Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қалқаман селолық округі әкімінің 2017 жылы халық алдында есеп беру тезистері.

   Қалқаман селолық округінде екі ауыл орналасқан, жалпы тұрғындар саны – 3478 (Ақжол ауылында -699, Қалқаман ауылында -2779). Екі білім беру мекемесі бар, 2- мәдениет мекемесі, 2 – медицина мекемесі, 29 дүкен, наубайхана, халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта бөлімі, цифрлы автоматтандырылған телефон стансасы, дәріхана, доңғалақ монтаждау стансасы, АЖС-2, ресторан, жол бойында 8 дәмхана, 2 техникалық қызмет көрсету стансасы, автобекет, теміржол станциясы, тұрмыс үйі, монша, 2 шаштараз. Жалпы белсенді кіші және орта бизнес субъектілер саны: жеке кәсіпкерлер-78, шаруа қожалығы -9 (мал шаруашылығы мен өсімдің  шаруашылығы), ЖШС – 2, ДЭУ, К.Сатпаева атындағы канал учаскесі, «ҚТЖ «ҰК» АҚ учаскелері, «Ақсу су арнасы» МКМ учаскесі, «Соляная компания» ЖШС учаскесі.

  2016 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін нақты жұмыстар өткізілді.

  Ағымдағы жылы «Достық» ш/қ Каимов Х.С. өз қаражаты есебінен қартоп сақтауға арналған 4000 тонна картоп сыйатын көкөніс қоймасын салды.

 Мал шаруашылығын дамыту үшін «Хакім» ш/қ Ж.О. Толеубеков 5 асыл тұқымды бұқа сатып алды.

  ЖК Садуакасова Н. өз қаражаты есебінен Қалқаман наубайханасына күрделі жөндеу жұмысын жасады (шатырын бұзып қайта салды, су құбырын өткізді, кәріз жүйесін өткізіп, құралдарын ауыстырды, пластик терезелер қойды).

  Ағымдағы жылда «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғыны Еркетай Айгул  несиеге қаржысына  8 жылқы сатып алды.

  «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша қарызға алу есебінен ЖК О.Шохин ағымдағы жылда дүкен ашты және тауар тасу үшін автокөлік сатып алды.

  «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қалқаман ауылының Мәдениет үйінде күрделі жөндеу жасалды, Ақжол ауылының мәдени-сауықтыру орталығына жөндеу жұмысы өткізілді, Бауржан-Ж Ш/Қ өз есебінен сайдингпен қабырғаларына өңдеу жасады.

  Ағымдағы жылда қала бюджеті есебінен кенттің полиция бөлімшесіне күрделі жөндеу жасалды.

2015-2016 жылдары ауыл ішіндегі жолдардың ағымдағы жөндеу жобалары мен белгілер қоюы іске асырылды.

  Бес шақырым жолдың жол шұнқырлары қиыршық таспен жабылды, Қалқаман ауылының Советская көшесіндегі 200 шаршы метр шұңқыры жабылды.

Селолық округтегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

 

 

 

2017 Ж 04.01

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2017-01-04 17:50:39

Сондай-ақ оқыңыз