Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты

 

     Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы

Сукер ф 

  Сукер Болотхан

                                                              1986  жылғы 14 шілдеде  туған, бiлiмi жоғары, 2008  жылы

                                               С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін,

                                                       2013 жылы Еуразиялық Инновациялық университетін

                                                               “Құқықтану” мамандығы бойынша аяқтады.

 

 

 

 

 

Еңбек жолын  2009 жылы бастады, 2013 жылға дейін “Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты” ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы 20 тамыздан 2017 жылғы 18 тамыз аралығында “Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты” ММ әкімнің  көмекші-өкілі.

2017 жылғы 18 тамыздан бастап  Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы.

                                                   

Азаматтарды қабылдау кестесі:

 М.Омаров атындағы ауыл

 дүйсенбі-жұма сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін

 Путь Ильича ауылы

 сәрсенбі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін

Қүркөл ауылы

бейсенбі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін

Байланыс телефоны: 8 (71837) 4–11–59, 4–10–38.

Төлқұжат

          Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі Ақсу қаласының оңтүстігіне қарай орналасқан. Мына жерлермен шекаралас: оңтүстігінде Май ауданы Баскөл ауылымен, батыс бөлігінде Путь Ильича ауылы, солтүстігінде Ақсу қаласы орналасқан, шығыс жағында Ертіс өзенімен. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінде жеті елді мекен бар: Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл, Путь Ильича ауылы, Құркөл ауылы және Көктерек ауылы, Дөнентаев, Сырлықала, Еңбек кіші ауылдары. “Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл, Естай көшесі 1А мекенжайында орналасқан. 

   Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылы 22 мамырдағы №312/3 қаулысы негізінде “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі “Ақсу қаласы Еңбек селолық округі әкімінің аппараты” және “Ақсу қаласы Құркөл селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемелерімен қосылу жолымен, барлық құқықтары мен міндеттері ауыса отырып, қайта ұйымдастырылды.

Құрылған жылы: 1932 

      Орталығы: Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл. Селолық округтің аумағы: 222912,8 га. 

  Ауылдар саны: 7 (Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл, Путь Ильича ауылы, Құркөл ауылы және Көктерек, Дөнентай, Сырлықала, Еңбек кіші ауылдары)

Селолық округтің аумағы- 222912,8 га,

Елді мекен саны – 7,

Халық саны – 3507

Еңбекке жарамды адам саны – 2160

Ұлттық құрамы:

Қазақтар – 3140

Орыстар – 201

өзге ұлттар – 162

Мешіт – 2,

шіркеу – 0.

Мемлекеттік қызметтер

          1.  «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

          2.  «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

          3.  Мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет.

        Селолық округ әкімінің құқығы және функционалдық міндеттері

1.  Жүктелген міндеттері мен мақсаттарын орындау үшін селолық округ әкімінің:

 - әкімнің аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны дайындаған кезде жергілікті қоғам жиналысына (жиынына) Қазақстан Республикасының заңнамалық бюджетіне сәйкес Ақсу қаласы бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарды талқылауға беру;

 - селолық округ әкімі аппаратының мамандарына қызметтік өкілеттігі шегінде, олардың құзіретіне жататын міндеттерді орындау үшін тапсырмалар беруге;

  - басқа бөлімдерден, селолық округтер әкімдері аппараттарынан жұмыс үшін қажетті мәліметтер алуға;

 - қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға құқығы бар.

  2. Селолық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттері мыналар:

- азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін шаралар қолданады;

 - бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал жасайды;

- жоғарғы әкімдікке әкімшісі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін дайындайды және енгізеді;

- азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға ықпал жасайды;

 - өз құзіреті шегінде жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады;

-мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ селолық округтің аумағындағы автокөлік жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға;

шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал жасайды;

-  өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

-  Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттің жасалуын, азаматтық жағдай актілерінің тіркелуін ұйымдастырады;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

 аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және жұмыс істеуге қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

 - жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасайды;

- қоғамдық транспорт қозғалысын ұйымдастырады;

 - шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде науқасты дәрігерлік көмек көрсететін жақын жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;

- статистикалық шаруашылық есебін жүргізуді жүзеге асырады;

- қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Ақсу қалалық мәслихатының жұмысына қатысады;

- мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз етеді;

- өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

- елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- туыстары жоқтарды жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

 - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес селолық округтің әкімі салық төлеуші-жеке тұлғамен төленетінмүлікке, көлік құралдарына, жерге салықтарды жинауды ұйымдастырады;

  - селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен көліктік байланысты ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жатады;

- жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді;

- мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

 қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

 - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;

 - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

 - мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

 - халықтың әлеуметтік әлжуас тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    - ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуде ықпал жасайды.

       3. Селолық округ әкімі мыналарды ұйымдастыруға және орындауға жауапты болады:

Ақсу қаласының әкімімен, әкімдігімен және мәслихатымен жүктелген лауазымдық міндеттерін және алдына қойылған мақсаттарын орындауға;

- мемлекеттік қызметшілердің этика нормасын сақтауға;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін өткеруге байланысты уақытында, сапасыз және тиісті орындамау немесе бұзу және/немесе оны орындамау заңды жауапкершілік түрлеріне әкелетін шектеулерге;

- селолық округ әкімі аппаратында шұғыл және сапалы жұмысқа;

- заңмен сақталатын мемлекеттік құпияларды сақтауға.

Жауапкершіліктің түрі мен шегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

 

 

 

 

2017 ж 18.08


2015-06-03 12:30:04

Сондай-ақ оқыңыз