.

  Қалада 2 базар, 25 әлеуметтік дүкен, 7 сауда үйі, 223 дүкен, 23 дәріхана, 11 автоқұю бекеті, 42 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, 46 қызмет саласының объектілері жұмыс істейді.

1.6 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

  Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асырудың шығындары 2015 жылға 91,3 млн. теңгені құрайды, соның ішінде ЖҚЖК – 2020 бағдарламасы бойынша – 31,7 млн. теңге. 2015 жыл ішінде 1515 жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың ішінде 303 - тұрақты сипаттағы, 1212 - уақытша маусымдық. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың негізгі нысаны қоғамдық жұмыстар болып қалады. 2015 жыл ішінде 331 жұмыссыз жолданды, соның ішінде 187 ауылдық жерлерде. Жыл басынан бастап 1636 жұмыссыз жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінді, соның ішінде 527 ауылдық жерлерде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздар деңгейі 5,1 % құрады.

Орта айлық номиналды жалақы төлемі 2015 жылы 127279 теңгені құрайды (102,3%).

         1.7 Білім беру

   Ақсу қаласында және ауылдық өңірлерде 35 мектеп (23 орта жалпы білім беру мектептері, 2 негізгі мектеп, 10 бастауыш мектептер) және 14 балабақша жұмыс істейді. Мұғалімдер саны 1,1 мың адамды құрайды.

  Балалардың заңды мүдделерін және құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және білім берудің сапасын, қол жетілімдігін жақсарту мақсатында мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 2-ден 6 жасқа дейінгі қамтылған балалар санының қарқыны 97 %, 3-тен 6 жасқа дейінгі - 100 % құрады. Өңірдің білім беру мекемелерінде, соның ішінде балабақшалар жоғары және бірінші дәрежелері бар жоғары білікті педагогикалық қызметшілермен және тәрбиешілермен қамтылған. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге 45 әлеуметтік саланың мамандары келді. Тұрғын үй сатып алу үшін 20 маман бюджеттік кредит алды. Бюджеттік кредиттің берілген жалпы сомасы 58,3 млн. теңге, көтерме жәрдемақы 3,5 млн. теңге соманы құрады.

  Материалды-техникалық базаларды нығайтуға жергілікті бюджеттен 14488,0 мың теңге бөлінді.

  2016 жылғы 1 қаңтарға барлық мектеп мекемелері компьютерлік техникамен жабдықталған және 100% құрайтын кең жолақты Ғаламтор желісіне қол жеткізе алады.

  Оқулықтардың жаңа буынын сатып алу үшін 2015 жылы жергілікті бюджеттен 59 996,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде ауыл мектептеріне 24679,5 мың теңге, 1 қаңтарға игеру 99,9%.

    ҰБТ жүргізуге жергілікті бюджеттен 440,0 мың теңге тамақтануға, тұру және ауыл өңірінің мектеп түлектерінің тестілеу орнына дейін жол жүруіне бөлінді. ҰБТ Ақсу қаласының № 2 ОМ базасында 2015 жылғы 4 маусымда өткізілді. Қатысқандар Ақсу қаласының және ауыл аймақтарынан 223 бала. ҰБТ орташа балы 84,94 %. Облыстық рейтингте 1 орынды иеленді.

  “Ақсу қаласының білім бөлімі” ММ өз жұмысында Ақсу қаласының ҚІІБ-мен қызметтеседі. Қызметтестік жұмыс “Жасөспірім”, “Шолғын”, “Қамқорлық” мақсатты шұғыл-тәжірибелік іс-шаралар, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық тәжірибесі бойынша шаралар кешенін іске асыру жүргізіледі. Білім беру мекемелерін “Өзін-өзі тану” пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан әрі өңірдің білім беру жүйесін іске асыру, облыстық және республикалық деңгейлердің іс-шараларында жоғары нәтижелерге қол жеткізу бойынша кең масштабты жұмыстар жалғасын табатын болады.

   1.8 Денсаулық сақтау

    Ақсу өңірінің денсаулық сақтау саласында 2 аурухана 7 дәрігерлік амбулаториялар, 5 фельдшерлік акушерлік пунктер, 15 медициналық пунктер жұмыс істейді.

 Есепті кезең ішінде 10 000 өңір тұрғындарына дәрігермен қамтамасыз ету 100,0 % құрады.

