Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Алғабас селолық округі әкімінің аппараты

 

   Алғабас селолық округінің әкімінің міндетін атқарушы

Мирхат Фархатұлы Валитов

 

Валитов1 1964 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтын сүт өнімінің инженер-технологы мамандығы бойынша аяқтады.

 

 

 

 

 

 

              Еңбек жолын 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл май зауытының инженер-технологы болып бастады. 1994 жылдан 2004 жыл аралығында жеңіл азық-түлік өнеркәсібі саласында: “Алаш” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Марқакөл май зауытының бастығы, “Ирбис-М” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бобровский май зауытының директоры лауазымында жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары “Әйгерім” фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2007-2009 жылдары – “Терминал-2” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан бойынша ”Смак” сауда маркасымен сауда өнімін іске асыру бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

2011 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің “Сауық Сервис” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары қызметін атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін “Ақсу-Коммунсервис” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып  жұмыс істеді.

 Мекенжайы: Ақсу қаласы Алғабас ауылы, Советов көшесі, 4а

Байланыс телефоны: 8(71837)79–6–75

Қабылдау кестесі:

Алғабас

Сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Жолқұдық

Сәрсенбі 10.00 -ден 12.00 ге дейін

Жұма 15.00 -ден 17.00 ге дейін

Айнакөл

Бейсенбі 10.00 -ден 12.00 ге дейін

Сейсенбі 15.00 -ден 17.00 ге дейін

Төлқұжаты

            Алғабас селолық округі Ақсу қаласының солтүстігінде орналасқан, солтүстігінде Ақсу қаласы Қызылжар селолық округімен,  оңтүстігінде Павлодар қаласы Ленин кентімен және Ақсу кентімен, батысында Ақсу қаласы Пограничник селолық округімен, шығысында Ертіс өзені арқылы Павлодар облысы Павлодар ауданының Павлодар қаласымен шекаралас орналасқан.

          Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №312/3 қаулысы негізінде “Ақсу қаласы Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесін “Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен, барлық құқықтары мен міндеттері “Ақсу қаласы Алғабас селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне ауысу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Құрылған жылы 2013 жыл:

Селолық округтің аумағы-407978 га,

Елді мекендер саны-8,

Алғабас, Жолқұдұқ, Ребровка, Қаракөл, Айнакөл, Сынтас, Көктас, Қарабай ауылдары

Халық саны-4226

Еңбекке жарамды адам саны-2432,

Ұлттық құрамы:

Қазақтар-3496

Орыстар-419

өзге ұлттар-311

Мешіт- бар, шіркеу-жоқ.

Мемлекеттік қызметтер

1 Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

3. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою.

Селолық округ әкімінің құқығы және функционалдық міндеттері

 1. Жүктелген міндеттері мен мақсаттарын орындау үшін селолық округ әкімінің:

- әкімнің аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны дайындаған кезде жергілікті қоғам жиналысына (жиынына) Қазақстан Республикасының заңнамалық бюджетіне сәйкес Ақсу қаласы бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарды талқылауға беру;

- селолық округ әкімі аппаратының мамандарына қызметтік өкілеттігі шегінде, олардың құзіретіне жататын міндеттерді орындау үшін тапсырмалар беруге;

- басқа бөлімдерден, селолық округтер әкімдері аппараттарынан жұмыс үшін қажетті мәліметтер алуға;

-қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға құқығы бар.

2. Селолық округ әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттері мыналар: 

-азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін шаралар қолданады; 

- бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал жасайды;

 -жоғарғы әкімдікке әкімшісі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін дайындайды және енгізеді; 

-азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауға ықпал жасайды;

- өз құзіреті шегінде жер қатынастарының реттелуін жүзеге асырады; 

 - мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ селолық округтің аумағындағы автокөлік жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға; 

- шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал жасайды; 

-өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 

 - Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттің жасалуын, азаматтық жағдай актілерінің тіркелуін ұйымдастырады;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

 - аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және жұмыс істеуге қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; 

 -жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасайды; 

- қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

-шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде науқасты дәрігерлік көмек көрсететін жақын жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады; 

 -жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;

- статистикалық шаруашылық есебін жүргізуді жүзеге асырады; 

 - қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Ақсу қалалық мәслихатының жұмысына қатысады; 

- мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз етеді;

- өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

 - елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

 -туыстары жоқтарды жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

 - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес селолық округтің әкімі салық төлеуші-жеке тұлғамен төленетін мүлікке, көлік құралдарына, жерге салықтарды жинауды ұйымдастырады;

  - селолық округ әкімінің құзіретіне сондай-ақ қалалық атқарушы органға Ақсу қаласымен көліктік байланысты ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жатады;

- жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді;

- мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

 -қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

-дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;

-мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

 - мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

- халықтың әлеуметтік әлжуас тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

-ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуде ықпал жасайды.

 3. Селолық округ әкімі мыналарды ұйымдастыруға және орындауға жауапты болады: 

  Ақсу қаласының әкімімен, әкімдігімен және мәслихатымен жүктелген лауазымдық міндеттерін және алдына қойылған мақсаттарын орындауға;

 -мемлекеттік қызметшілердің этика нормасын сақтауға;

 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін өткеруге байланысты уақытында, сапасыз және тиісті орындамау немесе бұзу және/немесе оны орындамау заңды жауапкершілік түрлеріне әкелетін шектеулерге;

-селолық округ әкімі аппаратында шұғыл және сапалы жұмысқа;

-заңмен сақталатын мемлекеттік құпияларды сақтауға;

Жауапкершіліктің түрі мен шегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

 

 

 

 

  2017 ж 08.18


2015-06-03 11:27:50

Сондай-ақ оқыңыз