Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты

 

Евгеньевка селолық округі әкімі

Толқын Саттарқызы Бейсенбаева

   

                                        1974 жылғы 2 қазанда  туды. Бiлiмi- жоғары. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 2002 жылы. Қазтұтынуодағы ҚарағаБейсенбвеа Т2нды экономикалық университетін “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша 2013 жылы аяқтады; “Құқықтану” мамандығы бойынша құқықтану бакалавры. “Экономика саласын құқықтық реттеу”  кәсібі.

 

 

 

 

 

           Еңбек жолы 1993 жылғы 16 тамыздан 1995 жылғы 1 қыркүйек  аралығында Қарағанды облысы Егіндібұлақ  аудандық  білім бөлімі, Айрық  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
 1995 жылғы 1 қыркүйек 1996 жылғы 26 қараша - Қарағанды облысы Егіндібұлақ  аудандық  білім бөлімі, Жаңажол бастауыш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1996 жылғы 26 қараша 1997 жылғы 1 шілде - Қарағанды облысы Егіндібұлақ  аудандық  білім бөлімі, Едрей бастауыш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1997 жылғы 1 шілде 1997 жылғы 15 тамыз - Қазыбекби аудандық білім бөлімі Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық білім бөлімінің қарамағына ауыстырылды. 1997 жылғы 15 тамыз 2001 жылғы 2 қараша - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық білім бөлімі, № 36 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

       2001 жылғы 4 қаңтар 2002 жылғы 1 қаңтар - “Ақсу қаласының білім басқармасы” ММ аудармашысы.

       2002 жылғы 1 қаңтар-2002 жылы 1 тамыз  “Ақсу қаласының білім басқармасы” ММ әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері.

         2002 жылғы 26 тамыз-2002 жылғы  23 қыркүйек - “Ақсу қаласы әкімінің істер басқармасы” ММ аудармашысы, Ақсу қаласы.

        2002 жылғы  23 қыркүйек-2003 жылғы 3 наурыз “Ақсу қаласы әкімінің істер басқармасы” ММ бас маман-аудармашының міндетін атқарушы.

          2003 жылғы 3 наурыз-2004 жылғы 11 тамыз “Ақсу қаласы әкімінің істер басқармасы” ММ бас маман-аудармашысы.

          2004 жылғы 11 тамыз-2005  жылғы 4 қаңтар -  “Ақсу қаласы әкімінің істер басқармасы” ММ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы.

       2005 жылғы 5 қаңтар-2005 жылғы 5 сәуір -  ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы, “Ақсу қаласы әкімінің істер басқармасы” ММ.

   2005 жылғы 5 сәуір-2008 жылғы 4 мамыр - кадр қызметі бөлімінің бас маманы, “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” ММ.

   2008 жылғы 4 мамыр-2009 жылғы 20 қазан - Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау жұмысы бөлімінің бас маман сарапшысы-мемлекеттік тілдегі мәтіндердің редакторы, “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” ММ,

    2009 жылғы 20 қазан-2010 жылғы 10 желтоқсан  - Ұйымдастыру-бақылау  және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” ММ.

    2010 жылғы 13 желтоқсан-2012 жылғы 7 желтоқсан - мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі сектордың меңгерушісі, “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” ММ.

    2012 жылғы 7 желтоқсан-2012  жылғы 26 желтоқсан - Еңбек селолық округі әкімінің міндетін атқарушы, “Ақсу қаласы Еңбек селолық округі әкімінің аппараты” ММ.

   2012 жылғы 26 желтоқсан-2013 жылғы 8 тамыз Еңбек селолық округінің әкімі, “Ақсу қаласы Еңбек селолық округі әкімінің аппараты” ММ.

   2013 жылғы 8 тамыз-2013 жылғы 5 желтоқсан - Бөлім басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, “Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ.

    2013 жылғы 5 желтоқсан-2015 жылғы 6 қараша - Бөлім басшысының орынбасары, “Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ.

   2015 жылғы 6 қараша  -Евгеньевка селолық округінің әкімі, “Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты” ММ.

Азаматтарды қабылдау кестесі

Апта күндері

Қабылдау уақыты

Қабылдау орны

1

Сейсенбі

16.00-18.00

Евгеньевка ауылы

Гагарин көшесі,17

2

Сәрсенбі

16.00-18.00

Евгеньевка ауылы

Гагарин көшесі,17

3

Әр айдың 2 бейсенбісінде

16.00-18.00

Сольветка ауылы

4

Жұма

16.00-18.00

Үштерек ауылы

Байланыс телефоны: (71837) 74–2–30, 8(71837) 74–4–10

Төлқұжаты

         Евгеньевка ауылында 500 нөмірге сандық АТБ (автоматтандырылған телефон байланысы) жұмыс істейді, 479 абонент, сонымен қатар 70 абонент сымсыз телефон байланысымен пайдаланады.

