Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

«Ақсу қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат.

«Ақсу қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша

жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

 

  Ақсу қаласының білім бөлімінде 2016 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді       

  Осы жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша жұмысты жетілдіру жолымен құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында, 2016 жылғы 21 сәуірде білім беру мекемелерінің басшыларымен жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша кеңес өткізілді. Кеңес барысында білім бөлімінің басшысымен сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықтың субъектілері және түрлері туралы ұғымдардың мазмұны түсіндірілді.

  Сондай-ақ, құқық қорғау және атқарушы органдардың елеулі рөлі туралы, және сыбайлас жемқорлықты жою жолдары туралы айрықша айтылды. Сонымен қатар, біздің еліміздегі және дамыған елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті жөнінде тұжырымдамалар мәселелері қарастырылды.

  Ақсу қаласы білім бөлімі ғимаратының фойесінде, барлық келушілер үшін қолжетімді жерде лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған.

Сондай-ақ, бөлім  ғимаратында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Министрлігінің Этика бойынша кеңесінің жұмыс кестесі туралы ақпарат орналастырылған                     

  Білім бөлімінде Этикалық кодекстің (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) мемлекеттік қызметшілермен бұзылуы және олардың заңсыз әрекеті туралы хабарлау үшін «сенім телефоны» жұмыс істейді "Ақсу жолы" және "Новый путь" жергілікті газеттерінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзу фактілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер тарапынан оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы  заңсыз іс-әрекеттер туындаған жағдайда, азаматтардың өтініштері үшін сенім телефонының нөмірі жарияланды. 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңінде сенім телефонына жоғарыда айтылған фактілер бойынша хабарлар келіп түскен жоқ .

  Ақсу қаласының білім бөлімі және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары 18.09.2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің              №983 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген мемлекеттік қызметтің 24 түрін көрсетеді .

  24 мемлекеттік қызмет ішінде білім беру бөлімі арқылы -14, баламалы негізде -6 (ХҚКО, Е-әкімдік ақпараттық жүйесі арқылы және Қазақстан Республикасы Электрондық Үкіметінің веб-порталы) , ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарымен – 11 , соның ішінде баламалы негізде – 4, оның ішінде электронды форматта – 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңіңде уақтылы емес,  сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету фактілері болған жоқ.

  Көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері, стандарттары тіркеп жазылған халыққа қажетті толық ақпарат "Ақсу жолы" және "Новый путь" жергілікті газеттерінде жарияланып, Ақсу қаласы білім бөлімінің ресми сайтында, Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылыған.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың партия бағдарламасына сәйкес бөлімнің басшысы өзінің табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді,  оларды "Ақжол" және "Новый путь" газет беттерінде жариялау жолы арқалы өз ерікімен көпшілік алдында жария етумен «Өзіңнен баста» республикалық акциясына қатысты.

  Қалалық білім беру бөлімінің ғимарат фойесінде бөлім және ведомстволық бағынысты ұйымдармен көрсетілетін қызметтер тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер негізінде бекітілген стандарттар, шағымдану тәртібіне жауапты тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) жөнінде  ақпараттық стенд орнатылды.

  Мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезекте тұру саласы бойынша ішкі аудитті жүргізу қамтамасыз етілді. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезек тәртібі Ақсу қаласының білім бөлімінің сайтында орналастырылған .

  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» № 221 Заңының ақпараттық стенді ресімделді. Жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күн сайын жүзеге асырылады. 2015 жылы жеке және заңды тұлғалардың 99 өтініштері және 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 20 өтініштері тіркелді. Барлық өтініштерге жауаптар уақтылы берілді.

  2015 жылы мектеп, мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының бос лауазым орнына орналастыру үшін 4 ашық конкурс жүргізілді,  2016 жылы бос лауазым орны болған жоқ . Конкурстық рәсімдерді өткізу барысында барлық талаптар сақталады, сондай-ақ үміткерлермен әңгімелесу кезінде бейнебақылау жүргізіледі.

  Сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері анықталған жағдайларда өтініш беру үшін құқық қорғау органдарының телефон нөмірлері көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сыртқы көрнекі жарнама орналастырылды .

Тұтастай алғанда, 2015 жыл ішінде және 2016 жылдың өткен кезеңінде білім бөлімі мен оған ведомстволық бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша бұзушылық тәртіптік жазалары болған жоқ .

 

 

 

 

2016 х 02.12.


2016-12-02 11:26:21

Сондай-ақ оқыңыз