Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Қала әкімінің Ақсу қаласының халқымен 2016 жылы өткізілген есеп беру кездесуі барысында түскен азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар.

   «Достық ауылының МСО-ғы үшін музыкалық құрал-жабдықтарды сатып алу жөнінде»

  ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Достық селолық округінде орналасқан “ПавлодарАгроСнаб” ЖШС, “Липихин” ШҚ, “Дарья” ШҚ демеушілік қаражаты арқылы Достық ауылының  МСО-ғы үшін   500,0 мың теңге сомаға музыкалық аппаратура сатып алынды.

  «Қызылжар селолық округінің Сарышығанақ ауылында  ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту бойынша»

  Сарышығанақ ауылының аумағында 600 га алаңда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жобаның бастамашысы  «АгроМакс - ДС» ШҚ. Қызметтің негізгі түрі – суармалы жерде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, болашақта – ауылшаруашылық малдарын көбейту.  2016 жылы 100 га алаңға картоп салынды, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін қажетті техника сатып алынды, сондай-ақ 1900 тоннаға арналған көкөніс сақтау қаймасы қолданысқа енгізілді.

  «М.Омаров ауылында ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу туралы» 8-тармақ бойынша.

М. Омаров ауылындағы көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылғы қазанда аяқталды.

Ауыл көшелерінің ұзындығы 1,5 км жолын ағымдағы жөндеуге 14679,0 мың теңге қаражат Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві және жергілікті бюджет есебінен бөлінді.

   «Қалқаман ауылында Мәдениет үйін жөндеу туралы»

“Жұмыспен қамту Жол картасы-2020” бағдарламасы аясында 2016 жылғы қараша айында Қалқаман ауылында 26849,0 мың теңге сомаға Қалқаман ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар аяқталды, соның ішінде жергілікті бюджеттен 2685,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 24164,0 мың теңге бөлінді.

   «Парамоновка ауылында Даңқ ескерткішін орнату туралы»

2016 жылдың қараша айында «Респект» ЖШС Достық селолық округінің Парамоновка ауылында Даңқ ескерткішін орнатуға 7986,743 мың теңге сомаға ЖСҚ дайындалды.

 

 

 

 

 

2016 ж 25.11.

 


2016-11-25 11:25:01

Сондай-ақ оқыңыз