Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Қала әкімінің Ақсу қаласының халқымен 2016 жылы өткізілген есеп беру кездесуі барысында түскен азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

  «Евгеньевка ауылында, соның ішінде Степная көшесінде көше жарығын қалпына келтіру туралы» .

   Евгеньевка селолық округінде, соның ішінде Евгеньевка және Үштерек ауылдарында ағымдағы жылы  маусым айында бөлінген қаражат шеңберінде  420000 (төрт жүз жиырма мың) теңге сомасында көше жарықтарын қалпына келтіру жұмысын жүргізген болатын.

   Соның ішінде, Евгеньевка ауылының Степная көшесінің шамдары ауыстырылды және Карл Маркс–Степная көшелерінің қиылысында қосымша екі шамдар орнатылған.

  «Набережная көшесінде ағаштарды кесу».

   Набережная көшесіндегі № 35,37,39, 41,49,51-тұрғын үйлері аумағында санитарлық ағаш кесу жүргізілген. 45 ағашты кесу жұмысы орындалды, оның ішінде  29-ы түбірімен, 16-ына  жасарту жұмыстары орындалды.

  «Қызылжар ауылының жолдарын жөндеу туралы».

   Қызылжар ауылында «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» Бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың тізіміне сәйкес, 2016 жылы Қызылжар ауылында ағымдағы жөндеу өткізілді.

   Жобаның жалпы құны 27,5 млн теңгені (РБ - 24,8 млн теңге, ЖБ -2,7 млн теңге) құрады.

   Тапсырыс беруші - «Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты» ММ.

   Школьная көшесіне - 540м, Гагарин көшесіне - 410м, Энтузиастов көшесіне - 1180м жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осы объектiде 20 жұмыс орны құрылды.

   «Маршруттар бойынша қосымша автобустар сатып алу арқылы қалада автокөлік құралдары паркін кеңейту мүмкіндігі туралы».

   Қазіргі уақытта, қалаға автобустардың қосымша 2 бірлігін сатып алу қажеттілігі жоқ деп санаймыз.

   2016 жылғы 16 тамызда конкурс қорытындысы жарияланды.  Конкурстың жеңімпаздары 9 лот бойынша «Aксутрансбизнес» ЖК, 2 лот бойынша - «Қамқор - Ақсу» ЖШС танылды.

  № 6-шы маршрут бойынша (маусымдық, саяжайға дейін) қатысушылардың болмауына байланысты конкурс болмады деп танылды.

   Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдаушылармен келісімдер маршрут бойынша жұмыс құқығына куәлік берумен 10 күнтізбелік күн ішінде жасалатын болады.

  № 6 және 7 маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдау кестесінің қайталануына байланысты, № 6 маршрут оңтайландырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 ж 01.05


2016-09-30 09:38:53

Сондай-ақ оқыңыз