Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қолданатын шаралар туралы» 2017 жылғы 1 жарты жылғы /

 

  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Павлодар облысының іс-шаралар жоспарын» орындау бойынша Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына және сыбайлас жемқорлыққа жат заңнаманы сақтауға бағытталған шараларды қолданады.

  Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) өз қызметінде Ақсу қаласы әкімінің 2016 жылғы 16 мамырда бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын»  басшылыққа алады.

  Қала әкімі 2017 жылғы 9 қаңтарда 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті жөніндегі қалалық комиссияның жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес Комиссия мәжілістері тоқсан сайынғы негізде өткізіледі, осылайша ағымдағы жылғы 1-тоқсанда қалалық комиссияның мәжілісі өткізілді, онда «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қолданатын шаралар туралы»,  «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қолданатын шаралар туралы» мәселелері қарастырылды, олар бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

   Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 2-тоқсанда қалалық комиссия мәжілісінде «Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қолданатын шаралар туралы», «Ақсу қаласы М. Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қолданатын шаралар туралы» мәселелері қарастырылып өткізілді, олар бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

  Ақпан айында «Нұр Отан» партиясы АҚФ бірлесіп мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа жат қызметін насихаттау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты алдыңғы қатарға қою үшін Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары арасында  конкурс өткізілді («Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ жеңімпаз атанды).

  Ағымдағы жылғы ақпан айында облыс әкімінің кеңесшісі – әдеп жөніндегі уәкіл Ю.В. Фельдманмен «Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру және әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбы бойынша кездесу қаланың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің, Ақсу қаласы мәслихаты аппаратының, жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен өткізілді (барлығы 60 адам).

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен көзделген халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын өткізу шеңберінде («Есіктен есікке» ведомстволық бағдарлама) Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарында, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерінде, оқу орындарының үй-жайларында, Мемкорпорацияда (ХҚКО), спорт пен денешынықтыру ғимараттарында және денешынықтыру және спорт мекемелерінің үй-жайларында, мәдени мақсатындағы үй-жайларда, маршрутты көлік құралдарының аялдамаларында, автовокзалда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде және лифтілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы ақпараттық жадынамалар және плакаттар орналастырылған.

  Ақсу қаласының коммуналдық қызметтерімен бағдарламаны іске асырғаннан бастап коммуналдық қызметтерге төлем туралы хабарламаларына қосу жолымен ақпараттық жадынамалар және плакаттар таратылды – 34 745 дана.

  Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізу ережесін бекіту туралы» № 13 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілді, оның негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазанда «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу үлгілік ережелерін бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілді (аналитикалық анықтамаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оларға жол бермеу жөніндегі тиісті ұсынымдар әзірленді).

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда және тұрақты бақылауда тұр. 

   Бюджеттік қаражаттарды ұстау бойынша мемлекеттік органдар шешімдерінің ақпараттық айқындығы мен ашықтығы қалалық газеттерде және қала әкімдігі сайтында қала әкімдігінің мәжілістерін өткізу нәтижелерін жариялау жолымен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу және олардың қорытындылары туралы хабарландырулар мемлекеттік сатып алулар порталында орналастырылады.

  Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында жеке және заңды тұлғаларға, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттарды (арыздарды) орналастыру мүмкіндігін беретін азаматтардың өтініштерінің блог-платформасы бар. 2017 жылдың өткен кезеңі ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттар түскен жоқ.

Қаланың жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары орналастырылған ақпараттық стендтер бар, сонымен бірге азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылған, сенім телефондары бар және бірінші басшылармен азаматтардың жеке қабылдауы тұрақты негізде өткізіледі.

Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттарында, сонымен бірге Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет арнайы бөлімі бар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер).

  «Ақсу жолы» және «Новый путь» жергілікті газеттерінде 2007 жылдан бастап тұрғын үйлер салу үшін жер телімін алуға арнайы есепте тұрған азаматтардың өтініштері тізімі олардың кезек нөмірі көрсетіліп тоқсан сайын жарияланады. Сонымен қатар, жер қатынастары бөлімінде «Жеке тұрғын үйлер салу үшін жер телімін алуға арнайы есепте тұрған азаматтар өтініштерінің тізімі» стенді ресімделген, онда өтініш иелерінің тектері және олардың кезегінің нөмірі көрсетілген. Осындай тізімдер Ақсу қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылған. Сонымен бірге «Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің www.zem.aksu.pavlodar.gov.kz ресми сайты бар, онда бөлімнің жұмысы және  жер телімдерге құқықтарды беру туралы  және т.б. ақпарат орналастырылған.