 Емханада 40 төсекке арналған күндізгі стационар жұмыс істейді, онда “Д” есебінде тұрған қан айналымы жүйесімен, асқорыту және зәр шығару және жүйке жүйесімен ауыратындар ем алады және сауықтырылады. Туберкулезбен ауыратындар 100 мың халыққа 54,4 құрайды (2014 жылғы ұқсас кезеңге – 64,6 құрайды).

  Өңір бойынша демографиялық көрсеткіш бойынша 2015 жылғы туу 1000 тұрғынға 16,79 % (2014 ж.-17,43) құрады, 2015 жылы бір жасқа дейінгі қайтыс болған балалар – 6 (2014 ж. -7). 2015 жылы қайтыс болғандар барлығы – 802 адам (2014 ж. -777), жалпы өлім 1000 тұрғынға 2015 жылы – 11,43 (2014-11,16%). Нәресте өлімі 1000 туылғанға 2015 жылы – 5,10 (2014-5,80%) құрады. Тұрғындардың нақты өсімі 2015 жылы – 5,36 (2014 – 6,27) құрады.

   1.9 Мәдениет және спорт

   Есепті кезең ішінде мәдениет саласында 215519 адамды қамтумен 1406 іс-шаралар өткізілді. Мерейтойлық күндерге – Қазақстан халық Ассамблейасының 20 жылдығына, Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына, қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілген болатын.

   Ақсу қаласында 428 спорттық имараттар есептеледі: 1 стадион, 1 спорт сарайы, 1 шаңғы базасы, 312 плосткосты имараттар (29 жасанды жабынмен спорттық алаңдар, одан 15 ауылдық жерлерде),  3 спорттық кешен, 1 жүзу хауызы, 2 теннис корты, 38 спорттық залдар, 6 хоккей корты (Ақсу қаласында 5 және Қалқаман ауылында 1), 18 ату тирі, 44 салынған спорттық зал, 1 автодром.

  2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақсуда және ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спортпен 20 727 адам жүйелі түрде шұғылданады, ол қала тұрғындарының барлығынан 29,5 % құрайды.       Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың өсімі қалада, сондай-ақ ауылдық жерлерде жасанды жабынмен футбол, баскетбол алаңдарының кеңейтілуіне, бар спорттық имараттарды аса оңтайлы пайдаланумен байланысты, “Иманжүсіп Құтпанұлы атын.” Спорт Сарайы ғимаратында № 2 БЖСМ ашылды. Барлық жастағы адамдар үшін спорттық жаттықтырудың 3 кешені бар.

   2. 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы

   2.1 Өнеркәсіп

  Қаланың өнеркәсібі 2016 жылғы қаңтар-маусым ішінде 186981,2 млн. теңге сомасына немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 99,0 % өнім шығарды, соның ішінде көмір шығару саласында ТКИ 99,3% (474,9 млн. теңге), өңдеуші – 103,3% (149241,4 млн. теңге), электрмен жабдықтау – 89,4%, (36471,5 млн. теңге) құрады.

  Өндеу өнеркәсібінде мына салалардағы өсім: киім шығару - 100,6%, химиялық өнеркәсібі – 107,8%, ағаш және тоздық бұйымдарын өндіру – 182,6%, металлургиялық өнеркәсібі – 104,1%.

  Сонымен қатар, мына салаларда көлемдердің төмендеуі байқалады: жеңіл өнеркәсіп – 78,0%, азық-түлік өндірісі – 61,46%, етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі – 32,4%, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру – 48,9%, машина жасау өнімі – 95,9%.

   2016 жыл ішінде Ақсу қаласының әлеуметтік-экономиклық дамуы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты серпінімен болжанады.

Өнеркәсіптік өндірістің табиғи көлемінің индексі – 101,0 % (2015 жылғы ұқсас кезеңге) болжанады, соның ішінде көмір шығару өнеркәсібі -  100,0%, өңдеуші – 100,0%.

   Өндеу өнеркәсібінде мына салаларда өсім жоспарланады: азық-түлік өндірісіне – 100,5%, ағаш және тоздық бұйымдарын өндіруде 100,0%, металлургиялық өнеркәсіп – 100,0%, машина жасау – 100,0 %.

  2.2 Инвестиция

  Алдын ала бағалау бойынша инвестицияның табиғи көлемінің индексі 2016 жылы 100% жоспарланды. Қаржыландыру көздері бюджеттік қаражат, кәсіпорындардың өз қаражаты, қарыз қаражаттар  болады.

