Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Қалқаман селолық округі әкімінің аппараты

                                                                                                 

                                                                                             Қалқаман селолық округі әкімінің міндетін атқарушы

 

 

Ермекбев                                                                                            Ермекбаев Орда Қайыржанұлы     

                                                               1958 жылғы 29 мамырда туған, білімі жоғары, 1980 жылы

                                                                       Қарағанды педагогикалық институтын

                                                               «Дене шынықтыру тәрбиесі» мамандығы бойынша аяқтады.

 

 

 

Еңбек жолын 1975 жылы бастады, 1992 жылғы 2 тамыздан бастап әр түрлі салаларда жұмыс істеді. 

1992 жылғы 3 тамыздан бастап 2004 жылғы 20 қазанға дейін «Баянауыл ауданы Майқайын кенті әкімінің аппараты» ММ Майқайын кентінің әкімі. 

2017 жылғы 18 тамыздан бастап Қалқаман селолық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Қалкаман ауылы

сейсенбі сағат 14.30-ден 17.00-ге дейін

бейсенбі сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін

Байланыс телефоны 8 (71837)78–297

Ақжол ауылы

сарсенбіі сағат 14.30-ден 17.00-ге дейін

жұма сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін

Байланыс телефоны  8(71837) 71-5-00

Төлқұжаты

     Қалқаман селолық округі Ақсу аумағының солтүстік батысында Ақсу қаласының ауыл аймағында орналасқан. Батысында Павлодар облысы Екібастұз қаласының Құдайкөл селолық округімен, шығысында Қ. Сәтпаев атындағы канал арқылы Достық селолық округімен шекаралас орналасқан.

     Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылы 22 мамырдағы №312/3 қаулысы негізінде “Ақсу қаласы Ақжол селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі “Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесімен қосылу жолымен барлық құқығы мен міндеттері “Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне ауысу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Қалқаман селолық округінің аумағы 1152,29 га құрайды.

Қалқаман селолық округі екі елді мекеннен тұрады, жалпы халық саны – 3515 адам; Қалқаманда - 2802адам, Ақжолда - 713 адам.

Қалқаман селолық округінде аула саны-1138. Жалпы халық саны -3515 адам, оның ішінде еңбекке жарамдылар саны -2202 адам, оның ішінде кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтіндер - 870 адам

өз ісімен айналысатындар - 619 адам

зейнеткерлер - 667, ҰОС қатысқандар - 2 адам.

Ұлттық құрамы:

қазақтар - 1211 адам

орыстар - 1267 адам 

басқа ұлттар - 1037 адам

9- шаруа қожалығы бар,

1 - фермерлік қожалығы бар

     Қалқаман ауылында 700 нөмірлі сандық АТБ (автоматтандырылған телефон байланысы) жұмыс істейді, 660 абонент, сонымен бірге 120 абонент сымсыз телефон байланысын пайдаланады.

 Ақжол ауылында 200 нөмірлі сандық АТБ жұмыс істейді, 187 абонент, 10 абонент сымсыз телефон байланысын пайдаланады. Селолық округтің халқы телефон байланысымен 100% қамтамасыз етілген. Мегалайн, Зебра ғаламтор желісіне қосылған.

Activ, Ksell, Beeline, Tele-2 ұялы байланысы бар.

 Қалқаман ауылында, Ақжол ауылында ауыз су кешенді блок модулі (КБМ) арқылы қамтамасыз етіледі. Қалқаманауылында жаңа су құбыры қызмет көрсетеді.

Қалқаман ауылында орта мектеп, балабақша, Мәдениет үйі, дене -шынықтыру сауықтыру кешені, дәрігерлік амбулатория,жедел жәрдем, полиция бөлімі, кітапхана, халыққа қызмет көрсету орталығы, балалар үйі, АТБ, ДЭУ-60, Қ. Сәтпаев атындағы РМК№2 учаскесі, пошта, өрт сөндіру бөлімі, автобекет, мешіт, хоккей корты, жасанды жабуы бар футбол алаңы бар.

Ақжол ауылында орта мектеп, шағын орталық, мәдени-сауық орталығы, медициналық пункт, метеостанция, пошта, хоккейкорты, жасанды жабуы бар футбол алаңы бар.

3 - жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар: “Казстройматериал” ЖШС, “Дормаш” ЖШС, “Калкаманский элеватор и К” ЖШС.

Жеке кәсіпкерлер - 47 (дүкендер, тұрмыс үйі, монша, сәндік салоны, мейрамхана, жол бойы дәмханасы, фотосалон, ЖҚБ (жанармай құю бекеті).

Мемлекеттік қызмет көрсетулер

     1.  «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

    2.  «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

    3.  Мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

Селолық округ әкімінің құқығы және функционалдық міндеттері

1. Жүктелген міндеттері мен мақсаттарын орындау үшін селолық округ әкімінің:

- әкімнің аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны дайындаған кезде жергілікті қоғам жиналысына (жиылысына) Қазақстан Республикасының заңнамалық бюджетіне сәйкес Ақсу қаласы бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарды талқылануға беру;

- селолық округ әкімі аппаратының мамандарына қызметтік өкілеттігі шегінде, олардың құзіретіне жататын міндеттерді орындау үшін тапсырмалар беруге;

- басқа бөлімдерден, селолық округтер әкімдері аппараттарынан жұмыс үшін қажетті мәліметтер алуға;

- қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға құқығы бар.

           2. Селолық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттері мыналар:

 - азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін шаралар қолданады;

- бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал жасайды;

-  жоғарғы әкімдікке әкімшісі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін дайындайды және енгізеді;

- азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға ықпал жасайды;

- өз құзіреті шегінде жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады;

- мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ селолық округтің аумағындағы автокөлік жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға;

- шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал жасайды;

- өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттің жасалуын, азаматтық жағдай актілерінің тіркелуін ұйымдастырады;

 - тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

 - аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және жұмыс істеуге қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

- жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасайды

 - қоғамдық транспорт қозғалысын ұйымдастырады;

 -шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде науқасты дәрігерлік көмек көрсететін жақын жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;

- статистикалық шаруашылық есебін жүргізуді жүзеге асырады;

 - қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Ақсу қалалық мәслихатының жұмысына қатысады;

 - мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз етеді;

- өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

 елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

туыстары жоқтарды жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес селолық округтің әкімі салық төлеуші-жеке тұлғамен мүлікке, транспорт құралдарына төленген, жер салығын жинауды ұйымдастырады;

- селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен транспорттық хабарлауды ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жатады;

-жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді;

 -мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

- дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;

 - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

- мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

- халықтың әлеуметтік әлжуас тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- селолық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуде ықпал жасайды

         3. Селолық округ әкімі мыналарды ұйымдастыруға және орындауға жауапты болады:

- Ақсу қаласының әкімімен, әкімдігімен және мәслихатымен жүктелген лауазымдық міндеттерін және алдына қойылған мақсаттарын орындауға;

- мемлекеттік қызметшілердің этика нормасын сақтауға;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне келуіне байланысты шектеулер, уақытында емес, сапасыз және тиісті орындамау немесе әр түрлі заңды жауапкершілік түрлеріне әкелетін бұзушылықтардың жойылуына;

- селолық округ әкімі аппаратында шұғыл және сапалы жұмысқа;

- заңмен сақталатын мемлекеттік құпияларды сақтауға;

Жауапкершіліктің түрі мен шегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

 

 

 

 

2017 ж 18.08


2015-06-03 11:56:39

Сондай-ақ оқыңыз