Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ – ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ «ӨЗІҢНЕН БАСТА» АКЦИЯСЫ

   СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ – ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ «ӨЗІҢНЕН БАСТА» АКЦИЯСЫ

  Партиялық «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасын және «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» атты республикалық акциясы бастау алды. Аталмыш акция барысында орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар басшылары, партия құрылымдарында қызмет атқаратын басшылары өзінің жеке кірісі мен мүлкі жайындағы ақпарттарды ерікті түрде жариялау жүріп жатыр. Бүгін өзінің 2016 жылғы кірістері бойынша ауылдық округ әкімдері, Ақсу қаласы әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары ақапарт ұснып отыр:

  Айгүл Бағдатқызы ШОҚПАРОВА,Ақсу қалалық мәслихатының депутаты, Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РГП филиалының Ақсу  қаласы бөлімінің басшысы:

-Менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде айына 117895 теңгені құрайды. Сондай-ақ жеке басымда Павлодар қаласында екі бөлмелі пәтерім бар.

  Қайрат Теміржанұлы СМАҒҰЛОВ, Ақсу қаласы «Білім бөлімі» ММ басшысы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 2707114 теңгені құрады. Жылжымалы және жылжымайтын мүлкім жоқ. Сондай-ақ жеке басымда «AudiA-4» маркалы 1995 жылғы автокөлігім бар.
  Марина Анатольевна ГАЙДАРЕНКО, Ақсу қаласы «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 2 985 847 теңгені құрады.Жеке басымда Ақсу қаласында екі бөлмелі пәтерім бар.

  Альмира Мұхаметқазитқызы НАШАРОВА, Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 2085307 теңгені құрады. Жеке басымда жылжымалы және жылжымайтын мүлкім жоқ.

  Марат Балтабайұлы ЗЕНОВ, Ақсу қаласы «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің басшысы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 2509808 теңгені құрады. Жеке басымда екі бөлмелі пәтерім, жер учаскесі, Павлодар қаласы ПКСЗУ «Сосновый бор» бақша учаскесі бар.

  Гүлнар Амангелдіқызы СМАҒҰЛОВА,Ақсу қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінң басшысы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 19993596,10 теңгені құрады.   Жеке басымда үш бөлмелі пәтер (үлес) және 1989 жылғы «Аudi-100» маркалы автокөлігім бар.

Ирина Васильевна КОСАРЕВА, Ақсу қаласы спорт бөлімінің басшысы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 2231783,46 теңгені құрады. Жеке басымда 1990 жылғы «BMW-520 » маркалы автокөлігім және Ақсу қаласындағы үш бөлмелі пәтерім бар.

Мирхат Фархатұлы ВАЛИТОВ, Алғабас ауылдық округінің әкімі:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 1935238 теңгені құрады. Жеке басымда Өскемен қаласында пәтерім, 2016 жылғы «Киа-серато» маркалы, 2006 жылғы «Шевроле-Нива» маркалы автокөліктерім және 2005 жылғы «Газ-3307» рефрижераторым бар.

Жамбыл Айтмағамбетұлы ТҮСҮПБЕКОВ, Қалқаман ауылдық округінің әкімі:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 2048450 теңгені құрады. Жеке «Бауржан-Ж» ш/қ жүргізуге сенімгерлігім бар.

Амантай Сайынұлы ҚЫЛЫШБЕКОВ, Қызылжар ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы:

-2016 жылда менің жеке табысым, табыс салығы мен зейнетақы жарналарын қоса есептегенде 1607177 теңгені құрады. Жеке басымда 5 басты ірі қара мал және «Datsun on-DO» маркалы автокөлігім бар.

 

 

 

 

 

 2017 ж 06.14

 


2017-06-14 17:56:20

Сондай-ақ оқыңыз