   2.3 Құрылыс

  Болжам бойынша құрылыс жұмыстарының табиғи көлемінің индексі 2016 жылы 108,0% деңгейінде жоспарланды.

2.4 Индустрияландыру картасы

2016 жылы енгізілетін жобалар жоқ:

Индустрияландыру картасына 2015-2019 жылдарға 139,7 млрд. теңге сомаға (466 жұмыс орны) 3 жоба енгізілді:

   1. Болаттан тік жіктік құбырлардың өндірісін ұйымдастыру, “ДАНиЕР” ӨТҚФ ЖШС. Жобаны енгізу 2017 жылға ауыстырылды.

   2. № 2 циклдық-толассыз аршу кешені, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ. Жобаны енгізу 2017 жылға жоспарланады.

  3. № 5 энергоблокты қайта жаңғырту, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ. Жобаны енгізу 2017 жылға жоспарланады.

   2.5 Ауыл шаруашылығы

   Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2016 жылғы қаңтар-маусымда 2595,0 млн. теңгені немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 87,2 % құрады.

ІМҚ мал басының саны 35,9 мың бас (98,4 % 2015 ж. қаңтар-маусымға), қой – 48,2 мың бас (101,6 %), ешкі – 6,8 мың бас (91,0 %), жылқы  - 11,1 мың бас (119%), шошқа – 1,6 мың бас (82,0 %), құс – 42,6 мың бас (25,5%) құрады.

Тірі салмақтағы ет – 2,0 мың тонна (57,3%), сүт – 14,6 мың тонна (101,5 %), жұмыртқа – 1208,4 мың дана (100,0%) өндірілді.

  2.6 Сауда

2016 жылдың қорытындысы бойынша болжамдық бағалау бойынша бөлшек сауда көлемі 100% жоспарланады.

   2.7 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

  2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыссыздарды төмендету және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады

Жұмыссыздар деңгейі 2016 жылы 4,9% болжанады.

  2.8 Білім беру

  Білім саласында мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту есебінен балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында кезектерді қысқарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

 2016 жылы “Нұрлы-Жол”  бағдарламасы бойынша қалада 280 орынға арналған балабақша құрылысы жалғасады, жалпы құны 694,3 млн. теңге. 2016 жылға 444,3 млн. теңге бөлінді. Пайдалануға енгізу 2016 жылғы желтоқсанда жоспарланған.

  2.9 Денсаулық сақтау

   Денсаулық сақтау саласында ана мен бала өлімін төмендетуге, сондай-ақ негізгі әлеуметтік маңызды аурулардан қайтыс болатындарды төмендетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасуда.

   3. 2017-2021 жылдардағы Ақсу қаласы экономикасының даму факторлары және шарттары

  Экономикалық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, экономиканың өсуін бәсеңдететін бірқатар шектеулер сақталуда.

  Дамытудың сыртқы шарттары. Өңірдің экспортқа бағдарланғанын ескере отыра, оның дамуына сыртқы факторлар едәуір маңызды ықпал етеді.

  Әлемдік нарықта металлдың бағасы түскен жағдайда “Қазхром” ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты” өндіріс көлемін азайтуға, жұмыскерлердің санын қысқартуға мәжбүр болады. Осының бәрі бюджетке салықтың түсуіне әсерін тигізеді.

  Агроөнеркәсіптік саланың табиғат-климаттық жағдайдан тәуелділігі маңызды фактор болып табылады. Ауа-райы жағдайларының ауытқулары ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігіне, олардың өндіріс көлеміне және болжамдалу көрсеткіштердің қол жеткізу дәрежесіне әсер ете алатын мал шаруашылығын азықтық ресурстарымен қамтамасыз етуге едәуір маңызды ықпалын тигізеді. Саланың табиғат-климаттық жағдайдан жұмыс істеу тәуелділігі, сондай-ақ оның инвестициялық тартымдылығын төмендетеді.

  Дамытудың ішкі шарттары. Сыртқы даму жағдайының әсерін ескере отыра 2017-2021 жылдары өңірдің экономикасы мына:

 қолайлы инвестициялық ахуалды, шикізат салаларындағы жоғары экономикалық белсенділікті сақтау;

 экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілік өсімін қамтамасыз ететін басымдықты секторларды дамыту факторларының әсерінен дамитын болады.

