Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ” ММ-ДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ ҰСТАНУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНАТЫН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

 

     Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы ұстану бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Бөлімнің штат саны 31 бірлікті құрайды, оның ішінде 13 бірлігі мемлекеттік қызметшілер және 18 бірлігі азаматтық қызметшілер. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бстап 20 адам (5 мемлекеттік қызметшілер, 15 азаматтық қызметшілер) қабылданды, өз еркімен 7 адам жұмыстан босатылды. Қабылданған жұмысшылар санының көбі Бөлімнің штат кестесіне 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің қосылу жолымен Бөлімнің қайта ұйымдасуына байланысты өзгерістердің енгізілуімен түсіндіріледі.

  2015 жылдың қаңтарынан бастап шілде айына дейін барлығы 9 тәртіптік жаза (8 ескерту және 1 сөгіс) салынды, соның ішінде 7-еуі мемлекеттік қызметшілерге, 2-еуі азаматтық қызметшілерге. Қазіргі уақытта барлық ескертулер мен бұзушылықтар жойылды, салынған тәртіптік жазалар алынды.

2015 жылға арналған Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне жаппай оқу жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес 4 іс-шара жоспарланды:

- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын талқылау, мемлекеттік қызметшілердің уақытында декларация тапсыру – 2015 жылдың 26 ақпанында жүргізілді;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, әкмшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза салу ережелері туралы талқылау – 2015 жылдың 21 мамырында жүргізілді;

- «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 167-бабын талқылау, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын талқылау – қыркүйек айында жоспарланып отыр;

- Әкімшілік мемлекеттік қызметті алуға конкурс жүргізу ережелерін талқылау, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің кейбір мақалаларын талқылау, Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын қарастыру – желтоқсан айында жоспарланып отыр.

  Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың үндеулері «Айқын» автоматтандырылған ақпарат жүйесінде тіркеледі. Мәселелерді жедел түрде шешу мақсатында әр сейсенбі және бейсенбі сайын Бөлім басшысымен азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі.

    Бөлімнің ғимаратында ақпараттық стенд орналасқан, онда Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 912/5 қаулысымен бекітілген Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының ережелері жарияланған. Сол сияқты Call-орталығы және Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Департаментінің байланыс телефондары жарияланған. Мемлекеттік қызметшілер этикасын бақылау оқулығы, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдау үшін қорап бар, 50256 – сенім телефоны жұмыс істейді. Мемлекеттік рәміздер қолданыстағы стандарттарға сәйкес келтірілген.

 көмек тағайындау, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау, өмірлік қыин жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиялар сияқты бір қатар комиссиялар жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 4659 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

  Әкімшілік ғимараттың фойесінде орнатылған ақпараттық стендтерінде және Бөлімнің сайтында көрсетілетін 18 мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат жарияланған. Есепті кезеңде барлығы 7767 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

  Қосымша ақпарат көзі ретінде Бөлімнің әкімшілік ғимаратында жұмыссыздар үшін бос жұмыс орындары көрсетілетін жүгірпе жолымен LED (жарықдиодты) таблосы орнатылған.

  Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі мен мемлекеттік қызметшілердің мүлігін сенімгерлік басқаруға тапсыру тәртібі барлық мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізілген.

 

 

 

 

2015 ж 08. 25

 


2017-08-03 17:49:23

Сондай-ақ оқыңыз