Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Достық селолық округінің әкімінің 2017 жылғы халық алдында есеп беру тезистері.

  Достық селолық округінің қарамағына Достық, Парамоновка, Төртқұдық,  Кіші Парамоновка, Пограничник, Спутник станциясы және Тасқұдық ауылдары кіреді. Тұрғындардың саны – 3715 адам. Селолық округте 30 шаруа қожалығы және жылқы өсірумен айналысатын  1 ЖШС жұмыс істейді.

  Селолық округте негізгі және 3 жалпы орта мектептері, Достық ауылында дәрігерлік амбулатория және Пограничник, Парамоновка ауылдарында фельдшерлік пункттер, Спутник ауылында медициналық пункті бар. Денсаулық сақтау мекемелері автокөлікпен, қажетті құралдармен қамтамасыз етілген, медицина кадрлары толық, мамандар үймен қамтылған. Дәріхана бөлімі және стационарлық емдеу үшін 3 төсек-орыны бар.

  Достық, Пограничник және Парамоновка ауылдары Мәдени-сауық орталықтарында  барлық мерекеге арналған мерекелік іс-шаралар, тақырыпты кештер, би кештері өткізіледі.

2016 жылы селолық округті дамыту үшін мынадай жұмыстар атқарылды.

Парамоновка ауылындағы балалар ойын алаңдарында шағын нысандар орнатылды.

  Қазіргі уақытта малдың тұқымдарын асылдандыру бағытында қазақтың ақбас, қызыл басты дала,  симментал тұқымының ірі қара малдары сатып алынуда. Ауылшаруашылық өнімдерін өткізу жүйесі қайта даярлау пунктері арқылы іске асырылуда.

  Достық ауылы мәдени-сауық орталығына демеушілік көмек есебінен музыкалық аппаратура сатып алынды.

  Парамоновка ауылындағы мектептің, Пограничник, Парамоновка ауылдары мәдени-сауық орталығы және Пограничник ауылындағы даңқ ескеркішінің аумағына текше тастар төселді.

Достық ауылында ауған соғысына қатысқан жауынгерлер үшін аллея ашылды. Онда 25 шырша егілді.

   “Достық-Төртқұдық-Пограничник-Сольветка-Ақсу” автобус маршруты ауданға қатынайды.

 Достық селолық округінде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 04.01


2017-01-04 17:47:49

Сондай-ақ оқыңыз