Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Алғабас селолық округі әкімінің 2017 жылғы халық алдында есеп беру тезисі.

  Алғабас селолық округі: Айнакөл, Алғабас, Жолқұдық, Қарабай, Көктас, Сынтас, Ребровка, Қаракөл 8 ауылдық елді мекендерден тұрады. Селолық округ аумағында 4226 адам тұрады. Осы округте 4 ЖШС, 60 ШҚ, 31 ЖК жұмыс істейді.

  Алғабас селолық округі аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 3 орта жалпы білім беру мектептері және 2 бастауыш мектептер бар. 2016 жылы Алғабас ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға енгізілді. Осы округ аймағында үш мәдени-сауық орталығы қызмет көрсетеді.

  2016 жылы Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы бағдарламасы шеңберінде Алғабас ауылы көшелері ағымдағы жөнделді.

  «Берік» ШҚ «Алтын-Асық» бағдарламасымен 200 бас саулық және 30 бас қой сатып алынды.

  «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде «АТАМУРА-ПАВЛОДАР» ЖШС тауарлы-сүтті ферманы дамытуға несиені 100 бас малды қорда ұстаумен сүтті-тауарлы ферманы дамытуға және сүтті қайта өңдеу цехын ұйымдастыруға несие алынды және 100 бас сүтті ірі қара мал сатып алынды.

   Ағымдағы жылы малдың тұқымдарын асылдандыруға 8 шаруа қожалығы қатысты. 4 шаруа қожалығы 17 асыл тұқымды бұқалар сатып алынды.

Селолық округте келесі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:

   Айнакөл ауылында «Бауыржан» ШҚ ешкі сүтінен сыр өндіруді дамыту және жартылай ет өнімдер шығару бойынша цех ұйымдастыру үшін 48 бас сүтті ешкі сатып алынды.

    Жолқұдық ауылында «Ансар» ЖШС құрылыс материалдарын жасау және сату бойынша кешен ұйымдастырылды және жанар-жағармай, көмірді бөлшектеп-көтерме саудамен сату орны ашылды.  

   Көктас ауылында «Дендро» ЖШС кейін қайта өңдеуге жататын жидектер плантациясы ұйымдастырылды.

   Көктас ауылында «Гарденпродукт» ЖШС ашық жерде көкөніс шаруашылығын және бағбаншылықты дамытумен айналысады.

    Айнакөл ауылында «Воробьев» ЖК жартылай балық өнімдерін шығару бойынша балық цехы ұйымдастырылды.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Айнакөл ауылында Даңқ ескерткішіне жан-жағын абаттандырып және көгалдандырып ағымдағы жөндеу жүргізілді.  

    Жолқұдық, Алғабас ауылдарында жалпы ұзындығы 2,6 км. ауыл ішіндегі жолдарға тас төселді.

   Селолық округте қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

 

 

 

2017 Ж 04.01


2017-01-04 17:55:46

Сондай-ақ оқыңыз