Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Достық селолық округі әкімінің аппараты

 

 

                                                                                      Достық селолық округінің әкімінің міндетін атқарушы  

Ак  Рүстем Егисұлы Жақсылықов 

 

1982 жылғы 1 маусымда туды. Бiлiмi-жоғары,  2005 жылы

 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді.

                Қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі  бойынша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Достық селолық округі әкімінің аппараты

Қабылдау кестесі:

Достық ауылы сәрсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін

Береке ауылы  бейсенбі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін

Пограничник ауылы сейсенбі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін

Байланыс телефондары 8 (71837) 41549,41544

 Төлқұжаты

     2001 жылы құрылған. 2013 жылғы шілдеде Достық селолық округі Пограничный селолық округімен қосылды, орталығы Достық ауылы.

Достық селолық округі аймағында 8 елді мекен орналасқан: Достық, Пограничник, Береке, Төрт құдық, кіші Парамоновка, Қазақстанға 30 жыл бөлімшесі, Тасқұдық станциясы, Спутник станциясы.

   Шаруашылық субъектілер: “Бекзат”, “Огонек”, “Дария”, “Береке”, “Жаңа жол”, “Липихиных”, “Гребенюк”, “Ислам”, “Багакашвили”, “Римма”, “Тас құдық”, “ТамНұр” шаруа қожалықтары,  “Достық”, “Бақыт”, “Вместе”, “Виктор” , “Сұлтан” фермерлік қожалықтары.

     Үш жалпы орта мектептері Достык, Береке, Пограничник ауылдарында, Спутник станциясында негізгі орта мектебі, екі бастауыш мектептер Төрт құдық және Қазақстанға 30 жыл бөлімшелерінде бар.

 Селолық дәрігерлік амбулатория Берекеа ауылында, фельдшерлік-акушерлік пункті Достық және Пограничник ауылында, Спутник станциясында фельдшерлік пункті мектепте орналасқан.

      “Ақсу қаласы Пограничный селолық округі әкімінің аппараты” мемелекеттік мекемесі Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №312/3 қаулысы негізінде “Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің аппараты” мемелекеттік мекемесімен қосылу жолымен барлық құқығы мен міндеттері “Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің аппараты” мемелекеттік мекемесіне ауысу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Тұрғындардың саны 3666 адамды құрайды, оның ішінде:                                                                

 қазақ-2252

 орыс-793

  украин-117

  неміс-139

   татар-68

  басқа ұлттар -150.

     Мемлекеттік қызмет

       1.  «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

      2.   «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

     3.  «Мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет.

 Селолық округ әкімінің құқығы және функционалдық міндеттері

       1. Жүктелген міндеттері мен мақсаттарын орындау үшін селолық округ әкімінің:

         әкімнің аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны дайындаған кезде жергілікті қоғам жиналысына (жиынына) Қазақстан Республикасының заңнамалық бюджетіне сәйкес Ақсу қаласы бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарды талқылауға беру;

         селолық округ әкімі аппаратының мамандарына қызметтік өкілеттігі шегінде, олардың құзіретіне жататын міндеттерді орындау үшін тапсырмалар беруге;

     басқа бөлімдерден, селолық округтер әкімдері аппараттарынан жұмыс үшін қажетті мәліметтер алуға;

    қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға құқығы бар.

           2. Селолық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттері мыналар:

азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін шаралар қолданады;

  бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал жасайды;  жоғарғы әкімдікке әкімшісі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін дайындайды және енгізеді;

           азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік - құқықтық актілерін орындауға ықпал жасайды;

өз құзіреті шегінде жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады;

мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ селолық округтің аумағындағы автокөлік жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға;

      шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал жасайды-

      өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;-     

      Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттің жасалуын, азаматтық жағдай актілерінің тіркелуін ұйымдастырады;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  - аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және жұмыс істеуге қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

       -  жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасайды;  қоғамдық транспорт қозғалысын ұйымдастырады;   шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде науқасты дәрігерлік көмек көрсететін жақын жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

 - жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;

 - статистикалық шаруашылық есебін жүргізуді жүзеге асырады;

 -  қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Ақсу қалалық мәслихатының жұмысына қатысады;

- мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз етеді;

 өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

туыстары жоқтарды жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

           Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес селолық округтің әкімі салық төлеуші-жеке тұлғамен төленетін мүлікке, көлік құралдарына, жерге салықтарды жинауды ұйымдастырады;

   - селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен көліктік байланысты ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жатады;

- жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді;

 - мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

 - қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

 -  дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;

 -  мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

  -  мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

-   халықтың әлеуметтік әлжуас тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

 - ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуде ықпал жасайды.

               3. Селолық округ әкімі мыналарды ұйымдастыруға және орындауға жауапты болады:

       Ақсу қаласының әкімімен, әкімдігімен және мәслихатымен жүктелген лауазымдық міндеттерін және алдына қойылған мақсаттарын орындауға;

мемлекеттік қызметшілердің этика нормасын сақтауға;

          Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін өткеруге байланысты уақытында, сапасыз және тиісті орындамау немесе бұзу немесе оны орындамау заңды жауапкершілік түрлеріне әкелетін шектеулерге;

селолық округ әкімі аппаратында шұғыл және сапалы жұмысқа;

заңмен сақталатын мемлекеттік құпияларды сақтауға.

Жауапкершіліктің түрі мен шегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

2017 ж 08.03


2015-06-03 11:35:49

Сондай-ақ оқыңыз