Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты

 

 

             Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушы

 

Абикен

Әбікен Жеңіс Сартайұлы

1975 жылғы 12 мамырда туған, білімі жоғары,

1997 жылы Абай атындағы

                                                                                   Алматы мемлекеттік университетін бакалавр,

тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.

 

 

 

 

 

Еңбек жолын 1997 жылы бастады. 2000 жылға дейін № 13 ОМ тарих пәнінің, Екібастұз қаласының № 18 ОМ тарих пәнінің мұғалімі.

2001 жылғы тамыздан бастап 2004 жылғы тамызға дейін тарих пәнінің мұғалімі, Ленин кентінің № 33 ОМ директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

2004 жылғы қыркүйектен бастап 2009 жылғы қыркүйекке дейін тарих және экономика пәнінің мұғалімі, № 33 ОМ директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2009 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы қыркүйекке дейін Ленин кентінің әкімі қызметтерін атқарды.

2017 жылғы 18 тамыздан бастап Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушы. 

 

Азаматтарды қабылдау күндері: 

Қызылжар ауылы

сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 14:30-ден 18:30-ге дейін

Сарышығанақ ауылы бейсенбі сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін

Байланыс телефоны 8(71837) 40–200  

Төлқұжат      

        Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Ақсу ауданының солтүстігінде орналасқан, солтүстігінде Павлодар облысы Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылымен, шығысында Павлодар облысы Павлодар ауданымен Ертіс өзені арқылы шекаралас орналасқан.

           Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №312/3 қаулысы негізінде “Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі, оған “Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен, барлық құқықтары мен міндеттерін біріктіру нәтижесінде “Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі болып ауысты.

  Құрылған жылы - 1927    

  Қызылжар ауылының орталығы                                                                                   

 алаңы - 40961                                                                                                               

 елді мекендер саны - 5                                                                                               

 тұрғындар саны - 3491                                                                                                     

  еңбекке қабілетті тұрғындар - 2070                                                                                

 Ұлттық құрамы:                                                                                                

 қазақтар - 3024                                                                                                                              

 орыстар - 327                                                                                                                                

 басқа ұлттар - 140                                                                                                                        

Кәсіпорындар саны:                                                                                                              

Мемлекеттік - 7                                                                                                                    

Жеке - 2                                                                                                                    

Мешіт: бар                                                                                                                       

Шіркеу: жоқ                

    Мемлекеттік қызмет                                                                                                                                  

  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
  2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;
  3. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»   Селолық округ әкімінің құқығы және функционалдық міндеттері .

 1. Жүктелген міндеттері мен мақсаттарын орындау үшін селолық округ әкімінің: 

     - әкімнің аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны дайындаған кезде жергілікті қоғам жиналысына (жиынына) Қазақстан Республикасының заңнамалық бюджетіне сәйкес Ақсу қаласы бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарды талқылауға беру 

   - селолық округ әкімі аппаратының мамандарына қызметтік өкілеттігі шегінде, олардың құзіретіне жататын міндеттерді орындау үшін тапсырмалар беруге

 -  басқа бөлімдерден, селолық округтер әкімдері аппараттарынан жұмыс үшін қажетті мәліметтер алуға;

 - қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға

    2. Селолық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттері мынал 

    - азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін шаралар қолданады; 

   - бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал жасайды; 

      -жоғарғы әкімдікке әкімшісі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін дайындайды және енгізеді; 

     -азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға ықпал жасайды; 

  - өз құзіреті шегінде жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады; 

   - мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ селолық округтің аумағындағы автокөлік жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға; 

  - шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал жасайды; 

    -өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 

 - Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттің жасалуын, азаматтық жағдай актілерінің тіркелуін ұйымдастырады;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

 - аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және жұмыс істеуге қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

-жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасайды;

- қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; 

- шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде науқасты дәрігерлік көмек көрсететін жақын жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады; 

 -жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды; 

- статистикалық шаруашылық есебін жүргізуді жүзеге асырады;

 - қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Ақсу қалалық мәслихатының жұмысына қатысады; 

- мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз етеді;

-  өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

 - елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  -туыстары жоқтарды жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

 - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес селолық округтің әкімі салық төлеуші-жеке тұлғамен төленетін мүлікке, көлік құралдарына, жерге салықтарды жинауды ұйымдастырады;

  - селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен көліктік байланысты ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жатады;

- жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді;

- мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

 - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;

 - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

- мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

- халықтың әлеуметтік әлжуас тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

 - ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуде ықпал жасайды.

 3. Селолық округ әкімі мыналарды ұйымдастыруға және орындауға жауапты болады.

Ақсу қаласының әкімімен, әкімдігімен және мәслихатымен жүктелген лауазымдық міндеттерін және алдына қойылған мақсаттарын орындауға;

- мемлекеттік қызметшілердің этика нормасын сақтауға;

 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін өткеруге байланысты уақытында, сапасыз және тиісті орындамау немесе бұзу және/немесе оны орындамау заңды жауапкершілік түрлеріне әкелетін шектеулерге;

 - селолық округ әкімі аппаратында шұғыл және сапалы жұмысқа;

 - заңмен сақталатын мемлекеттік құпияларды сақтауға.

Жауапкершіліктің түрі мен шегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 18.08 


2015-06-03 12:24:54

Сондай-ақ оқыңыз