 Жаңа жоғары технологиялық өндірістерді жаңғырту және техникалық қайта жарақтауды енгізуге бағытталған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 

  4. Ақсу қаласының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары және болжамы

(алдағы жылға %)

Индикатор

 

 

Болжам

 

 

2017

2018

2019

2020

2021

Өнеркәсіп өндірісінің ТКИ, %

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Ауыл шаруашы-лығының жалпы өнімі

103,8

103,9

104,1

103,9

103,9

Құрылыс

109,0

109,0

110,0

110,0

110,0

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді тұрғынға %-бен

4,8

4,8

4,8

4,8

4,


  Өнеркәсіп.
Өнеркәсіпті дамыту бағыттарының бірі жаңа жоғары технологиялық өндіруші кешендерді құру, жаңалау және ұлғайту өндіруші базалары бар арқылы жаңа бәсекеге қабілеттілік өнімдерін шығару болып табылады.

  Негізгі шарттар өңірдің экономикасының мына басымды секторларының дамуына шоғырланатын болады:

  Өңдейтін өнеркәсіпте басым көрсетушілік рөлді Ақсу ферроқорытпа зауыты өнімдерінің өндірісі алып отыр, өңдейтін өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемінде оның үлесі 98,8 %-ды құрайды.

  Кәсіпорынмен өндірілген өнімнің 100 %-дай экспортталады. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ферросиликомарганец, ферромарганец болып табылады. Сондықтан Ақсу өңірі үшін осы өндірісті дамыту басымды бағыттардың бірі болып табылады.

  Өнеркәсіп бойынша табиғи көлемінің жарты жылдық индексі 100,0% деңгейде.

  Электр энергетикалық сала.“Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ қолданыстағы жабдықтар жағдайларында электр станциясын қайта жаңғырту кешенді бағдарламасы негізінде энергоблоктардың қуаттылығын көтеру мақсатында техникалық қайта қаруландыруды жүзеге асырады.

  Іске асырылған инвестициялық жобаларды тұрақты электрмен қамтамасыз ету қолданыстағыларды ұлғайту мен қайта жаңғыртумен байланысты болады.

  Электр энергиясы қажеттілігінің өсуі энергия өндірісін ұлғайту бойынша бұдан әрі шаралар қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты  электр станцияда қолданыстағыларды жаңарту және қуаттылығын қалпына енгізу бойынша инвестициялық бағдарлама әзірленді. 2016-2020 жылдары № 5 блогты қайта жаңғырту және Ақсу қ. тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланады.

  Шағын кәсіпкерлік және сауда. 2021 жылы кәсіпкерліктің даму көрсеткішінің ұлғайуы:

 - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің активтік көлемі 2016 жылы 1965 бірліктен 2021 жылы 2146 бірлікке дейін, 9,2 % деңгейге өсуі;

  - жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылы 5532 адамнан 2021 жылы 5720 адамға дейін, 3,4% деңгейге өсуі күтіледі.        

  Ауыл шаруашылығы. Жергілікті өндіріс өнімін бәсекеге қабілеттілігін көтеру және оның үлесін ішкі нарықта ұлғайту үшін ауыл шаруашылық  өнімдерін (сою алаңдарының құрылысы, майлы дәнді дақылдарды қайта өңдеу бойынша цех құрылысы, сүт-тауарлары фермасын құру және т.с.с) жүзеге асырылатын өңдеу объектілерін жаңалау есебінен даярлау пунктерінің желісін дамытуға жәрдемдесу қамтамасыз етілетін болады.

  Ауылшаруашылық өнімдерін шығаруды әрі қарай ұлғайту мақсатымен несиелер, субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауды, сонымен қатар өңір экономикасының аграрлық сектордың барлық салаларын дамыту үшін жеке меншік капиталды пайдалануды жалғастыру қарастырылған.

  Өсімдік шаруашылығында жоғары рентабельді дәнді-дақылдарды егуді ұлғайту есебінен егістік жерлер құрылымын оңтайландыру қарастырылған.

  Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2021 жылы 2014 жылға 104,2 % құрайды.

  Мал шаруашылығы салаларында келесі бағыттарды дамыту көзделеді:

  сүтті мал шаруашылығында -  негізгі өткізу базарларының маңайында “сүт шеңберін” дамыту;

  етті мал шаруашылығында – жем-азық базасын нығайтуды және азықтық дәнді-дақылдарды (фураждық, көпжылдық шөптерді) егу алаңдарын кеңейтуді ескере отырып, ауылшаруашылық құрылымдарында тауарлық өндірісті дамыту.

