Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ҚАЛҚАМАН СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 2018 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСТЕРІ.

Округте екі ауыл орналасқан, жалпы тұрғындар саны – 3515 (Ақжол ауылында - 713, Қалқаман ауылында - 2802).

Еңбекке жарамды тұрғындар саны: 1766 адам, жұмыссыз тұрғын – 6 адам. Үлкен қара мал саны - 2599 бас, жылқы – 650 бас, ешкі мен қой – 4628 бас, шошқа – 157 бас, құс – 2972.

Үш білім мекемесі бар, 2- мәдениет мекемесі, 2 – медицина мекемесі, 29 дүкен, наубайхана, халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта бөлімі, цифрлы автоматтандырылған телефон стансасы, дәріхана, доңғалақ монтаждау стансасы, 2- АЖС, жол бойында 8 дәмхана, 2 техникалық қызмет көрсету стансасы, тұрмыс үйі, монша, 2 шаштараз. Жалпы белсенді кіші және орта бизнес субъектілер саны: жеке кәсіпкерлер - 82, шаруа қожалығы - 10, ЖШС – 3, ДЭУ, Қ. Сәтбаева атындағы канал учаскесі, «ҚТЖ «НК» АҚ учаскелері, «Ақсу су арнасы» МҚМ учаскесі, «Соляная компания» ЖШС учаскесі.

2017   жылы іске асырылған жобалар:

-                     бұрынғы әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу өткізіліп, оның негізінде дәрігерлік амбулатория ашылды.

-                     Қалқаман ауылында 4 бағытта Ақсу қаласының өнер мектебінің филиалы ашылды: хореографиялық, вокалдық, театралдық пен музыкалық бағыттарда.

-                     Жергілікті бюджет есебінен Қалқаман ауылында Ленин көшесіндегі жолға ағымдағы 23151,520 мың теңге сомаға жөндеу жасалып, 226,0 мың теңге сомаға жол бегілері салынды.

-                Сонымен қатар Комсомольская көшесіне 8108,226 мың теңге сомаға ағымдағы жөндеу жасалып, асфальт төселді,

-                     Қалқаман мен Ақжол ауылдарында 3 (үш) балаларға арналған 3800,0 мың теңге сомаға ойын алаңдары орнатылды.

-                     «Чайка» балабақшасына 16016,0 мың теңге сомаға терезе блоктарына, кіреберіске күрделі жөндеу жасалып, балабақша аумағына асфалт төселді.

-                     Жаңа ветеринарлық пункті салынды.

Сумен қамтамасыз ету – 2 КБМ жұмыс істеп тұр. Қалқаман ауылында орталық су құбыры жұмыс істеп тұр. Ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілген, орталық су құбыры 50 %-ға іске асырылды.

 Селолық округ бойынша әлеуметтік экономикалық жұмыс әрі қарай жалғасады.

Қалқаман селолық округінде саяси қоғамдық жағдай бір қалыпта.


2018-01-03 11:58:19

Сондай-ақ оқыңыз