Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ЕВГЕНЬЕВКА СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 2018 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСІ.

Жалпы Евгеньевка селолық округі, әсіресе тірек ауыл Евгеньевка үшін, осы жыл оқиғалар мен жетістіктерге толы болды.

Евгеньевка селолық округінің егіншілік шаруашылықтары егу жоспарын толық орындап, барлық агротехникалық іс-шараларды уақытында өткізіп, нәтижесінде картоп, көкөніс және дәнді дақылдардан жақсы өнім алды.

2017 жылы Евгеньевка ауылында жоспарланған 600 бас ІҚМ-дың 300 басы сатып алынып, «Сергей» ШҚ негізінде құрылатын СТФ бірінші кезеңі аяқталды. Бүгінде 3 мал қоралары, жем өңдеу цехы салынды, 300 бас симменталдық және голштиндік асыл тұқым ірі қара мал сатып алынып, жеткізілді. 2018 жылы екінші кезеңде тағы 300 бас асыл тұқым ірі кара мал сатып алынады.

«Тимур» ШҚ-да меристемдік картопты аэропондық әдіспен өсіретін 5 жылыжай салынып, жұмысын бастады. «Тимур» және «Виктория» шаруа қожалықтарына ерекше және элиталық картоп тұқымдарын өндіретін асыл тұқымды шаруашылықтар мәртебесі берілді.

Үштерек ауылында жеке кәсіпкерлер 4 жылқы және ІҚМ бордақылау алаңдарын ашты.

Сүт және ет өндіретін АӨК құру жұмысы жүргізілуде.

Қазан айында Евгеньевка ауылында Павлодар облысының ауылдық елді-мекендерін дамыту бойынша облыстық мәжіліс өткізілді.  Және де сол қазан айында Евгеньевка ауылына Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаттары келді.

Евгеньевка ауылында ағымды жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ауылдық дәрігерлік амбулатория салынып іске қосылды, су құбыры салынды, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ауылды абаттандыру саласында көп жұмыс істелді: ауылдың орталық алаңында 4500 шаршы метрге асфальт салынды, Евгеньевка ауылының «Достық» МСО алаңына қырлы тастар төселді, көлік тұрақтары, жаяу жүргіншілер жолы жасалды, жол белгілері орнатылды.

Үштерек ауылында 16 млн. теңгеге малдәрігерлік пункт салынды. Және де Үштерек ауылында кітапхана, полиция тірек пунктін орналастыру жоспарланған, Пионерская ½ көшесіндегі әкімшілік ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Үштерек ауылының ОМ электрқуатымен қамту жүйесіне 10640,0 мың теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сольветка ауылында 3 млн теңге сомасына КБМ-ге түпкі ұңғыма бұрғыланды.

Шаруа қожалықтарының демеушілігімен Евгеньевка ауылында 12,0 млн теңге сомасына Евгеньевка ауылының Интернациональная көшесі асфальттанды («Тимур» ШҚ) , «Достық» МСО жөндеу жұмыстары жүргізілді  («Сергей» ШҚ), бұрыңғы ФАП ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды, онда шаштараз, асхана, фото және компьютерлік техниканы жөндеу ательесі орналаластырылған тұрмыс Үйі ашылды.

Евгеньевка ауылында инвесторлар қаражатына салынатын 3 екі пәтерлік үйлер, қоғамдық монша құрылысы аяқталуда.

«Үштерек и К» ЖШС қаражатына Үштерек ауылында бұрыңғы ауылкеңесінің ғимараты сатып алынды, онда бала-бақша орналастыру жоспарланған. Бүгінде күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылға жоспарланған.

Селолық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс 2018 жылы жалғастырылады.

Евгеньевка селолық округінде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.


2018-01-03 11:50:13

Сондай-ақ оқыңыз