Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

2017-2019 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы.

2017-2019  жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6-бабының 1-тармағы  1) тармақшасына, Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы  22 желтоқсандағы “Павлодар облыстық маслихатының (VI сайланған  X сессиясы) 2016 жылғы 12 желтоқсандағы “2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы” №76/10 шешімін іске асыру туралы” № 376/8 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

   1. Қаланың 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2017 жылға арналған келесі көлемдерде:

         1) кірістер – 13567238 мың теңге:

         салық түсімдері – 6365261 мың теңге;

         салық емес түсімдер –33528 мың теңге;

         негізгі капиталды сатқаннан түсетін түсімдер – 23326 мың теңге;

         трансферттердің түсімдері – 7145123 мың теңге;

         2) шығыстар – 13528738 мың теңге;

         3) таза бюджеттік несиелендіру – 831780 мың теңге, соның ішінде:

         бюджеттік несиелер – 851610 мың теңге;

         бюджеттік несиелерді өтеу – 19830 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 38500 мың теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 38500 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 831780 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –  831780 мың теңге.

2. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте Ақсу қаласының бюджетіне облыстық бюджетінен 231700 мың теңге сомасында өндіріп алу бекітілсін.

         3. Ақсу қаласының 2017 жылға арналған бюджеттін орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         4. 2017 жылға арналған селолық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         5. 2017 жылға селолық округтердің қимасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттерді бөлу 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         6. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленсін.

         7. Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2017 жылға арналған резерві 11000 мың теңге сомасында бекітілсін.

         8. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         9. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

        

        

 

 

 

 

 

 

 2017 ж 01.04

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2016-01-26 12:01:31

Сондай-ақ оқыңыз