Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Евгеньевка селолық округі әкімінің 2017 жылы халық алдында есеп беру тезисі.

   Евгеньевка селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрамына үш ауыл кіреді: Евгеньевка, Үштерек, және Сольветка. Округте тұрғындардың жалпы саны 4020 болатын  935 аула бар.

  Селолық округте 3 ЖШС, 23 шаруа және фермерлік қожалығы жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес субъектілер саны -40.

  606 оқушыны қамтыған 2 орта мектеп және негізгі мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 ауылдық кітапхана, 75 орынға арналған балабақша, мәдени-сауық орталығы, 2 пошта бөлімшесі, АТС, 10 сауда объектілері, оның ішінде 2 әлеуметтік дүкен, кафе, жанар-жағармай станциясы, жасанды жабындымен шағын футбол алаңы, хоккей алаңы жұмыс істейді.

   2016 жылы Үштерек ауылында 600 бас ірі қара малға сүт-тауарлық ферма ашылды. Жоғары өнімді малдар Германиядан әкелінді.

Қаржылай қолдау көрсету институты арқылы жеке бизнесін ашу және дамыту үшін 23, 0 млн.теңге сомасында 9 тұрғын несие алды.

  Евгеньевка ауылы шаруа қожалықтарының демеушілік көмек көрсету есебінен тұрмыстық сервис Орталығын орналастыру үшін бұрынғы ФАП ғимараты сатып алынып, қалпына келтірілді.  Сонымен қатар “Уштерек и К” ЖШС Үштерек ауылында балабақша ашу үшін ауылдық кеңесінің бұрынғы кеңсе ғимараты сатып алында.

  Елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді.   

  Үштерек ауылында балалар ойын алаңы, Евгеньевка ауылында көше жаттығу құрылғысымен демалыс орны орнатылды. Көше жарығының қосымша шамдары, қоқысқа арналған контейнерлер жасалып, орнатылды.

  Жұмыспен қамту жол қартасы - 2020 бардарламасы аясында және басқа қаржы көздері арқылы ауыл ішіндегі жолдарға 4,2 км асфальт төселді, Үштерек ауылы орта мектебінің шатырына жөндеу жүргізілді.

  Евгеньевка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, дене шынықтыру- сауықтыру кешені және су құбырының құрылысы 2016 жылы басталып, 2017 жылы аяқталуы жоспарланған.

  Евгеньевка селолық округі және Евгеньевка тірек ауылының әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар жалғасады.

 

 

 

2017 Ж 04.01


2017-01-04 17:40:50

Сондай-ақ оқыңыз