Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қызылжар селолық округі әкімінің 2017 жылғы халық алдында есебінің тезисі.

   Қызылжар селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрамында 5 ауылдық елді мекендер бар, олар - Борықтал шағын ауылымен Қызылжар ауылы, Жаңа-Шаруа шағын ауылымен және Суаткөл шағын ауылымен Сарышығынық ауылы, селолық округте барлығы 3481 адам тұрады.

    Селолық округте 14 мемлекеттік ұйымдар, 53 кәсіпкерлік субъектілері бар.

   Селолық округтің әлеуметтік саласын Қызылжар және Сарышығанақ ауылдарындағы 2 мектеп, Борықтал және Суаткөл, Жаңа-Шаруа шағын ауылдарындағы 3 бастауыш мектептер құрайды. 2 мәдени-сауық орталығы, 2 ауыл кітапханасы, дәрігерлік амбулатория және медпункт, 2 шағын орталық, әкімдік, Қызылжар және Сарышығанақ ауылдарындағы 2 мешіт, 2 почта байланыс торабы, өрт сөндіру посты, полиция участогы және АТС  бар.

Округте 16 жеке кәсіпкерлер, 35 шаруа қожалықтары, 2 ЖШС жұмыс істейді.

2016 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін нақты жұмыстар атқарылды.

«Кораблев» ЖК мал шаруашылығы кешенін ашты.

«Шовай Е.» ЖК мал шаруашылығын дамыту үшін 22 бас ірі қара мал сатып алды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша бизнесті кеңейту үшін "Уміт" ШҚ 59 бас сүтті ірі қара мал сатып алды

"Қызылжар-Құс" ЖШС мұздатқыш жабдығына қайта жаңғырту жүргізілді.

Қызылжар ауылындағы саябақ қоршалды.

Қызылжар ауылындағы мәдени-сауық орталығының қасбетіне ағымдағы жөндеу жасалды.

Қызылжар ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Қызылжар ауылының көше жолдарына ағымағы жөндеу жүргізілді.

«Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Жамал» ЖК ұлттық стилде киім тігу цехын ашуға несие алды.

  Осы жылы әлеуметтік осал топтары ішіндегі 38 отбасы көмірмен қамтамасыз етілді. «Қызылжар Құрымсы» ЖШС және Уміт ШҚ 1,5 тонна шөпті әр 5 отбасыға  тегін берумен қайырымдылық көмек көрсетті.

  Сонымен қатар, «Қызылжар Құрымсы» ЖШС селолық округтің 2 мешітіне демеушілік көмек көрсетті.

  Қазақстан Республикасының 25 жылдығы құрметіне орай «Қызылжар-Құс» ЖШС азық-түлік себетін 6 табысы аз отбасына таратты және осы санаттағы отбасы балаларына 94 жаңа жыл сыйлықтарын берді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен «тимуршылар» отрядының жұмысы ұйымдастырылды, олар еңбек тылында болған және мүгедек жандардың отбасына үйлерді жинап-жууға көмек көрсетеді.

  Қызылжар селолық округін және оның тірек ауылдарын әлеуметтік-экономикалық дамыту жұмысы одан әрі жалғастырылатын болады.

 

 

 

2017 Ж 04.01.


2017-01-04 17:44:36

Сондай-ақ оқыңыз