  Дайындау және қайта өңдеу. Қуаттылықтарды жаңарту, жаңа технологиялық желілерді енгізу, сапасын арттыру, шығарылатын өнім қорабының дизайны және ассортиментін кеңейту есебінен өнімнің тұтынушылық сапасын сақтауға мүмкіндік беретін ауылшаруашылық өнімдерін дайындаудың ұтымды жүйесін ұйымдастыру көзделеді.

  Өнімді дайындау және өткізу бойынша мыналар:

стационарлық дайындау пункттерін технологиялық жабдықтармен және зертханалық құрал-жабдықтармен жасақтау және желісін кеңейту көзделіп отыр.

  Майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша – ауыл шаруашылық кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен цех құрылысын ұйымдастыру.                         

     Көлік және байланыс. Көлікті дамытудың негізгі бағыттары мыналар:

     жолаушылар бағыттарының қолданыстағы желілерін дамыту;

    серпінді дамып келе жатқан теңдестірілген көлік жүйесін, халыққа сапалы қызмет көрсетулерді және экономика қажеттілігін қамтамасыз ететін көлік тиімді әрі технолгиялық жаңартылған кешенді құру;

    көлік құрайтын қызмет көрсетулердің өз құнын азайту кезінде халықтың көліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

     Автожолдарды тиісті жағдайда ұстап тұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

    2017-2021 жылдарға қаланың кәсіпорындарымен және ауылдың жеке кәсіпкерлерімен, сондай-ақ қалалық тасымалдаушы “МежГорТранс-Ақсу” ЖШС қолда бар бағыттардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету,жалпы пайдалануға жалпы 44 бір. көлемінде автокөлік құралын  қолда бар жылжымалы құрамды тиісті техникалық жағдайда ұстап тұру жоспарланып отыр. Осы мақсаттарға жылсайын жергілікті бюджеттен 14 бағыттарды субсидиялауғақаражат бөлінеді.

        Автомобиль жолдары.

  Негізгі күш-жігер қолданыстағы учаскелерде бар автомобиль жолдары жүйесін қамтамасыз етуге бағытталатын болады, онда тұрғын үй аймақтарында және аудандық маңыздағы жолдарда орналасқан  автожолдарды жөндеудің жеке түрлерін жүргізу жоспарланады.  

     Телекоммуникация мен пошта байланысын дамыту.

“Қазақтелеком” АҚ мыналарды:

    нарық қажеттіліктерін, экономикалық тиімділікті және компанияның әлеуметтік міндеттемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланатын телекоммуникация желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту;

  абоненттердің қалааралық және халықаралық байланысқа автоматты түрде шығуын қаматамасыз ету;

    үлестіруші желілер саласында перспективті технологияларды қолдану;

    жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісін толық цифрлау;

    деректерді тапсыру желісін дамыту көзделіп отыр.

  Негізгі капиталға арналған инвестициялар. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен экономика салаларындағы инвестициялық салымдардың негізгі басымдықтары жұмыс істеп тұрған қуаттылықтарды қолдау, жаңа технологияларды енгізу және инновациялық жобаларды іске асыру үшін жөндеу-қайта қалпына келтурі жұмыстары болады.

  Өңдеуші өнеркәсіп пен өндірісте электр қуатын үлестіруде инвестициялар көлемі өседі. Ақсу ферроқорытпа зауытында, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ-дағы қолданылып жүрген жабдықтарды жанарту жоспарланып отыр.

  Құрылыс.

  Салынған тұрғын үйге халықтың неғұрлым кең жігі үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құнын төмендетуге және құрылыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.

   Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мыналарға:

    тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік желілерді, ғимараттар мен энергокөздерін салуға және жайғастыруға;

    қолданыстағы инженерлік желілерді, ғимараттар мен энергокөздерін қайта салуға және жөндеуге;

    кезекте тұрғандарға және жас отбасыларына тұрғын үйлер салу;

   әлеуметтік нысандарының құрылысына бағытталатын болады.

    Әлеуметтік сала.

    Халықты жұмыспен қамту саласында жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 400 адамға халықтың жұмыспен қамтылатын санын ұлғайтуға әсерін тигізеді. Бұл ретте жалдамалы жұмыскерлер өсімі 0,9% құрайды. Жаңа өндірістерді күшіне енгізу есебінен экономика саласында жұмыспен қамту ұлғаяды.

   Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздардың деңгейі 2021 жылы жұмыссыздар санын төмендету жоспарланады, жұмыссыздар деңгейі экономикалық белсенді халыққа 4,8 % аспайды. 

  5. 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы

  Кіріс түсімдерінің болжамы.2015-2017 жылдарға арналған Ақсу қаласының кіріс түсімдері Салық кодексінің қағидаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді есепке ала отырып орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде анықталды.

  Жоспарлы кезеңге жергілікті бюджеттің салық әлеуетін бағалауды анықтау кезінде база үшін 2016 жылы күтілетін орындалу қабылданды.

  Аудан бюджетінің өз кірістерінің көлемі 2017 жылы 6441,9 млн. теңге (107,4%), 2018 жылы – 6828,4 млн. теңге  (106,0 %), 2019 жылы – 7170 млн. теңге (105,0 %) сомасында анықталды.

  Кірістердің өсімі көбіне үлесі қала бюджетінің құрылымында 98,8% аса құрайтын, салық түсімдерін ұлғайту есебінен жоспарланады, одан жеке табыс және әлеуметтік салықтарға 76,3 % қалады.      

  Аудан бюджеті шығыстарының болжамы.

  2017-2019 жылдары аудандағы бюджеттік саясат мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігіне қарай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттерін шешуге, мемлекеттік міндеттерді толық көлемде орындауға, бюджеттік қаражатты пайдалануда тиімділікті және нәтижелілікті арттыруға бағытталатын болады.

  Бюджет шығыстарын жоспарлау орта мерзімді келешекте олардың басымдылықтарын сақтау, бюджеттік қаражатты үнемдеу тәртібін және тиімсіз шығындарды қысқарту есебінен жүзеге асырылатын болады. Қажет болған жағдайда бюджеттік параметрлерді анықтау бойынша жедел шаралар қолданылатын болады.

  Аудан бюджетінің теңгерімделген сипаты болады, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталынады, бюджет тапшылығы 2017-2019 жылдары болжанбайды.

 Орта мерзімді кезеңде бюджеттік қаражатты шығындаудың басым бағыттары әлеуметтік саланы, инженерлік-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарды ауыз сумен сумен қамтамасыз ету болып табылады.

   Білім беру саласындағы бюджеттік саясат Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының стратегиялық міндеттерін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталады.

Басымдық сапалы білім алу және балаларды күтіп ұстау үшін жағдайлар жасау, білім ұйымдарының қызметін үйлестіру, заманауй оқу-нормативтік құралын сатып алу, білім жүйесін біріңғай ақпараттық білім беру ортасын құру, кітапхана қорларын жас буынның оқулықтарымен қамтамасыз ету және толықтыру және т.б. болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын дамытудың “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016-2019 жылдарға денсаулық сақтау салысындағы негізгі басымдылық дәрігерді ерікті таңдау жолымен медициналық көмектің сапасын және қол жетімділікті арттыру және ұйымдастыру, прафилактикалық медицина рөлін күшейту, диагностиканы жетілдіру, өлім және аурулардың, соның ішінде онкологиядан көрсеткіштерді төмендетуге қабілетті болатын әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу және сауықтыру болады.

 Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсынуға, дәрі-дәрмектер сатып алуға, денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтауға шығыстардың жылсайынғы өсімі болжанады.

  Кадрларды даярлау және қайта даярлауды, бизнес-дағдыларына оқыту және микрокредиттерді ұсыну арқылы кәсіпкерлікті үйретуді, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықтың жұмыспен қамтылуын көздейтін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша іс-шараларды одан әрі қаржыландыру жоспарлануда.

  Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша “Агробизнес-2020” бағдарламасы шеңберінде өңірлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау бойынша іс-шаралар қарастырылады.

 Кәсіпкерлік секторды тұрақты дамыту, ауданда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге Қолдаудың біріңғай бағдарламасын және “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады.

    Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілетті айқын ажыратуға, бюджеттердің деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды біріңғай бөлумен негізделген.

     Бюджетаралық қатынастардың саясаты ортамерзімдік кезеңде мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну және жалпы қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      Жергілікті бюджеттің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы қосымша келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.01


2016-07-12 15:07:52

Сондай-ақ оқыңыз