  «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй қорына түгендеу жыл сайын бірінші тоқсанда өткізіледі және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепте тұрған азаматтардың тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін ұсынылады, сондай-ақ кезекте тұрғандардың тізімдеріне тексеру тұрақты негізде жүргізіледі, олар Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында ай сайын жаңартылады. Осы айдарлардың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу болып табылады. 2017 жылғы 6 ай ішінде қалалық баспа басылымдарында 19 материалдар жарияланды, облыстық радионың жаңалық блогы эфирінде 11 радио хабарлар берілді.

  Бүгінгі күні  Ақсу қаласының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта билбордтың 6 тартылымыорналастырылды, 3 тартылым қалаға шығатын және кіретін жолдың бойындағы құрастырмаларда, 3 тартылым қала орталық көшелерінің бойында орналасқан.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тапсырмасы бойынша бокстан әлем чемпионы А.Сапиевтің және қоғамдық қайраткер – қайырымдылық қорының директоры А. Саинның суреті бейнеленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта билбордтың 2 тартылымы ілінді, олар  қалаға кіреберіс жол трассасы бойында Ақсу ферроқорытпа зауытының қасында және автожанар май құю станциясы жағындағы автомобиль жуудың қасында орналастырылған.

  Ағымдағы жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ҚР халық әртісі А. Әшімовтің суретімен 2 билбордты ұсынды, олар қалаға кіреберіс жолы трассасының бойындағы «Ягодка» бағбаншылық қоғамының жанында және Ленин көшесіндегі Мемкорпорацияның (ХҚКО) жанында орналастырылды.

  Билбордтар қажеттілігі бойынша және тозуына байланысты уақытында ауыстырылады.

  Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі Ақсу қаласының қоғамдық кеңесінің 2-жартыжылдыққа арналған жұмысының жоспарына  енгізілді, оған сәйкес тамыз айында «Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының есебін тыңдау жоспарланды.

  Ақсу қаласы мен оның ауыл өңірінің барлық білім беру мекемелерінде жастар ұйымдарын қатыстырумен  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені оқу бағдарламасына енгізумен 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі бекітілген жұмыс жоспары бар.

  Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу жоспары бойынша осы бағытта әртүрлі іс-шаралар, оның ішінде әңгімелер, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер арнайы мекмелердің мамандарын шақырумен оқушылармен де, оқытушылармен де өткізіледі. Осындай тақырып ата-аналар жиналыстарында әрі педагогикалық кеңестерде де талқыланады.

  2016-2017 оқу жылының басынан Ақсу өңірінің 23 мектептерінде 269 оқушылардың қатысуымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ»  клубымен өткізілетін іс-шаралар, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке баулитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құндылықтарды сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ оқушылар мен ұстаздарға заңдардың талаптарын сақтауға тырысуды және сауаттылық пен мәдени деңгейін арттыруды қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, «Адал Ұрпақ»  бағдарламасы шеңберінде «Парасатты азамат» бойынша  22 бұрыш құрылды.

  Ата-аналардың қаржыландыру және шығыстар көлемдері туралы ақпаратқа қолжетімділік пилоттық жобасы шеңберінде Ақсу қаласы мен оның ауылдық өңірінің білім беру мекемелерінің арасындағы «Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебі» КММ, «Ақсу қаласының № 1 орта мектебі» КММ «Ақсу қаласының лицейі» КММ 3 мектептерінде:  және мына: «Балапан» бөбектер бақшасы» КМҚК, «Ақсу қаласының № 18 бөбектер бақшасы» МКҚК және «Ақсу қаласының № 16 бөбектер бақшасы» МКҚК 3 балабақшаларында ата-аналардың жоғарыда аталған ұйымдарында жөндеуді және оқу-тәрбие үдерісіне арналған ТМҚ сатып алуды қаржыландыру көлемі туралы ақпаратқа қолжетімділігін жақсарту бойынша жұмыстар өткізіледі.

 Жұмыс білім беру ұйымы басшысының ата-аналар жиналысында ата-аналар қоғамдастығы алдындағы есеп беруі жолымен және ата-аналар жеке жүгінген кезде өткізіледі.

 

 

 

 

 

2017 ж 08.03


2015-08-25 17:31:00

Сондай-ақ оқыңыз