Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Селолық округтер әкімдерінің Ақсу қаласы тұрғындарымен 2017 жылы 3 тоқсандағы есеп беру кездесулерін өткізу барысында түскен азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ақпаратты

«Құркөл ауылында автобус аялдамасын орнату қажеттілігі туралы».

2017 жылғы 21 сәуірде «Байтемір» ЖК-імен Құркөл ауылында автобус аялдамасын орналастырып-жайғастыруға 226,9 мың теңге сомаға шарт жасалды.

«Путь-Ильича ауылын орталық сумен жабдықтау жүйесін өткізу туралы».

Жоба әзірленді және сараптамадан өту үшін жіберілді, сараптаманы алудың болжамды мерзімі – ағымдағы жылғы қазан айы. Болжамды сомасы – 700,0 млн.теңге.

Құрылыстың басталуы – 2018 жыл.

 «Путь-Ильича ауылында Даңқ ескерткішін жөндеу бойынша».

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда М. Омаров атындағы селолық округі Путь-Ильича ауылында Даңқ ескерткішін жөндеу жұмысы толық көлемде аяқталды.

«М.Омаров ауылында Мәдени-бос уақыт орталығын ашу бойынша»

Бүгінгі күні Мәдени-бос уақыт орталығы М. Омаров атындағы селолық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан, жалпы алаңы – 189 шаршы метр, 70 отыратын орын бар. Ауылдық Мәдени-бос уақыт орталығының одан әрі жұмыс істеуі үшін мынадай ұсыныстар енгіземіз:

осы округ әкімі аппаратының ғимараты босаған кезде, ғимараттың бірінші қабатында хореографиялық, грим жасау, костюм ілу кабинеттері қосымша орналастырылатын болады, сонымен қатар фойеде дискотека өткізуге арналған зал болады.

         Қазіргі уақытта селолық округі әкімінің аппараты әкімдікті орналастыру үшін ғимарат сатып алу мәселесін қарастыруда, ағымдағы жылғы қыркүйекте ғимаратты сатып алуға қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Алғабас селолық округіндегі «Қаракөл ауылының көше жарықтандыруы туралы».

2017 жылғы шілде айында Қаракөл ауылы көше жарықтандыруының ағымдағы жөндеуі өткізілді.

«Айнакөл ауылынан «Павлодар-Ақсу» трассасына дейін кіреберіс жолды жөндеу қажеттілігі туралы».

“ЭкспертСтройЭкспо” ЖШС мердігер ұйымымен Айнакөл ауылына ұзындығы 3 км кіреберіс жолдың орташа жөндеуі жүргізілді.

«Айнакөл ауылына кіреберіс жолда көше жарықтандыруын ұйымдастыру туралы».

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда Алғабас селолық округі Айнакөл ауылының кіреберіс жолындағы көше жарықтандыруына ағымдағы жөндеу өткізілді.

Евгеньевка селолық округіндегі «Үштерек ауылында балабақшаны салу бойынша».

Жоба әзірленді және сараптамадан өту үшін жіберілді. Құрылыстың басталуы – 2019 жыл.

Достық селолық округіндегі «Пограничник ауылы су құбырына қайта жаңғырту өткізу туралы».

Жоба әзірленді және сараптамадан өту үшін жіберілді, сараптаманы алудың болжамды мерзімі – ағымдағы жылғы қазан айы. Болжамды сомасы – 375,0 млн.теңге. Құрылыстың басталуы – 2019 жыл.

«Спутник станциясындағы Строителей көшесінің жолын жөндеу бойынша».

«АвтоДор сервис» ЖШС демеушілік көмек көрсетті және шұңқырлық жөндеу жұмыстарын өткізді: жол шұңқырларына қиыршықтас төседі және жолдарды грейдірледі.

«Пограничник ауылында су құбыры желілерін жөндеу бойынша».

Жоба әзірленді және сараптамадан өту үшін жіберілді, сараптаманы алудың болжамды мерзімі – ағымдағы жылғы қазан айы. Болжамды сомасы – 375,0 млн.теңге. Құрылыстың басталуы – 2019 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 29.09


2017-09-29 11:56:43

Сондай-ақ оқыңыз