         Үштерек ауылында 300 нөмірге сандық АТБ (автоматтандырылған телефон байланысы), 296 абонент 70 абонент сымсыз телефон байланысымен пайдаланады.

        Селолық округ тұрғындары телефон байланысымен 100% қамтамасыз етілген. Мегалайн, Зебра ғаламтор желісіне, Индустрия байланысына қосылған. Activ, Ksell, Beeline, Tele-2 ұялы байланыстары бар. Евгеньевка ауылында, Сольветка ауылында ауыз сумен кешенді блок модулі (КБМ) арқылы қамтамасыз етіледі. Үштерек ауылында жаңа су құбыры қызмет көрсетеді.

          Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №312/3 қаулысы негізінде “Ақсу қаласы Евгенеьевка селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі, оған “Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен, барлық құқықтары мен міндеттері “Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне ауысу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Құрылған жылы-1912

Селолық округтің аумағы-45254га

Елді мекендер саны-3:

Евгеньевка ауылы

Үштерек ауылы

Сольветка ауылы

Халық саны-4009

Еңбекке жарамдылары-2155

Ұлттық құрамы:

Қазақтар-2257

Орыстар-1113

Басқа ұлттар-650

Ұйымдар саны-73, оныңішінде:

ЖШС-3

ШҚ-22

Жеке кәсіпкерлер саны-48

Мемлекеттік қызмет

  1. Қосалқы шаруашылық болуы туралы анықтама беру;
  2. Мектепке дайінгі жастағы балаларды (7  жасқа дейін) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою

 Селолық округ әкімінің құқығы және функционалдық міндеттері

 1. Жүктелген міндеттері мен мақсаттарын орындау үшін селолық округ әкімінің:

 - әкімнің аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны дайындаған кезде жергілікті қоғам жиналысына (жиынына) Қазақстан Республикасының заңнамалық бюджетіне сәйкес Ақсу қаласы бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарды талқылауға беру;

 - селолық округ әкімі аппаратының мамандарына қызметтік өкілеттігі шегінде, олардың құзіретіне жататын міндеттерді орындау үшін тапсырмалар беруге;

 - басқа бөлімдерден, селолық округтер әкімдері аппараттарынан жұмыс үшін қажетті мәліметтер алуға;

 - қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға құқығы бар.

            2. Селолық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттері мыналар:

- азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін шаралар қолданады;

- бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал жасайды; 

- жоғарғы әкімдікке әкімшісі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін дайындайды және енгізеді;

 -азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға ықпал жасайды;

  - өз құзіреті шегінде жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады;

 - мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ селолық округтің аумағындағы автокөлік жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға;

 - шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал жасайды; 

  -өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 

- Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттің жасалуын ұйымдастырады;

 - аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және жұмыс істеуге қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырды;

 - жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасайды; 

 - қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

 - шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде науқасты дәрігерлік көмек көрсететін жақын жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;

-  статистикалық шаруашылық есебін жүргізуді жүзеге асырады;

 -  қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Ақсу қалалық мәслихатының жұмысына қатысады; 

-  мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз етеді;

 -  өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

- елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

 - туыстары жоқтарды жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

 - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес селолық округтің әкімі салық төлеуші-жеке тұлғамен төленетінмүлікке, көлік құралдарына, жерге салықтарды жинауды ұйымдастырады;  - селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен көліктік байланысты ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жатады;

- селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен көліктік байланысты ұйымдастыру жатады;

- жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді;

- мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

  - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;

 - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

  - мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

 - халықтың әлеуметтік әлжуас тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

  - ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуде ықпал жасайды.

                3. Селолық округ әкімі мыналарды ұйымдастыруға және орындауға жауапты болады: 

  Ақсу қаласының әкімімен, әкімдігімен және мәслихатымен жүктелген лауазымдық міндеттерін және алдына қойылған мақсаттарын орындауға;

  -мемлекеттік қызметшілердің этика нормасын сақтауға;

  - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін өткеруге байланысты уақытында, сапасыз және тиісті орындамау немесе бұзу және/немесе оны орындамау заңды жауапкершілік түрлеріне әкелетін шектеулерге;

 - селолық округ әкімі аппаратында шұғыл және сапалы жұмысқа;

- заңмен сақталатын мемлекеттік құпияларды сақтауға;

Жауапкершіліктің түрі мен шегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

 

 

 

 

2017 ж 08.03 


2015-06-03 11:44:25

Сондай-ақ оқыңыз