Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

“Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын сақтау бойынша қолданылатын шаралар туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы” №1654 қаулысына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы мен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілді.

“Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің жалпы штат санының лимиті 8 дананы құрайды.

2015 жыл бойы “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесімен 1 әкімшілік бос лауазым орнына тағайындау бойынша конкурс өткізілді:

  1. Статистика және әр шаруашылық бойынша есеп бас маманы;

ҚР мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес, ҚР Президентінің 11.10.2004 жылғы №1457 жарлығына сәйкес 2015 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында мемлекеттік қызметкерге кіріспе курсында Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппаратынан 1 адам оқып шықты.

Мемлекеттік қызметшілердің ішінен әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет туралы заңын іске асыру мақсатында ҚР-ның “Мемлекеттік қызмет туралы” заңын, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңын және өзге де құқықтық актілерді қатаң сақтау бойынша нақты жұмыстар атқарылады. ҚР-ның “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңының 9 бабы негізінде “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметшілерімен уақытында 2014 жылғы табыс, мүлік, салымдар туралы декларация тапсырылды.

“Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі Жарлығын орындау мақсатында әкімшілік ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі ақпараттық стенді бар және тиісті шаралар атқарылады:

-       “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі ғимаратының қолжетімді түрінде мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі ақпараттық стенді мемлкеттік және орыс тілінде орналасқан;

-       Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне шағымдануға әдеп бақылау кітабы;

-       Азаматтардың өтініштеры мен ұсыныстарына арналған жәшігі бар;

-       Сенім телефоны 74-4-10.

Мемлекеттік рәміздер қолданыстағы стандарттарға сай сәйкестендірілді.

 

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысы және “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты жұмыстар атқарылады:

Мемлекеттік сатып алу бойынша іске асатын әрекеттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.        2015 жылғы 1 жартыжылдықта “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесімен жалпы сомасы 5256,0 мың теңгені құрайтын   7 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде:

-  Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – сомасы 4476,0 мың теңгені құрайтын 3 сатып алу;

-  Заң ережелерін қолданусыз – сомасы 780,0 мың теңгені құрайтын 4 сатып алу;

Барлық мемлекеттік сатып алулар “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңына сәйкес жүргізіледі.

Жыл сайын жыл аяғында “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің бухгалтері ЖӨБҚК-нің (жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық комитеті) алдында барлық мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша есеп береді.

“Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақытында қарастырылады, олар бойынша шаралар қолданылады және уақытылы жауап қайтарылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеудің сапасын жақсарту үшін келіп түскен өтініштер “Айқын” автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеудің көрсеткіштерінің бірі, ол “Нұр Отан” қоғамдық қабылдау бөлмесіне және жоғарғы мемлекеттік органдарға аппарат қызметшілерінің іс-әрекеттері туралы шағымдардың болмауы.

“Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі басшысының сұрақтарды жедел шешу мақсатында кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аппарат мамандары білім, денсаулық сақтау саласындағы мекемеле басшыларына және мемлекеттік қызметшілерге арнайы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңын түсіндіру бойынша аппараттық кеңестер өткізеді. 2015 жылғы 1 жартыжылдықта осындай 2 аппараттық кеңес өткізілді.

Мемлекеттік және еңбек тәртібін ұстану мемлекеттік қызметтің ерекше принциптерінің бірі болып табылады, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алуға жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж 08.26


2015-08-26 11:04:23

Сондай-ақ оқыңыз