Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндама.

«Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндама.

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымын бекіту туралы» № 1654 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы бекітілді және қаланың жергілікті атқарушы органдарының штаттық санының лимиті белгіленді.

    «Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімінің аппараты» ММ штаттық санының жалпы лимиті – 8 бірлік.

Мемлекеттік мекеме өз қызметінде мемлекеттік мекеменің бекітілген Қағидасын басшылыққа алады. Барлық мемлекеттік қызметшілермен ант қабылданған.

 Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімінің аппараты ғимаратының фойесінде барлық келушілерге қол жетімді орында лауазымды тұлғалардың заңға қайшы қылықтарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін жәшік орнатылған .

Сондай-ақ әкімдіктің ғимаратында Қазақстан Республикасының Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Этика бойынша Кеңестің жұмыс тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.  

 Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заңға қайшы қылықтарына және этикалық кодексті бұзғаны үшін «сенім телефоны» орнатылған. «Ақсу жолы» және «Новый путь» жергілікті газеттерінде азаматтар жүгіну үшін сенім телефонының нөмірі жарияланған, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этиканы бұзушылық фактілері туындаған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңға қайшы қылықтар жасағаны үшін, соның ішінде сыбайлас жемқорлық түрінде. 2015 жылғы және 2016 жылғы өткен кезең ішінде  сенім телефонына бұзушылық және  заңға қайшы қылықтар фактілері түскен жоқ.

 Әкімдік ғимаратының фойесінде ақпараттық стенд орнатылған, онда әкімдікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, оның негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетілетін бекітілген стандарттар, жауапты тұлғалардың іс-әрекетіне (іс-әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

 Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының ақпараттық стенді рәсімделген. Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау күн сайын жүргізіледі. Бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды Алғабас селолық округінің әкімі Мирхат Фархатович Валитов, сондай-ақ селолық округ әкімінің көмекші-өкілдері Шапағат Ислямұлы Жабықов және  Жанар Жақсылыққызы Жақсылықова өткізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу электрондық нұсқада және карточка бойынша жүзеге асырылады. Өтініш заңмен белгіленген мерзімде қаралады. Мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

 Мемлекеттік органда ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдарын және мемлекеттік қызмет туралы Заңды жүзеге асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Алғабас селолық округі әкімі аппаратының барлық қызметкерлерімен кірістері, мүліктері, жинақтары туралы декларация уақытында тапсырылды.

  Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша тәртіптік жаза болған жоқ.

 

 

2016 ж 10.11.


2016-12-02 12:07:13

Сондай-ақ оқыңыз