Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2017 жылы халық алдында есеп беру тезисі.

 Селолық округтің құрамына 7 елді мекен кіреді: жалпы саны 3308 адам тұрғыны бар Құркөл, Еңбек, Путь-Ильича, Сырлықала, Дөнентаев, Көктерек, М. Омаров атындағы ауылдар.

2016 жылы селолық округте келесі жұмыстар жүргізілді.

  Жұмыспен қамту-2020 жол картасының бірінші бағыты бойынша Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл көшелеріне қашықтығы 1,5 км ағымдағы жөндеу жасалды, Жамбыл орта мектебінің шатыры жөнделді, С.Дөнентаев атындағы орта мектептің шатыры ағымдағы жөндеуден өтті, сонымен қатар спортзал күрделі жөндеуден өткізілді.

  Бағдарламаның екінші бағыты бойынша өз істерін ашу және бизнесін кеңейту үшін ауылдар бойынша 2016 жылдың басынан 13 ауыл тұрғыны әрқайсысы 3,0 млн.тенге сомасына дейін несие алды.

  “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында Мәмәйіт Омаров атындағы ауылда даңқ ескерткішіне ағымдағы жөндеу өткізілді.

  Барлық ауылдарда көше жарықтарын қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Селолық округте 3 кешенді блок модулі бар.

М.Омаров атындағы селолық округтің жазғы су құбыры ағымдағы жөндеуден өтті.  

 Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің кіре беріс және көшелеріндегі жолы қардан тазартылды.  

“Қамқорлық” акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан 142 бала киім кешекпен қамтылды. Халықтың әлеуметтік-әлжуаз тобынан 71 отбасына көмір берілді және 52 жанұяға тегін 1,5 тонна шөп түрінде қамқорлық көмек көрсетілді.

 Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналып 6 аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік-әлжуаз тобының отбасына алғашқы қажетті азық-түліктер жиынтығы берілді. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері және мүгедек тұлғалардың отбасыларына көмек көрсету үшін мектеп оқушыларына «тимуршылар» тобы ұйымдастырылды.

 Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі бойынша 39 - шаруа қожалықтары, «АгроКормСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қамқор» ТК, “Еңбек” ТК, 14 – шағын сауда орындары жұмыс істейді.

 Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округте 3 орта мектеп және 2 бастауыш мектеп бар. Барлық мектептерде балаларға арналған асхана жұмыс істейді, аз қамтамасыз етілген отбасылардан  оқушылар ыстық тамақпен қамтылған.

Селолық округте қоғамдық-саяси жағдай бір қалыпты.

 

 

 

 

 

2017 Ж 04.01

 


2017-01-04 17:53:03

Сондай-ақ оқыңыз